Дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді



бет5/18
Дата06.12.2022
өлшемі57,32 Kb.
#55164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Аралас (заттық-технологиялық) құрылым бір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп ұйымдастырлуын сипаттайды. Мысалы, машина жасау кәсіпорындарындағы жалпы өндірістің дайындау цехтары (құю,ұсталық,пресстік цехтары) технологиялық қағидамен, ал механикалық-құрастыру цехтары заттық қағида бойынша, орналастырылады. Мұндай кәсіпорын түрлері тек машина жасау ғана емес, жеңіл өнеркәсіп (аяқ-киім, тігін және жиһаз жасау) өндірісінде қолданылады. Өндірсті осылай ұйымдастырудың артықшылықтарына цехаралық тасымалдау жұмыстарының көлемінің азаюы, өнім өндірудің өндірстік цикіліның ұзақтығының қысқаруы, еңбек жағдайының жақсаруы, құрал-жабдықты жүктеудің жоғары деңгейі, еңбек өнімділігінің өсуі, бұйымрың толық өзіндік құнының азаюы жатады. Өндірісті ұйымдастыру түрі дегеніміз - өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Өндірісті ұйымдастырудың түріне көптеген факторлар әсер етеді:Мамандандыру деңгейі
өндіріс көлемі;
шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігі және төзімділігі т.б.


1.4.Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары

Кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудың бірлік (жеке), сериялық және жаппай болып үш түрге бөлінеді.Өндірістің негізгі үш түрі болады:


жеке-дара өндіріс;
сериялық өндіріс;
жаппай өндіріс
Жеке-дара өндіріс – алуан түрлі және тұрақты емес, номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі трубиналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т.б. Сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.
Ерекшеліктері:
әр түрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;
жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;
әмбебап құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану;
қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;
жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;
өндіріс циклының ұзақтығы;
аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.
Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет