Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы



бет2/6
Дата06.12.2022
өлшемі428,68 Kb.
#55127
1   2   3   4   5   6

Белоктың қажет мөлшері


Баланың жасы

Белоктың тәуліктік мөлшері, г/кг

2-3 айдан бір жасқа дейін

4,0-5,0

2-3 жас

3,5-4,0

12-15 жас

2,5-3,5

15-17 жас

2,0-3,0

17-21жас

1,5-2,0

21-50 жас

1,0-1,3

Жаңа туған нәресте үшін ана сүтінің маңызы зор. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минералды заттар, витаминдер және т.б. бала ағзасына қажет заттар бар.

Май мен көмірсудың алмасуы

  • Май мен көмірсудың құрамында үш химиялық элемент бар: көміртегі, оттегі, сутегі.Бұл екеуінің құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орнына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсудан май оңай түзіледі.
  • Денедегі майдың мөлшері орта есеппен 10-20%, ал көмірсудің мөлшері 1% шамасында. Май қуат қоры болып табылады. 1 г май денеде тотыққанда 39кДж, ал 1 г көмірсу мен белоктар тотыққанда 17 кДж шамасында қуат бөлінеді. Дені сау ересек адамның тамағында 30%-дай май болуы тиіс. Демек күніне 80-100 г май жейді. Тамақ құрамында жануар және өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы 2:1 болу керек. Организмде май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырап, лимфаға сіңгеннен кейін май ұлпалары мен жасушаларда жиналады.
  • Көмірсулар ағзада моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза және т.б.) ыдырап қанға сіңеді. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1%. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық етерге тасылады да, гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны глюкозурия деп атайды. Бұл ауру инсулин гормоны жетіспегенде байқалады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет