Денсаулық сақтау технологиялары мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде


Б.Қ. Тұрып, қол төменде. Саусақты алға созу, оған қарау. Саусақтан көзді алмай мұрын ұшына тигізу, екеу болып көрінгенше қарау. 5



бет18/27
Дата25.11.2023
өлшемі195,35 Kb.
#127931
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
4. Б.Қ. Тұрып, қол төменде. Саусақты алға созу, оған қарау. Саусақтан көзді алмай мұрын ұшына тигізу, екеу болып көрінгенше қарау. 5. Б.Қ. (сол) Үш саусақпен қабақты жабу, 1 минуттай айналдырып уқалау. Жаттығу көздің бұлшық еттерін босаңсытып, қан айналымын жақсартады. 6. Б.Қ. (сол) Үш саусақпен қабақты басу, 1-2 секунттен кейін алу. 3-4 рет. Көру қабілетінің бұзылуының алдын-алу үшін түзету жаттығулары
Алдын-ала ескертулер:
∙ Жаттығуды жасағанда балаларға еркін қимыл жасауға мүмкіндік беру, қиялы, шығармашылығы дамуы үшін бала қысылмауы керек. ∙ Барлық немесе жарты топ балалармен өткізу
∙ Бұл жаттығулар баланың жас шамалық ерекшелігіне байланысты емес.
Балалардың дене шынықтыру тәрбиесінде резинкамен ойын түрлері(Павлодар қаласының №10 балабақшасының тәжіриебесінен)

44
4-7 жастағы балаларға арналған резинкелермен ойын жаттығулары.


∙ «Жыланша өтеміз»
∙ «Әткеншек»
∙ «Арқанмен жүрушілер»
∙ «Карусельдер»
∙ «Тырна мен бақалар»
∙ «Сақина»
∙ «Сорғыш»
∙ «Допты жібер»
2. Заманауи денсаулық сақтау технологиялары арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың қимыл әрекетін дамыту бойынша эксперименттік-тәжірибелік жұмыс
2.1 Экспериментті ұйымдастыру және балалардың қимыл әрекетінің даму деңгейін зерттеу үшін қолданылған ұйымдастыру әдістемелік құралдарын сипаттау
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Павлодар қаласындағы №10 балабақшада 2012-2014 жылдар аралығында шартты түрде 14 адамнан құралатын екі топқа бөлінген 5–6 жасар балалармен өткізілді. Зерттеуге жоғарғы топтағы 28 бала қатысты.
Констатациялау кезеңінде мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс белсенділігінің дамуын зерттеу жұмысы жүргізілді. Қалыптастыру кезеңінде мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс белсенділігін дамытуға бағытталған педагогикалық жұмыстың мазмұны таңдалды.
Бақылау кезеңінде педагогикалық жұмыстың тиіміділігі бағаланды. Алдыңғы тарауда мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс белсенділігінің рөлі мен сипаттамасы қарастырылды. Әзірленген қозғалыс тәртіптемесі мен балалардың қозғалыс белсенділігін басқару әдістерінің тиімділігін тексеру үшін педагогикалық эксперимент жасалды. Мақсаты: 5–6 жастағы балалардың қозғалыс белсенділігінің даму деңгейін анықтау.

45
Эксперименттік жұмысты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:


1) Балалардың қозғалыс белсенділігін зерттеу үшін диагностиканы іріктеу;
2) Таңдалған әдістеме бойынша балалардың қозғалыс белсенділігінің диагностикасын жүргізу;
3) Алынған нәтижелерді талдау.
Қозғалыс белсенділігін бағалау көрсеткіштер кешені негізінде жүргізіледі:
a) жеке хронометраж әдісінің көмегімен анықталатын балалардың қозғалыс белсенділігі уақыты;
b) қадам өлшеу әдісін пайдаланып, қозғалыс белсенділігінің көлемін анықтау (қимылдардың – локомоциялар саны);
c) қозғалыс белсенділігінің қарқындылығы – бұл бір минутта жасалатын қимылдардың саны. Ол қозғалыс белсенділігінің көлемін (қимылдар санын) оның ұзақтығына (минуттарға) бөлу жолымен есептеледі.
Өткізу жағдайлары: күндізгі уақыттаға қалыпты жағдайда (8.00-ден 17.00-ге дейін).
Қозғалыс белсенділігінің сандық өлшемі қозғалыс белсенділігінің көлемін өлшеуге мүмкіндік беретін қадам өлшеу әдісін пайдаланып жүргізілді (әдістеменің сипаттамасын 1-қосымшадан қараңыз). Арнайы қалташаға салынып, сәбидің бүйіріндегі жалпақ белдікке бекітілген «Заря»қадам өлшеуішінің көмегімен баланың күні бойы жасаған қадамдарының саны анықталды. Қадам өлшеуіш жекелеген бұлшықет топтарының (иық белдеуінің, қолдардың, аяқтардың) қозғалыстарын тіркемей, ірі бұлшықет топтарының көпшілігі (жүріс және жүгіріс кезіндегі қадамдар, жүрелеп отыру, секіру, еңкею және т.с.с.) қатысатын негізгі қимылдарды белгілеуге мүмкіндік береді.
Балалардың күні бойғы қозғалыс белсенділігінің ұзақтығын өлшеу секунд өлшеуіштің көмегімен саналды. Қозғалыс белсенділігінің қарқындылығы қимылдар санын оның минуттардағы ұзақтығына бөлу жолымен анықталды (2-қосымша).
Қозғалыс белсенділігін сапалық зерттеу педагогикалық байқау (аңдау) көмегімен жүзеге асырылды. Күнделікке дене тәрбиесі үдерісіндегі белсенділік; оқу уақытында орындалатын дене белсенділігі; бос уақыттағы спонтандық дене белсенділігі тіркелді (3-қосымша). Әр сәбидің қылығы қозғалыс белсенділігінің көрсеткіштерімен салыстыра талданды. Ширақтық дәрежесіне қарай балаларды үш негізгі топшаларға бөлдік (жоғары, орташа және төмен қозғалымдылық).
1-ші топша (Жоғары қозғалымдылық). Өте ширақ, бірақ ерекше ептілігі және қимыл үйлесімі жоқ, дене жаттығуларын орындау кезінде жиі шатасады. Қызба, берекесіз, қозғыш. Қимыл тапсырмаларын баяу орындай алмайды және кейде соңына дейін жеткізбей, шала орындайды, берекесіз қимылдарды көп жасайды (теңселу, жүрелеу, секіру және т.с.с.). Зейін

46


тапшылығы синдромы оларға жинақталуға, ересек адамның түсіндіруерін тыңдауға және әр түрлі қозғалыс түрлерінің элементтерін бірінен соң бірін орындауға кедергі жасайды.
2-ші топша (Орташа қозғалымдылық). Дененің даму сапасының деңгейі жақсы. Оларға ойындарға және өздерінің қалауынша кезектестіріп орындайтын қарқындылық дәрежесі әр түрлі жаттығуларға бай өз бетінше қозғалу белсенділігі тән. Олар сабырлы мінезімен, жақсы эмоционалдық тонусымен ерекшеленеді. Бұл балалар белсенді, ширақ, шығармашылық қабілеттері бар, көшбасшы болуға ұмтылады. Тіпті қиын тапсырмаларды орындаған кезде де тәрбиешіден көмек сұрамайды, кедергілерді өз бетінше жеңуге тырысады. Бірақ мұндай балалардың қолынан тапсырманы үнемі дұрыс және сапалы орындау келе бермейді, оларда қимылдар тәсілін жеткілікті меңгермеу байқалады.
3-ші топша (Төмен қозғалымдылық). Бұл балаларға тұрақты құрамбөлігі басым бір сарынды аз қимылды әрекет тән. Олар жиі өз мүмкіндіктеріне сенбейді, қиын тапсырмаларды орындаудан бас тартады. Қиыншылықтар туындаған жағдайда тәрбиеші тарапынан көмек күтіп отыра береді, селқос, өкпелегіш.
Жүргізілген диагностикадан кейін мынадай нәтижелер алынды: Эксперименттік топтағы локомоциялар көлемінің орташа көрсеткіші 13244 қадам, бақылау тобында – 14533 қадам құрады, бұл эксперименттік топпен салыстырғанда 1289 қадамға артық;
қозғалыс белсенділігі ұзақтығының орташа көрсеткіші эксперименттік және бақылау топтарында 210 минут құрады;
минуттық қозғалыс қарқындылығының орташа көрсеткіші эксперименттік топта 63 қадам, бақылау тобында – 69 қадам құрады, бұл эксперименттік топқа қарағанда 3 қадамға артық.
Констатациялық эксперимент барысында қозғалыс белсенділігі деңгейі жоғары балаларға (Аяжан, Арнұр, Санжар, Гүлназ) мақсатсыз жүгіріс саны көп бір сарынды әрекет тән болатындығы анықталды бұл балаларда қарқындылық дәрежесі жоғары ойындар мен жаттығулар басым (бірін-бірі қуалау, екпінмен секіру, футбол). Мұндай балалар қимылдарды баяу орындай алмайтындығымен және әрекеттің жайбарақат түрлерімен айналысуға құштарсыздығымен ерекшеленеді. Бұл балаларға артық ширақтық, мазасыздық, озбырлық тән.
Мысалы, Санжар күніне бірнеше рет дене шынықтыру бұрышына өз бетінше, тәрбиешілердің бастамасынсыз барады. Спорттық құралдарды оларды қалай пайдалану туралы еш түсінігі болмаса да, құлшына (доптар, кегльдер) алады. Бұл заттарды орынсыз, бей-берекет пайдаланады (кегльдермен ұрғылайды, допты себетке салып алып жүреді, секіргішті сермейді және т.с.с.). Ұсақ заттарға қызығушылығы тез жоғалады. Заттарды 47
өз бетінше орнына қоймайды, тек тәрбиешінің өтінішімен ғана орындайды. Жиі жүгіріп жүреді, тепкішектерге шығып-түскенді ұнатады. Тәрбиеші дене шынықтыру сабақтарында үйреткен жаттығыларды қайталауға талаптанады. Бұдан да тез жалығып кетеді. Қозғалыс белсенділігі мағынасыз дауыс шығарулармен орындалады.
Қозғалыс белсенділігі төмен балаларға да (Алмаз, Айша, Диар) қозғалыссыз қалыппен жиі үзілетін бір сарынды әрекет тән. Бұл балаларда қарқындылық дәрежесі төмен ойындар мен дене жаттығулары басым – сюжеттік-рөлдік ойындар, уақыттарының көбі ұсақ заттармен, құммен ойнаумен өтеді. Бұл балалап ұжымдық ойындарға қызықпайды, жалғыз немесе екеулеп ойнағанды ұнатады. Мұндай балалар ойын таңдауды жиі қиналып, құрдастарының ойындарын жиі бақылап тұрды. Оларда сюжеттік рөлдік ойындарға тұрақты қызығушылық білдірді, бұл ойындардың сюжеттері бір сарынды және әрекеттердің барлығы орындықта отырып жасалды (қуыршақ тербету, түскі ас дайындау және т.с.с). Оларға жасқаншақтық, ұялшақтық, тұйықтық, жылаңқылық, өкпешілдік тән.
Мысалы, Айша өз бетінше спорт бұрышына мүлдем жақындамайды, тек тәрбиешілер ұсынса ғана барады. Көбінесе басқа балалардың әрекеттерін бақылап отырады. Топта жүгірмейді, ертеңгілік жаттығуды елемейді. Ересектердің айтқан нұсқауларын қабылдайды, бірақ үнемі дұрыс орындай алмайды, өз әрекеттерін өзі түсіндірмейді. Ұсақ заттармен айналысқанды ұнатады, көбінесе заттарды жай сұрыптап отырады. Бәрін тәрбиешілердің өтінуімен немесе басқа балалардың әрекеттеріне еліктеп, орын-орнына қояды.
Қозғалыс белсенділігі деңгейі орташа балаларға ойындарға және қалауынша кезектестіріп орындайтын спорттық жаттығуларға бай алуан түрлі әрекет тән. Олар әр түрлі дене шынықтыру құралдарын кеңінен пайдаланады, өздеріне жақсы таныс жаттығуларды сенімді орындайды. Мұндай балалар қозғалыстық тапсырмаларды орындау үшін өз беттерінше жиі бірігеді: біріне бірі доп лақтырысады және т.с.с. Балалардың мінезі сабырлы, көңіл-күйлері жақсы, ұйқылары тыныш, тәбеттері жақсы.
Мысалы, Ғазиза күніне бір рет спорт бұрышында шұғылданады. Топта аз жүгіреді. Өзі ұзақ жалғыз ойнайды. Ұсақ құралдармен жұмысты өз бетінше орындап, тапқырлық көрсетеді. Өз әрекеттерін түсіндіріп, тәрбиешіге еліктейді («допты алып, былай жасау керек»). Жалпы дамытатын жаттығулар тез ойынға айналады (кезектілікті соңына дейін орынамайды, дұрыс орындауға қызығушылық танытпайды). Тепкішекте отырып шұғылданған кезде қосымша құралдарды пайдаланады (Секіргішті турниктен асырады; турникте отырып резеңке тағылған доппен ойнайды). Ойынға басқа балаларды тартуға тырысады («кәнеки, былай жасайық»). Шұғылданып болған соң барлық заттарды орындарына қояды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, эксперименттік топта қозғалыс белсенділігінің жоғары деңгейі балалардың 28%-да, қозғалыс белсенділігінің
48
орташа деңгейі балалардың 28%-да, ал төмен деңгейі 43%-да болды. Бақылау тобында қозғалыс белсенділігінің жоғары деңгейі балалардың 28%-да, орташа деңгейі балалардың 57%-да және төмен деңгейі – 14% -да байқалды.
Сонымен, зерттеу сәтінде бақылау тобында қозғалыс белсенділігінің орташа деңгейі, ал эксперименттік топта – төмен деңгейі басым болды. Бұл ширақтығы әр түрлі балалардың қозғалыс белсенділігін реттеуге бағытталған жұмысқа негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет