Деңгейлеп саралап оқытудың ерекшелігі


Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі24,58 Kb.
#18482
1   2   3   4
Байланысты:
4лекция

Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:

  • Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;

  • Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;

  • Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы;

Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:

  • Деңгейлеп - саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;

  • Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;

  • Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;

Деңгейлеп оқыту ерекшелігі :

1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық ), бағдарламалы, күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.



Сабақта негізінен 4 деңгейлі тапсырмалар берген ұтымды. Деңгейлік тапсырмаларды құрастыруға төмендегідей талаптар қойылады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1.Жаттап алуға лайықталған болуы керек.

2.Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.

3.Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:Өтіп кеткен материялдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.

Ребустар мен сөзжұмбақтар.

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері.

1) Танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жтілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағыда жаңа білімді меңгеріп,өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.

2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін тапсырмалар.

3) Өздігімен мысалдар, тапсырмалар құрастыру және оны өздігінен шешімін табу. Диаграмма, сызбалар салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:

1) Оқушыларың жинаған өмірлік тәжірибесі мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.
2) Олимпиадалық тапсырмалар.

3) Берілген тақырыптарға өз бетінше реферат, баяндамалар, ғылыми жобалар дайындау.

Демек бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Сонымен, олар бірінші деңгей үшін – игерілген материалды пысықтаумен қайталауға, командалар мен операторлар қызметін жаттауға арналған. Жоғары деңгей үшін – алған білімдерін өздігінен қорыту мен жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.

Деңгейлік тапсырсмалардың ауқымы өте кең.

Оқулықтағы жаттығулар – өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі.Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады.Қорытындысына деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады.Қорыта келе, деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді. Тасырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді. . Оны шешуде ақыл – ойы дамиды , ойлануына жан – жақты әсер етеді деп түйіндеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет