Дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді


Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі



бет7/18
Дата06.12.2022
өлшемі57,32 Kb.
#55164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Курсовая 1

Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі, яғни өндірістің ірі кәсіпорындарға айналуы ғылыми-техникалық прогрестің жедел жамуымен, машина қуаттарының өнімділігінің өсуінің, басқару техникасының жетілдіруімен, сонымен қатар өндірілетін өнім көлемінің өсуімен тығыз байланыста болады.
Өндірістің шоғырлану деңгейін негізгі екі көрсеткішпен анықтауға болады:
А) кәсіпорынның шамасымен;
Б) ірі кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіптегі алатын үлес салмағымен.
Ірі кәсіпорындардың саладағы немесе бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағын анықтау үшін статистика бойынша белгілі бір интервалдарды белгілей отырып, топтау әдісін пайдаланады.
Шоғырлану деңгейін бағалағанда өнеккәсіпте өндіріс ішіндегі және сыртқы факторлардың әсері есепке алынады. Өндіріс ішіндегі факторлары ресурстарды максималды пайдаланып, өнімнің ұтымды көлемін шығарумен тығыз байланысты. Сыртқы факторларға көлікпен тасымалдау, шикізат базасының көлемі, ресурстары, табиғи жағдайы және т.б.
Тік шоғырлану - бұл кәсіпорында шикізат өндірумен өнімді өткізуге дейінгі өндіріс сатылары кешенінің шоғырлануы. Тік шоғырлану - өндірістің шоғырлануының дайындау сатыларының бірі.
Көлденең шоғырлану – өзара технолоигялық байланыспаған өндірістерді білдіретін әр түрлі салалардың фирмалары мен кәсіпорындарының бір басқару мен бақылауға шоғырлануы.
Капиталдың шоғырлануы - капиталдық жинақталу есебінен өсу үрдісі, яғни қосымша құнның бір бөлігінің капиталға айналуы.
Өндірістің шоғырлануы - өндірістің ірі және өте ірі фирмалар мен компаниялар аумағында көптеп шоғырландыру үрдісі.
Басқарудың шоғырлануы – белгілі бір объектіге қатысты жүзеге асырылатын басқару функцияларының жинақталуы. Бұл өндірісті басқару жүйесінің құрылымының ұйымдастыру сипаттамаларының бірі. Деңгейі тігінен басқару функцияларының бөлінуіне байланысты басқарудың орталықтануынан өзгеше басқарудың шоғырлануы басқару функцияларының басқарушы буындары арасында көлденең бөлінуімен анықталады.
Мамандандыру – кәсіпорынның негізгі қызметінің белгілі бір өнімінің, тауардың және қызметтің түріне байланысты мамандануын айтады.
Маманданудың үш нысаны бар:
А) заттық;
Б) бөліктік;
В) технолоигялық (сапалық)№
Кооперациялау деп белгілі бір өнім түрін бірігіп дайындайтын фирмалар арасындағы ұйымдық, өндірістік және басқа да байланыстар жиынтығын айтады.
Фирманың өндірістік ресурстарын және мамандарын тиімді пайдалануда, қоғамдық еңбек шығындарын өндіріс және айналым аясында қысқарта отырып жүргізуде кооперациялаудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет