Туғаннан кейінгі остеогенез – дамып жетіліп қалыптасқан сақа жануарлар қаңқа сүйектерінің сынғаннан кейін немесе жарылғаннан соң, сүйекқап остеобласттарының қатсуымен қалпына келу процесі.
Дәнекер ұлпалары бойынша бақылау сұрақтары:
Дәнекер ұлпаларының жалпы сипаттамасын беріп, олардың шығу тегін еске түсіріңіз;
Қанның құрылысы. Қан торшаларының құрылысы мен қызметтері. Лимфаның құрылысы.
Қан түзілу процесінің түрлері. Эмбриондық және туғаннан кейінгі қан түзілу.
Дәнекер ұлпаларының жіктелуі.
Борпылдақ дәнекер ұлпасының құрылысы, денедегі кездесесетін орындары, торшалар құрамы мен торшааралық заты, олардың қызметі.
Тығыз дәнекер ұлпасының түрлері, олардың құрылысы, денедегі кездесетін орындары, қызметі.
Өзіндік дәнекер ұлпалары: ретикулалы, май, пигментті ұлпалар, олардың құрылысы ерекшелеліктері, организмдегі кездесетін орныдары мен маңызы.
Шеміршек ұлпалары, олардың құрылысы, жануарлар организмдеріндегі орындары мен атқаратын қызметтері.
Сүйек ұлпасының түрлері, құрылысы, олардың организмдегі орындары мен маңызы. Остеогенез, олардың түрлері.
Ет ұлпалары
Ет ұлпалары жануарлар организмдерінің қоршаған ортадағы қимыл-қозғалысын сондай-ақ, дене мүшелері мен мүшелер жүйелерінің ерікті (қаңқа бұлшық еттері) және еріксіз (ішкі мүшелері мен тамырлар қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттар) салыстырмалы қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Ет ұлпаларының жиырылу ширығу, босаңсу сияқты қызметтері жүйке ұлпасының қызметімен тікелей байланыста жүреді және жүйке ұлпасының басшылығымен іс жүзіне асады. Ет ұлпалары өкілдерінің ортақ белгілері – олардың ұқсас эмбриондық торшалар – миобласттардан дамуы және ет торшалары (миоциттер) мен ет талшықтарында (симпласт) жиырылу процесін қамтамасыз ететін арнайы органелалар – миофибриллалардың (белокты жіпшелер) болуы. Жиырылу – қуатты (энергияны) көп мөлшерде қажет ететін процесс.
Құрылысына, қызметіне, шығу тегіне және орналасу орнына байланысты ет ұлпалары: бірыңғай салалы жолақсыз, көлденең жолақты және арнайы жиырылған ет ұлпалары болып бөлінеді.
Бірыңғай салалы жолақсыз ет ұлпасын пішіні ұршық тәріздес ұзынша келген ет торшалары – миоциттер құрайды. Бірыңғай салалы жолақсыз ет ұлпасы еріксіз жиырылады. Аталмыш ұлпа ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының, без өзектерінің, көкбауырдың, терінің, еріксіз жиырылатын етті қабықтары мен қабаттарын түзеді. Ұлпа миоциттерінің мөлшері мүшелердің құрылысы мен физиологиялық жағдайларына байланысты, ұзындығы – 20 мкм-ден 500 мкм-ге, ені – 6 мкм-ден 20 мкм-ге дейін өзгеріп отырады. Олардың ұзынша келген ядролары торшалардың ортаңғы жуандау келген тұсында, ал органеллалары мен гликоген түйіршіктері ядро маңындағы цитоплазмада орналасады. Миоциттер сыртынан екі қабат қабықшамен: сыртқы негіздік жарғақпен және ішкі миоцит плазмолеммасымен қапталған. Бұлардың аралығында ені 15-20 нм кеңістік қалады. Миоциттер бір-бірімен тым жіңішке коллаген және эластин талшықтары аралықтарымен өзара байланысып жатады. Бұл аралықтар эндомизий деп аталады.
Көлденең жолақты ет ұлпасы – қаңқа бұлшық ет ұлпасы және жүрек-ет ұлпасы болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |