15.Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы. ДЛФО теориясын түсіндіріңіз. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығына олардын өз дисперстілігін, құрылымын, күйін уақыт бойынша өзгертпей бірқалыпты сақтауы жатады.
Коллоидты ерiтiндiлердiң тұрақтылық теориясын дамытқан Б.В.Дерягин, Л.Д.Ландау, Э.Фервей және Я.Овербек сынды ғалымдар болды. Осы оқымыстылардың фамилияларының бас әрiпiнен, олар дaмытқан көзқарасты ДЛФО теориясы деп атайды. Бұл көзқарас бойынша кез-келген екі бөлшек молекула аралық әсерлесу күштері нәтижесінде тартылыста және тебілісте болады. Коллоидты бөлшектердің бір-біріне тартылу және тебілу күштерінің шамасын олардың ара қашықтықтарын өзгеруіне байланысты есептей отырып, суреттегідей бейнедегі тәуелділік сызығын алады. ДЛФО теориясында коллоидты бөлшектердің өзара белгілі бір ара қашықтықта олардьің арасында тебілу күштері басым болатындығы негізге алынады.
16.Капиллярлық конденсация туралы түсіндіріңіз. Капилляр (жiңiшке түтiкше) конденсациялы сорбциялық процестер деп аталатын құбылыстың негiзгi мәні тек сiңiруде ғана емес, мысалы, активтi көмiрдiң өз бойына газдар мен буларды сiңiретiнi сияқты, жеңiлдетiлген қатты қуыс сорбенттердiң өз бойына конденсациялануымен де ерекше мәнде болады. Капиллярлы конденсация ең әуелi оңай да жеңiл қысылатын (сығылатын) газдарда жиi кездеседi.
Капиллярлық конденсация дегенiмiз қатты дене (сорбент) қуысында бу сияқты заттардың (сорбтивтердiң) конденсациялануы. Конденсация құбылысы температураға, бу серпiмдiлiгiне, капилляр диаметрiне, қатты сорбенттiң беткi қабатынын. өзiне сұйық күйдегi сорбтивтi жұқтыру қабiлетiне байланысты. Ондағы капилляр түтігі жiңiшке болған сайын жане олардың қабырғасы сұйық күйдегi сорбтивтi өзiне жақсы жұқтырғанда да конденсациялану тезiрек жүредi.
17.Қос электрлік қабат. Қос электрлік қабаттың пайда болу себептерін түсіндіріңіз. Қос электірлік қабат – кеңістікте қарама-қарсы таңбалы электр зарядтарымен бөлініп тұрған екі фазааралық бөлу шекарасында түзілетін өте жұқа беттік қабат.
Қос электірлік қабаттың құрылысы мен қасиеттерін зерттеу көптеген электр-химиялық және коллоидтық құбылыстарды толық түрде түсіндіру үшін ғылымының маңызы зор. Қазақстанда мысты, алюминийді электролиз арқылы алу, көмірді және табиғаты әр түрлі кендерді флотация көмегімен байыту, ауыз су және ақаба суларды коллоидтық бөлшектерден тазарту қос электірлік қабат процестеріне негізделген.
Гельмгольц теориясы. Қос электр қабатыньщ шамасын өлшейтін бірінші теорияны 1879 жылы Гельмгольц зерттеп ұсынды. Ол кос электр қабатын сұйық ерітінді ішінде беткі қабаты қарамақарсы зарядталып, бірінен-бірі молекулалық өлшемде (қашықтықта) орналасқан параллель жазық конденсатор ретінде қарастырды (48-сурет). Мұнда жазық конденсатор теориясына орай параллель қабырғаның бірінде пайда болатын потенциал айырымы (ср), екінші қабырға алыстаған сайын түзу сызықты тәуелділікпен кемиді
Пікірлерді қорыта келіп, келесі тұжырымды жасауға болады: қатты беттен алыстаған сайын кері иондардьщ концентрациясы кемиді жэне диффузиялык қабаттын қалындығы көлемдік концентрация квадратына ( кері пропорционалды кемиді; концентрациялары, тен болған жағдайда диффузиялық қабат қалындығына жоғарғы валенттіліктегі ион көбірек эсер етеді.