Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Коллоидты ерітінділерді тазалау. Зольдерді диализдеу. Тәжірибе бойынша қандай өзгерістер болды, талдап, реакция теңдеуін жазыңыз



бет27/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
10.Коллоидты ерітінділерді тазалау. Зольдерді диализдеу. Тәжірибе бойынша қандай өзгерістер болды, талдап, реакция теңдеуін жазыңыз.
Коллоидты ерітінділерді (зольдері) дайындағанда қоспада көптеген артық заттар болады.
Мысалы, күміс иодидінің золінде едәуір мөлшерде дисперсиондық орта су К+ және N- -иондары, ал темір гидроксиді золінде дисепрсиондық орта молекулаларымен қатар Н+ және СI-иондары болады. Коллоидты ерітінділерді ертікіштің және бос жүрген иондардың концентрацияларының арасында тепе- теңдік орнайды. Ал, колллоидты бөлшектер молекулалармен иондарға қарағанда, мөлшері үлкен болғандықтан, жартылай өткізгіш мебрана арқылы өтпейді. Еріткішті үнемі жаңалап ауыстыру арқылы коллоидты ерітіндіні бөгде қоспалардан тазартуға болады. Егер диализ процесі электр тоғы әсерімен іске асатын болса, оңда электрдиализ- деп аталады, ал ультрафильтр пайдаланып, қысымды реттеу арқылы диализдейтін болса, ультрадиализ немесе ультрафильтрлеу деп атайды.
Берлин лазуры золін диaлиздеу.
Қоллодийден жасалған «қапшыққа» берлин лазуры золін құяды да, стакандағы суға батырып бекітеді. Бірер уақыттан соң стакандағы судан бірнеше мл алып, оған BaС12ерітіндісін қосады.
3 К4[Ғе(СN)6]+ 4ҒеСl3= Ғе4[Ғе(СN)6]3 +12KCI
11.Аэрозольдердің түзілуі.Түтін алу. Түтін мен тұманның негізгі факторларының айырмашылығын көрсетіңіз.
Аэрозольдер дегеніміз дисперстік фазасы не сұйық, не қатты дене, ал дисперстік ортасы газ, әдетте, ауа болып келетін дисперстік системалар. Бұған тұман, түтін, шаң сияқтылар мысал болады. Аэрозольдерді конденсациялық және диспергациялық тәсілдермен алады. Аэрозольдер коллоидты системалар сияқты жарықты шашыратады және олар Релей теңдеуіне бағынады. Аэрозольдердің қолданбалық орны ерекше мәнді. Аэрозоль күйіндегі инсектицид өсімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайды. Сол сияқты медицина мен парфюмериядағы кейбір дәрі-дәрмектер, препараттар тек аэрозоль күйінде қолданылады.
Тұмша (ағылш. smog, smoke — түтін, fog — тұман) немесе смог — өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұман және шаңнан тұратын аэрозоль.
Тұмандағы сұйық бөлшектер шар тәрізді болады, ал түтін мен шаңдағылар түрлі заттар мен кристалдардың сынықтарынан тұратындықтан, олар аморфты және әр түрлі пішінді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет