Жүйелі қызыл жегінің интенсивті терапиясының негізгі әдісі — метилпреднизолонмен немесе преднизолонмен 500-1000 мг тәуліктік дозада жүргізілетін глюкокортикоидтық пульс-терапия. Пулъс-терапияның классикалық түрінде метилпреднизолон (1000 мг үш күн қатарынан) салынады. Сонымен қатар пульс-терапияның өзге әдістері де қолданылуда, мөселен, метилпреднизолонды жыл бойы айына бір рет 1000 мг бір өзін немесе циклофосфанмен бірге (1000 мг).
Ревматоидты артрит
Ювенилді ревматоидты артрит – бұл, көбінесе эрозивті-деструктивті полиартрит түрі бойынша буындардың перифиялық (синовиалды) үдемелі зақымдануымен жəне бірқатар науқастарда буынның сыртқы айқын көріністерімен үйлесетін клиникалық тұрғыдан көрінетін дəнекер тіннің жүйелік ауруы.
Диагностика критерийлері
Физикалық тексеру:
- 3 жəне одан да көп айға созылған артрит;
- 3 айдан жəне одан да кейінірек уақытта пайда болған екінші буынның артриті;
- ұсақ буынның зақымдалу симметриялығы;
- контрактура;
- тендосиновит немесе бурсит;
- бұлшықеттің семуі (атрофия);
- таңертеңгілік қозғала алмаушылық;
- көздің ревматоидты зақымдалуы;
- ревматоидты түйіндер;
- буын қуысындағы жалқық.
Лабораторлық зерттеулер:
Лабораторлық зерттеулер:
- оң ревматоидты фактор;
- синовиалды қабық биопсиясының оң көрсеткіштері;
- классикалық ЮРА кезіндегі жалпы оң белгілер саны - 8, ЮРА анықталған - 4 белгі, болжамды ЮРА - 3 белгі.
Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық белгілер:
- остеопороз, эпифиздің сүйектік құрылымның ұсақ кистозды (жылауық) қайта құрылуы;