2.Нағыз ерітінділермен салыстырғанда коллоидты ерітінділердегі диффузия жылдамдығы төмен.
3.Коллоидты ерітінділердің осмостық қысымы аз, кейде оларды байқау да қиын. Демек, коллоидты ерітінділердегі диффузия жылдамдығы мен осмостық қысымының төмен болуы ондағы еріген зат бөлшегінің нағыз ерітіндімен салыстырғанда ірі екендігін көрсетеді.
4. Коллоидты ерітінділер диализге бейім, яғни онымен ерітіндіде бірге еріген төменгі молекулалы заттарды жартылай өткізетін жарғақты пленкалар көмегімен тазартуға болдады. Мұндайда төменгі молекулалы заттар жарғақ арқылы өтеді де коллоидты ерітінділер қалып қояды.
5. Нағыз ерітінділер өте тұрақты, ал коллоидты ерітінділер тұрақсыз. Олай болса, коллоидты бөлшектер болмашы ғана сыртқы әсер салдарынан коагуляцияланады.
6. Коллоидты ерітінділер, әдетте электрофорез құбылысына бейім. Бұл құбылыс электр өрісіндегі коллоидты бөлшекті оң не теріс электродқа тасымалдаумен сипатталады.
3.Золь алу. Зольдерді конденсация әдісімен алу. Реакция теңдеулерін жазып көрсетіңіз. Коллоидты ерітінділерді алудың конденсациялау әдістерінің басым көпшілігі тотығу, тотықсыздану, гидролиз сияқты химиялық реакцияларға негізделген. Бұл реакциялар кезінде ерітінділер еріген заттардың ерімейтін күйге ауысуы нәтижесінде коллоидтыға түрленеді.
Тотығу. Тотығу реакциясы кезінде алынатын заттардың бірі kоллоидты күйдегі бөлшек түрінде түзіледі. 2HS+O=2HO+2S, 2HS+SO=2HO+3S
Тотықсыздану. Бұл реакция кезіндегі металл иондары тотықсызданып, бос атомға айналады да, конденсацияланып немесе өзара бірімен-бірі бірігіп, коллоидты өлшемдегі бөлшекке дейін үлкейеді. Бұған мысал ретінде сутек пероксиді немесе формалин арқылы тотықсыздандырып, алтын золін алуда келтіруге болады.
Гидролиз. Қөптеген металдардың тұздары жеңіл гидролизденіп, металл гидроксиді мен қышқылға ыдырайды. Осындай реакция кезінде пайда болатын металл гидроксидтері нашар еритін болса, онда түрлі коллоидты ерітінді шығады. Мысалы, өте әлсіз негіз бен аса күшті тұз қышқылының түзы — темір (III) хлориді гидролиз реакциясы арқылы нашар еритін темір (III) гидроксидіне және түз қышқылына ыдырайды.
FeCI3+ ЗН2О=Fe(ОН)3+3HCI; Fе(ОН)3-+НС1=ҒеС13 +2H2O