3-деңгей 1.Қатты адсорбенттегі ерітіндіден БАЗ адсорбциясын анықтаңыз,адсорбенттің меншікті беткі қабатын есептеу жолдарын көрсетіңіз. Газдардын қатты денемен жанасу бетінде адсорбциялануы екі компоненттен тұратын ең қарапайым система. Көптеген тәжірибелер көрсетіп отырғандай, адсорбцияланған газдьң мөлшері оны адсорбциялайтын активті беттің ауданы көбейген сайын артады екен. Үлкен мәндегі адсорбция құбылысын жүргізу үшін сіңіретін заттың активті беті (ауданы) үлкен болуы қажет. Адсорбенттің өзіне сіңіру қабілеті, оның тек қуыстығымен ғана анықталып қоймастан, оның физикалық күйімен де сипатталады. Айталық, аморфты күйдегі адсорбент, кристалды күйдегіден гөрі әлдеқайда артық адсорбциялайды, яғни аморфты күйдегі адсорбенттің адсорбциялау қабілеті басым. Қолданылмалы жағдайда қатты адсорбенттер ретінде ағаштан және сүйектен алынатын активтелген көмір, силикагель, оксидін тотықсыздандыру аркылы алынған аса жоғары дисперстелген (ұнтақталған) металдар жиі қолданылады.
2.Коллоидты жүйені алу жолдарын және қасиеттерін түсіндіріңіз,Коллоид күйінің ерекшеліктерін сипаттап беріңіз. Коллоидты ерітінділерді алу үшін екі әдіс қолданылады. Оның бірі дисперстеу әдісі, онда коллоид жасаймыз деген затты коллоид диірменінде, механикалық жолмен үгітеді, одан шыққан бөлшектің диаметрі 10нм дейін болады. Үгіту процесін жылдамдату, әрі толығырақ жүргізу үшін әртүрлі қоспалар қосады. Ондай қоспалар үгітілетін заттың бетінде адсорбцияланып оның беттік керілуін төмендетеді. Осының салдарынан заттың беріктігі төмендеп, оңай ұнтақталады. Екінші әдіс – конденсациялау әдісі, онда жек молекулаларды, атомдарды немесе иондарды керекті мөлшерлі агрегаттарға дейін біріктіреді. Олай жасау үшін белгілі жағдайда түрлі химиялық реакциялар жүргізеді.
Коллоид күйінің ерекшеліктері: 1.Барлық коллоидты ерітінділердің сәуле шашырату қабілеті болады. Бұл құбылысты тәжірибе жүзінде жасау үшін сәуле жолына линза қойып, одан шыққан сәулені коллоидты ерітінді арқылы жіберсе, одан опалесценцияны көруге болады. Мұны Тиндаль конусы дейді.