3. Иммуносупрессивті дəрі-дəрмектер - буындық аурудың ауыр емес түрінде аминохинолиндік өнімдер: хингамин* (хлорохин) 4 мг/кг/тəу. (тəулігіне 250 мг-нен артық емес) - тəулігіне 1 рет (түнге); гидроксихлорохин (плаквенил) 8 мг./кг/тəу. дозада (бірақ тəулігіне 400 мг-нан артық емес) - тəулігіне 1 рет (түнге), 6-8 айдан кем емес курсымен. Аурудың ауыр ағымында, буындық-висцеральдық түрінде иммунды супрессивті ем тағайындалады - метотрексат* таңдалатын дəрі-дəрмек - аптасына 2,5-5-7,5-10-15 мг, дене жабындысына байланысты; азатиоприн* 1,5-2,0 мг/кг/тəу. 1-2 рет қабылдауға, циклоспорин А* 2,5-4 мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, венаішілік адам иммуноглобулині - 0,4-0,5 г/кг курсқа (күнара үш мəрте енгізу), циклофосфамид* 1,0-2,5 мг/кг/тəулігіне.
4. Буындық-висцеральдық түрінің өте жоғары белсенділігінде, аллергосептикалық түрінде қарқынды емдеу əдістеріне жүгінеді: экстракорпоралды емдеу əдістері - гемосорбция, плазмоферез, пульс-терапия - метилпреднизолон* бір рет 20- 30 мг/кг есебінен (1000 мг), циклофосфамид* - тəулігіне 1 рет 1,0 гр венаға, 3 күн бойы.
ЖҮЙЕЛІ СКЛЕРОДЕРМИЯ
терінің,ішкі ағзалардың фиброздық-склероздық өзгерістерімен және жайылма Рейно синдромы тәрізді облитерациялаушы эндоартерииттің дамуымен сипатталатын,дәнекер тіннің және ұсақ тамырлардың жүйелі ауруы.
Этиологиясы.
Даму себебі вирустардан және ген кемістіктерінен.Сонымен қатар аурудың дамуына және өршуіне ықпал ететін факторлар:суықтау,вибрация,жарақат,стресс.Негізінде бұл сирек кездесетін ауру.Көбіне 30-50 жас шамасында дамиды және ерлерге қарағанда әйелдерде 8-10 есе жиі кездеседі.