Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі объектісі. Ағындық жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді. Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады. Ал әрбір секция бірқатар жұмыс орындарынан құралады. Жұмыс орындарында арнайы жұмыс орындалып, өнімнің жаңа құны пайда болады.Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында ороындалатын жеке өндірістікк үрдістердің өзара байланысты бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарай бөліну жүйесін анықтайды.
1.3.Өндірістік құрылымның түрлері
Кәсіпорындардың өндірістік құрылымының үш түрі бар. Олар заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық) болып келеді.
Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, не болмаса оның бөлігін (түйінін, агрегатын) немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Мысалы: автомобиль зауыттары, аяқ-киім өндірісі.Заттық құрылымның артықшылықтары өте көп. Ол цехтар арасындағы өндірістік өзара байланыстарды жеңілдетеді және шектейді, бөліктердің қозғалу жолын қысқартады, цехаралық және цехтық тасымалдау шығындарын азайтады және жұмыстың сапасын арттыруда жұмыскерлердің жауапкершілігін арттырады.Заттық құрылым құрал-жабдықтарды технологиялық үрдістің орындалуына қарай орналастыруды, өнімділігі жоғары станоктар, құрал-саймандарды мен техникаларды қолдануды қамтамасыз етеді. Мұның бәрі өнімінң көлемін арттыруға, еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға көмектеседі.
Технологиялық құрылым өндірістің технологиялық даралығын анықтайды. Мысалы: құю, ұстау, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға болады.
Өндірістік құрылымның мұндай түрі цехты басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің бір номенклатурасын өндіруден екіншісіне өту кезінде өндірісті қайта құруда жеңілдік туғызады. Ал оның кемшіліктеріне бұйымның қозғалуыда қарсы маршруттарының пайда болуы, цехтардың өзара өндірстік байланыстарының қиырдауы, құрал-жабдықтарды қайта орналастыруда уақыт шығынрдарының едәуір көп жұмсалуы жатады. Мұның бәрі еңбек өнімділігінің артуына және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға кедергі жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |