Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз



бет25/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Äå?ãåé Êîëëîèäòû õèìèÿíû ?ûëûì ðåò³íäå ñèïàòòàï æàçû?ûç

Дисперсиялық әдіс көбік түзгіш зат қосылған ерітіедіде ауа, не газдардың пайда болуы арқылы көпіршік алуға негізделген. Әдетте, бұл әдіс бойынша газдардың біршама мөлшерін ерітіндіге жіберіп, оларды майда көпіршіктерге бөлшектейді.


6.Тұтқырлықты қандай әдіспен анықтауға болады? Тұтқырлыққа температураның және электролиттің әсері қандай? Өзгерістерін көрсетіңіз.
Капилляр арқылы сұйықтықтың ағу әдісі радиусы және ұзындығы белгілі капилляр арқылы сұйықтықтың көлемінің ағып өту уақытына негізделген. Ротациялық вискозиметрлер арқылы анықтау. Тұтқырлықты бұл әдіс бойынша анықтайтын құрылғылар екі коаксиальді цилиндрден тұрады. Цилиндрлер арасындағы сақиналы тесіктерге зерттелетін сұйықтық құйылады. Цилиндрлердің бірін (әдетте ішкіні) айналдырады. Өте аз периодтан кейін цилиндрлердің ортасымен сұйықтықтың ағуының стационарлы режімі орнайды. Тұтқырлықты айналып тұрған цилиндрдің уақыт бірлігіндегі айналу санымен анықтайды. Осындай типтес құрылғылардың конструкциясын, бұрынғы Кеңес одағында М.П.Воларович жасаған.


7.Эмульсияны конденсациялық және дисперсионды әдістермен алу.Мысал келтіріп, талдаңыз.
Оның бірі дисперстеу әдісі, онда коллоид жасаймыз деген затты коллоид диірменінде, механикалық жолмен үгітеді, одан шыққан бөлшектің диаметрі 10нм дейін болады. Үгіту процесін жылдамдату, әрі толығырақ жүргізу үшін әртүрлі қоспалар қосады. Ондай қоспалар үгітілетін заттың бетінде адсорбцияланып оның беттік керілуін төмендетеді. Осының салдарынан заттың беріктігі төмендеп, оңай ұнтақталады. Екінші әдіс – конденсациялау әдісі, онда жек молекулаларды, атомдарды немесе иондарды керекті мөлшерлі агрегаттарға дейін біріктіреді. Олай жасау үшін белгілі жағдайда түрлі химиялық реакциялар жүргізеді.
Мысалы: Құнбағыс майы мен суға гидрофилдi тұрақтандырғыш ас тұзын қосып шайқаса, М/В тeктегі ақ түсті сұйық эмульсия түзiледi. Гидрофилдi ас тұзының орнына гидрофобты кальций хлоридiн қосса, В/М тeктeгi ашық сары түсті, тұтқыр эмульсия пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет