Дерге ескерткіш орнатуымыз керек



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата18.03.2017
өлшемі10,74 Mb.
#10004
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

То

То

қт

т

ар

ар

К

К

ЕН

ЕН

ЖЕ

ЖЕ

ҒА

А

ЛИЕВ

Л.Н.Гумилев 

ат

ат

ын

ын

да

да

ғы

ғы

Е

Е

ур

ур

аз

аз

ия

ия

ұ

ұ

лт

лт

ты

ты

қ 

қ

университетінд

нд

ег

ег

і 

і

«К

«Кәу

әу

са

са

р»

р»

тан

аным

ым

ды

ды

қ

қ 

бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның 

Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 

КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, 

композитор Еркеғали Рахмадиевтің 

қа

қа

ты

ты

су

су

ым

ым

ен

ен

 «Өн

Өн

ер

е

 асқарында» атты кон

це

це

рт

рт

 

өт

өт

ті

ті

.

ОҚИҒА


№21(932) 

12.02.2013 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДОДА


ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ

Ақ Олимпиада арманын 

12 жылға ұзарттық

ҚЫЗДАРДЫҢ 

ҚЫНЖЫЛТАРЫН СЕЗІП ЕДІК...

Әйелдер арасындағы Қазақстан құра-

масы Германияда жалғыз жолдамаға та-

лас қан «D» тобында сынға түскен болатын. 

Алғашқы ойында Чехия құрамасынан 1:5 

есебімен ұтылып қалды. Біздің құраманың 

сапынан жалғыз голды Татьяна Королева 

соқты. Ал қақпаны Дарья Обыденова қор-

ғады. Ол біздің қақпаға қарша бораған 45 

соққының 40-ын тойтарды.  

Содан соң Александр Мальцев жат-

тық тыратын қыздарымыз Қытай құрама-

сына 1:2 есебімен есе жіберіп алды. 

Қыс қы Азия ойындарында Қытай қызда-

рына дес бермей жүруші едік. Қазір 

олардың да деңгейлері бізден асып бара 

жатқандай... 

Бұл ойында қазақстандықтар қақпаға 

соққы бағыттаудан қарсыластарынан 

асып түссе де (23:20), бір шайба айыр ма-

сымен ұтылып қалды. Жалғыз голды Га-

лина Шу енгізді.

Соңғы ойында азуын айға білеген не-

міс қыздарымен кездесіп, 0:5 есебімен 

ой сырай ұтылды. Неміс қыздары Обыде-

но ва ның қақпасын 50 рет нысанаға алса, 

қазақстандықтар бар болғаны 10 соққы-

мен жауап берген.

Сөйтіп, Қазақстан құрамасы үш ойында 

да жеңіліске ұшырап, соңғы орынды сая-

лады. Ал бұл топтағы жалғыз жолдаманы 

Германия құрамасы аса қиналмай жеңіп 

алды. Олар Чехияны да, Қытайды да 3:1 

есе бімен ұтқан болатын.

Словакияда сынға түскен «С» тобын да-

ғы командалардың деңгейлері бір-бірімен 

шамалас болып шықты. Бұл топта Герма-

нияның қарымды қыздары сияқты үстем-

дік танытқан еш құрама болған жоқ. Төрт 

елдің қыздары бір-бірінің жолын кесіп, 

ақы ры бірінші орынға жеті ұпаймен Жапо-

ния қыздары ие болды.

Иә, Азия ойындарында Қазақстан құ-

ра масынан аса алмай жүрген жапон ару-

лары Сочиге баратын болды. Бақтары жа-

нып, жеңілдеу топқа түскен де болар, бі-

рақ кейінгі жылдары деңгейлері де ариф-

метикалық прогрессиямен өсіп бара жат-

қандай...

ЖІГІТТЕР ЖАСЫТТЫ! 

Бұл жолы ерлер арасындағы ұлттық 

құ рамамызға айрықша сенім артып едік. 

Өйткені біздің құраманың деңгейі шыны-

мен-ақ жоғары еді. Соңғы жылдары осын-

дай азулы құрама жасақтап көрмеген дік-

тен, бұл жолы жігіттерімізге кәміл сенген-

біз. Алайда олар да сенім үдесінен шыға 

алмады.

Негізі, бәрі де жақсы басталып еді. Бі-



рін ші ойында соңғы жылдары есеміз кетіп 

жүрген Франция құрамасын 3:2 есебімен 

жеңген. Бірақ екінші ойында сүрінді. Өзде-

рімен деңгейлес Латвия құрамасынан 2:3 

есебімен ұтылып, жігерімізді құм қылды. 

Ойын басталған бетте латыштар құ-

йын дай орап соғып, біздің құраманы қыс-

паққа алды. Қарқындарын үдетіп, қауіп 

бұл 

тын төндіре түсті. Өкінішке қарай, 



осын дай қысылтаяң сәттерде тәжірибелі 

қақ пашымыз В.Колесник жаза басып, біл-

генінен жаңылды. 39 секундтың ішінде өз 

қақпасынан екі рет шайба қармап, салы 

суға кетті. Әрине, бұл голдардың соғы-

луы на жалғыз Колесник емес, қорғау шы-

лар мен шабуылшылар да кінәлі. Десек те, 

тәжірибелі қақпашының латыштардың ал-

ғашқы қарқынана төтеп бере алмауы, 

бәріміздің өзегімізді өртеді. 



Еуропаның бес 

қаласында, төрт 

мемлекетінде шайбалы 

хоккейден ХХІІ қысқы 

Олимпиаданың 

жолдамалары сарапқа 

салынып, келесі жылы 

Сочиде бақ сынайтын 

құрамалар сапы толық 

анықталды. Өкінішке 

қарай, ерлер арасында 

да, әйелдер арасында да 

Қазақстан хоккейшілері Ақ 

Олимпиада лицензиясына 

қол жеткізе алмады.

Бас бапкері бекітілмеген клуб Түркияға әзер ұшты

ШАҢҒЫ ҚОССАЙЫСЫ

Алматыда әлем кубогы өтті

Өткен демалыста 

оңтүстік астанамыз 

Алматыда шаңғы 

қоссайысынан әлем 

кубогының кезеңі өтті. Екі 

күнге созылған дүбірлі 

додада аустриялық 

Кристоф Билердің 

айдарынан жел есті. Ал 

Қазақстанның сенім 

артқан шаңғышысы Сергей 

Шарабаев тұғырдан 

секіргенімен, шаңғы 

жарысына қатысқан жоқ.

Жалпы, шаңғы қоссайысынан әлем ку-

бо гының кезеңін бұған дейін де қабыл-

дағанбыз. Мәселен, былтыр да оңтүстік 

ас та на мыз дың  «Сұңқар»  спорт  кешенінде 

шаңғы қоссайысынан әлем кубогының бір 

кезеңі өтіп, оған дүниежүзінің 14 елінен 

50-ден астам спортшы қатысқан болатын.

Олимпиадалық іріктеу кезеңінің кесте-

сіне енген бұл жарысқа биыл да қызығу-

шы лық көп болды. Бұл жолы Алматыға 

әл ем нің оннан астам елінен 40-тан астам 

спортшы келіп, өз өнерлерін паш етті. Нақ-

ты айтсақ, Алматыға Норвегия, Слове ния, 

Аустрия, Чехия, Украина, Ресей, Ка на да, 

Франция, Польша, Жапония, Герма ния 

сын ды елдердің спортшылары келіп, жүл-

делі орындарды сарапқа салды. Әлем 

кубогы кезеңдерінің жалпы есебінде көш 

бас 


тап тұрған неміс шаңғышысы Эрик 

Френ гцель ғана келмеді демесеңіз, қалған 

тұ ғырынан секіріп, одан кейін 10 мың 

метр қашықтықта жарысады. Тұғырдан 

се кі руде үздік шыққандар 10 мың шақы-

рымдық жарысқа қатысу құқығына ие 

болады. Бірінші күні тұғырдан секіруде ең 

үздік нәтижені Аустрияның үкілі үміті 

Марио Зайдл көрсетті. Екі қолын артқа жі-

бе ріп, тұйғындай ұшқан 20 жасар спортшы 

142 метрге бір-ақ секірді. Рекорд. Марио 

осы доданың ғана емес, «Сұңқар» кеше-

нінің де рекордын жаңғыртты. Дегенмен 

Зайдл бұл шаңғы жарысында көсіле алма-

ды. Сөйтіп, бұл кезеңді небәрі 5-орынмен 

аяқтады. Ал кезең жеңімпазы болып тәжі-

рибелі Бьорн Кирхайзен атанды. 2002 жә-

не 2006 жылдардағы Ақ Олимпиада 

ойын дарында күміспен күптелген неміс 

спорт шысы осылайша 30-ға толып, орда 

бұзар шағында әлем кубогы кезеңде-

ріндегі 16-жеңісіне қол жеткізді. Екінші 

ор ын ды жапон жігіті Акито Ватабе иелен-

се, осы доданың ең тәжірибелі шаңғы шы-

сы, Әлем және Олимпиада чемпионы 35 

жастағы аустриялық Кристоф Билер үздік 

үштікті қорытындылады.

Ал екінші күні Билерге бәсекелес болар 

ешкім табылмады. Рас, тұғырдан шаңғы-

мен секіруде Марио Зайдлдің бірінші күні 

көрсеткен көрсеткішін қайталай алған 

жоқ. 136 метрмен шектелді. Дегенмен со-

ның өзі де шаңғы жарысына басты фаво-

рит ретінде қатысуға мүмкіндік берді. Бі-

рінші күні көпшілікті таңғалдырып, рекорд 

орнатқан Зайдл бұл жолы екінші орыннан 

көрінсе, Ватабе шаңғымен тұғырдан се-

кіруде 3-орынға орналасты. 

Дегенмен шаңғы жарысында Марио 

тағы да қапы қалып, көшбасшыны қуып 

же ту дің орнына ортаңғы жағында қалып 

қойды. Нәтижесінде, жалпы есепте Би лер-

ден кейінгі екінші орынды Ватабе ие ленсе, 

чехиялық Мирослав Дворак үздік үштіктен 

көрінді.

Ал Қазақстан атынан өнер көрсеткен 

Сергей Шарабаев жанкүйерлерін қуанта 

алған жоқ. Бірінші күні де, екінші күні де 

шаңғымен тұғырдан секіру кезінде өте 

төмен нәтиже көрсетіп, нәтижесінде шаң-

ғы жарысына қатыспады. Артынша Шара-

баев бұл турнирге тізе жарақатымен қа-

тыс ты деген ақпарат таратылды.

Енді шаңғы қоссайысынан әлем кубо-

гының келесі кезеңі наурыз айының ба-

сында өтеді.

оғландардың барлығы да оңтүстік астана-

мызға ат басын тіреп, тіпті «Сұңқар» спорт 

кешенінде бұрын-соңды тіркелмеген ре-

кордты да орнатты.

Дегенмен, шыны керек, бірінші ұйым-

дас тыру мәселесінде біраз қиындық туын-

дағаны рас. Апта бойы бірде қар жауып, 

бір де күн күрт жылынып, тұғырдан секіру 

кешенінде қар қалмады. Абырой болған-

да, жасанды қар шашатын құрылғылар 

да йын екен, ұйымдастырушылар шаңғы 

трамплинін дер кезінде ретке келтіре ал-

ды. Сонымен, сайыс басталып та кетті.

Естеріңізге сала кетейік, шаңғы қос-

сайысында спортшылар алдымен К-125 

Әзиз ЖҰМАДІЛ

Өткен аптада «Ақжайық» футбол клубы екінші жаттығу жиынын өткізе алмайтын болды деген 

суыт хабар естіп едім. Нақтырақ айтқанда, «Түркияда өтуі тиіс екінші оқу-жаттығу жиынына ұшып 

кете алмай, қаражат таппай отыр» деп жазған кейбір отандық басылымдар. Соның арты не болды 

екен? Орал қаласының футболшылары Түркияға бара алды ма?

Әлібек САДАҚБАЕВ, Ақтау қаласы

Әрине, Латвия құрамасын ұтуға болу-

шы еді. Біздің құраманың негізін «Барыс» 

клубының ойыншылары құрайды. Яғни 

олар бір-бірімен тіл табысып, мейлінше 

түсінісіп қалған-ды. Ал Латвия құрамасы 

бірнеше клубтың ойыншыларынан жа сақ-

талған. Бұл елдің құрамасының негізін 

«Ди намо» (Рига) клубының ойыншылары 

құрайды (бұл жолы тоғыз ойыншысы ой-

нады). Ал «Динамо» (Рига) клубын біздің 

«Барыс» биылғы маусымда екі рет ұтқан 

(5:0 және 3:2). Сондықтан латыш хоккей-

шілері алдында өздеріне сенімді болса ке-

рек еді. Алайда Ригадағы Сочи Олимпиа-

дасының електік сынында латыш жанкүй-

ерлерінің мысы басып кеткендей. 

Әрине, біздің құрама өте күрделі топқа 

түсті. Қарсыластар өте қарымды болды. Бі-

рақ оған кім кінәлі? Былтырғы әлем чем-

пионатындағы барлық ойында жеңіліп 

қал дық. Сөйтіп, бүкіләлемдік рейтингіде 

17-орынға сырғыдық. Егер, тым болмаса, 

16-орында табан тіреп қалғанымызда, 

же ңілдеу топқа түсер едік. Мысалы, Гер-

манияда додаға түскен «D» тобында жал-

ғыз жолдаманы Аустрия құрамасы жеңіп 

алды. Біздің хоккейшілер Аустрия құрама-

сымен осы електік сын алдында жолдастық 

кездесу өткізіп, 4:1 есебімен басымдық 

та нытқан. Ал Данияда сынға түскен «F» то-

бында Словения хоккейшілері топ жарды 

(Олар Беларусь құрамасын да жеңіп кетті).

Иә, хоккейшілеріміз Сочи Олимпиада-

сына бара алмайтын болды. Өкінішті-ақ. 

Кім кінәлі? Сенімді ақтай алмаған хоккей-

шілер ме, ұлттық құрама ойынын жандан-

дыра алмаған бас бапкер ме, әлде Сочи 

Олимпиадасы дайындығына биылғы мау-

сым алдында ғана айрықша көңіл бөле бас-

таған федерация ма?! Мүмкін, бұл да йын-

дықты Ванкувер Олимпиадасы аяқта лы-

сымен жүйелі түрде бастау керек пе еді...

Соңғы рет Олимпиада ойындарына 

2006 жылы жігіттеріміз қатысып кел-

ген. Енді «Ақ Олимпиадада атой сал-

сақ» деген арманымызды 2018 жылға 

дейін ішімізде сақтай тұруға тура 

келеді.

«Ақжайық» өткен аптаның ортасында Түркияға 

ұшып кеткен. Дәл қазір Орал клубы Босфор жаға-

лауында екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Мұны 

кеше аталмыш клубтың баспасөз қызметі нақтылап, 

дүйсенбі күні «Ақжайықтың» «Динамо» (Батуми, Гру-

зия) клубымен жолдастық кездесу өткізетіндігін де 

мәлімдеді.

Негізі, «Ақжайық» үшін екінші оқу-жаттығу жиы-

нының біраз сергелдеңмен басталғаны рас. Орал 

клубы осы жиынға 2 ақпан күні ұшып кетуі тиіс болатын. 

Бірақ қаржы мәселесіне байланысты уақытында ұшып 

кете алмай, жаңа маусым дайындығы бірер күнге кейін 

шегерілді. Алайда облыс басшыларының бұл мәселені 

дер кезінде шешуіне байланысты Орал клубы Түркияға 

6 ақпан күні ұшып кетті. Содан бері түрік жерінде жат-

тығу жұмыстарын жүргізуде.

Бір қызығы, дәл қазір бұл клубтың бас бапкері жоқ. 

Нақтырақ айтқанда, әлі бекітілмеген. Әзірше Орал фут-

бол клубын Беларусь маманы Владимир Гольмак жат-

тықтырып жүр.

Хоккейшілер ақтық 

сынды бастады

5-10 ақпан аралағында өткен мұзай-

дын додасына тоғыз команда, яғни еліміз-

дің тоғыз өңірінің хоккейшілері қатысты. 

Әуелі осы командалар екі топқа бөлініп, 

бір айналымдық жүйемен додаға түсті. 

Со дан соң екі топта бірінші орынға ие 

болған командалар бас бәйгені сарапқа 

салды да, екінші орын иеленгендер қола 

жүлдеге таласты.

«А» тобында Шығыс Қазақстан облысы 

үздік шықты. Бұл облыстың намысын, негі-

зінен, «Қазцинк-Торпедо-2» (Өскемен) 

клу бының хоккейшілері қорғаған бола-

тын. Ал «В» тобында Астана қаласының 

хок кей шілері топ жарды. Елорда намысын 

«Аста на», «Барыс-2», «Снежные барсы» 

клубы 


ның ойыншылары мен ардагер-

лерден жа сақталған команда қорғады.

Финалда ШҚО хоккейшілері 5:2 есе-

бімен жеңіске жетіп, ІІІ қысқы спартакиа-

да ның жеңімпазы атанды. Әрі жалпы ко-

ман далық есепте өз облыстарын бірден 

бірінші орынға шығарды.

Астана хоккейшілері екінші орынға 

ие болса, үшінші орынды Қарағанды об-

лысы иеленді. Қарағандылықтар үшінші 

орын үшін өткен матчта Қостанай об-

лысының хоккейшілерін 7:4 есебімен 

тізе бүктірді.

Сөйтіп, осымен үшінші рет ұйым дасты-

рылып отырған бүкілреспубликалық спар-

такиаданың алғашқы додасы аяқталды. 

Енді бір-біріне іркес-тіркес бірнеше спорт 

түрінен финалдық додалар басталады.



Айқын ЖАППАР

Қазақстанның ІІІ қысқы 

спартакиадасының ақтық 

додалары аясындағы ал-

ғаш қы сын аяқталып, же-

ңім паздар анықталды. Қа-

ра ғанды  мұзайдынында 

шай балы хоккей додасы өтіп, 

Бүкілқазақстандық ақ спар-

такиаданың пердесі түрілді.

СПАРТАКИАДА

Рауан Сариев «Ботафогомен» келісімшартын ұзартты

Бразилияда доп теуіп жүрген футболшымыз Рауан Сариев елге оралды деп 

естідім. Қазақстанның бір командасымен келісімшартқа отыратын көрінеді. «Жел 

тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

Ермек АЙТЖАНОВ, Алматы қаласы

Нұрғазы САСАЕВ

Иә, Бразилияның Сан-Паулу штатында 

доп тебетін, нақтырақ айтсақ, «Ботафого» 

футбол клубының шабуылшысы Рауан Са-

риев өткен демалыста елге оралды. Деген-

мен, сіз ойла ғандай, Рауан Қазақстанның 

еш қандай  ко мандасымен  келісімшартқа 

отырмайды. Он дай ойы да жоқ. Керісінше 

өзінің қазіргі ко ман дасымен келісімшартты 

тағы ұзартты.

Маған өмір сүруге Қазақстаннан артық 

жер жоқ. Дегенмен футболшы болып әлемге 

танылуым үшін Бразилияда қала бергенім 

дұрыс. Ол жақта мен техникамды, шебер лі-

гімді шыңдай аламын. Жақында «Ботафо го-

мен» Сан-Паулу штатының жеңімпазы атан-

дық. Енді Бразилия біріншілігіне да йында ла-

мыз. Клуб басшылығы менің ойынымды ұна-

та ды. Соған сәйкес, келісімшартты тағы бір 

жыл ға ұзартты, – деп Рауан әуежайда өзін 

күтіп алған жанкүйерлерін қуантып тастады.

Естеріңізге сала кетейік, Рауан Сариев – 

Қа зақстан футболшыларының шеберлігін же-

тілдіру үшін Бразилияға жіберілген жеткін-

шектердің алғашқы буынынан.

Париж татамиінде 

жүлдесіз қалдық

Жаңа ережелермен өткен «Үлкен ду лы-

ға» турнирінің алғашқы күнінде тата ми ге 

60, 66 және 73 келідегі балуандар шық ты. 

Ең жеңіл салмақта ел намысын Ерке бұ лан 

Қосаев пен Асхат Тельманов қорғаған бо-

ла тын. Лондон Олимпиадасына қатыс қан 

Еркебұлан Қосаев ресейлік Беслан Мудра-

новтан алғашқы айналымда ұтыл ды. Ал 

Асхат бірінші айналымда Ливан спортшы-

сын бұйым көрмегенімен, келесі кезеңде 

оңтүстіккореялық қарсыласына есе жіберді. 

66 келіде сынға түскен Азия чемпионы 

Сергей Лим мен Азамат Мұқанов екі бел-

де суде жеңіске жетіп, үшінші айналымда 

қарсыластарына күш көрсете алған жоқ. 

Сергей мен Азаматтың үшінші орын жо-

лын дағы белдесулерде күресу мүмкіндігі 

болған. Бірақ Азамат өзбек балуаны Мыр-

захид Фармоновтан, Сергей француз 

Драгин Димитродан ұтылды. Нәтижесі – 

7-орын. 73 келі салмақтағы Елдар Зәріп-

ханов пен 81 келі салмақ дәрежесіндегі 

Әзиз Қалқаманұлы да Париж татамиінде 

алысқа шапқан жоқ. 

90 келі салмақта Ислам Бозбаевқа 

сенім арттық. Жаңа салмаққа ауысып, 

Олимпиада ұпайын жинауды көздеген Ис-

лам Еуропа чемпионатының жүлдегері, 

ук 


раи 

налық Ньяболи Кеджауды оңай 

жең ген.  Бірақ  татами  қожайыны  Людовик 

Го берт пен өткен тартысты белдесуде же-

ңі лістің кермек дәмін татты.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесін-

дегі үздігіміз, яғни Максим Раков бұл тур-

нир ге  қа тысқан  жоқ.  Ал  аса  ауыр  салмақ-

тағы Рус лан Әбдіразақов екінші айналым-

да кәріс балуанынан айла асыра алмады. 

Париждегі «Үлкен дулыға» турнирімен 

2016 жылы өтетін Рио-де-Жанейро Олим-

пиадасына іріктеу кезеңі де басталып кетті. 

Енді Қазақстан ұлттық құрамасы Гер ма-

ния ны бетке алады. Дюссельдорф қала-

сында ақпан айының 23-24-і күндері өте-

тін «Гран при» бәсекесінде ұпай қоржы ны-

мыз толығып қалар деген үмітіміз бар. «Гран 

при» додасы басталғанға дейін дзю до шы-

ла рымыз Германияның Кулен Вен дорф 

қа ласында жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Ақбота ШӨКЕНБАЙ

Өткен демалыс күндері 

Парижде дзюдодан «Үлкен 

дулыға» турнирі аяқталып, 

Флориан Велич баптайтын қазақ 

дзюдошылары 7-ші орынмен 

ғана шектелді.

ДЗЮДО


КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА

«Мисс Валентина-2013» турнирімен 

қа тар ласып өткен әлем кубогының алғаш-

қы кезеңіне жалпы саны 21 спортшы 

қатысты. Дарья Дмитриева мен Алек сан-

дра Меркулова бастаған ресейліктер бұл 

додаға қатысқан жоқ. Украина құрамасы 

да Алина Максименко сынды үздігін Эс то-

нияға жібермепті. Анна Алябьева жур на-

листік қызметке ауысқан соң, ұлттық құра-

ма ның нөмірі бірінші спортшысына ай-

налған Виктория Горбунова көпсайыс қо-

рытындысы бойынша 8-орынға табан ті-

ре ді. Ол күрзімен жаттығуда – 7-ші, доп-

пен жаттығуда 8-ші сатыдан көрінген 

болатын. Викторияның төрт сайыста жи-

на ған жалпы ұпайы – 57,898. Ал 15 жасар 

Аннаның көрсеткіші төмендеу. Оның көп-

сайыстағы көрсеткіші – 16-орын ғана. 

Тарту төрінде украиналық Анна Ризат-

динова – алтын, белорус Мелитина Ста-

ню та – күміс, әзірбайжандық Марина Ду-

рун да қола жүлдегер атанды.

Жалпы, әлем кубогы әлемнің сегіз мем-

ле кетінде өтеді. Халықаралық көркем гим-

нас тика федерациясы Эстониядан бөлек, 

Португалия, Румыния, Италия, Бол гария, 

Франция, Белоруссия және Ре сей елдеріне 

әлем кубогы кезеңдерін өткізу міндетін 

бөліп берген. Әрі әлем кубо гының әр ке-

зеңі үш күнге созылады.

Ақбота ШӨКЕНБАЙ

Ақпанның 8-10-ы 

аралығында Эстонияның 

Тарту қаласында көркем 

гимнастикадан әлем кубогының 

алғашқы кезеңі өтті. Бұл сында 

Қазақстан намысын қорғау 

құқығы Виктория Горбунова 

және Анна Афуксениди сынды 

жас спортшыларға бұйырды.

Бойжеткендеріміз 

бәйге көрігін 

қыздыра алмады

Екінші гол соғылған соң Қазақстан құ-

ра масының бапкерлері Колесниктің ор-

нына Виталий Еремеевті шығарды (матч-

тың небәрі 2:37-минутында). Сол дұрыс 

болды. Еремеев айдын иелерінің бірнеше 

қауіпті соққыларын тойтарып, басқа жігіт-

те ріміз сабаларына түсті. Осылай біздің 

құрама бірте-бірте латыштардың аптықта-

рын басып, қарсы шабуылдарымен піс-

пек тей бастады. Тіпті екі рет кем құрамда 

ойнап, айдын иелерінің есепті ұлғайту ла-

рына мүмкіндік бермеді.

Көп ұзамай таразы басын теңестіріп, 

көңі лімізді көтерді. Бәрі де үшінші кезеңде 

шешілуі керек еді. Алайда тағы да қырсық 

шалып, өз қателігіміздің кесірінен латыш-

тардың алға шығуына мүмкіндік беріп 

қой дық. Бұл жолы басқа емес, өте тәжіри-

белі қорғаушымыз Кевин Даллмэн қате-

лесіп, латыштар гол соғып кетті. 

Ойынның аяғында біздің құрама тай-

лы-таяғымен алға шығып, есепті теңес ті-

ру ге тырысты-ақ. Тіпті қақпашы Еремеевтің 

орнына алтыншы ойыншыны шығарып, 

латыштарды қыспаққа алғанбыз. Гол да 

соқтық, бірақ... қарбалас сәтте біздің ша-

буылшымыз (Краснослободцев) шайбаны 

конькиімен теуіп кіргізгендіктен, бұл гол 

есепке алынбады.

Соңғы ойында Ұлыбритания құрама-

сын 6:0 есебімен ойсырата жеңіп, өшіп 

бара жатқан үміт сәулесін үрлей түс-

кендей болды. Өйткені ең соңғы матчта 

Франция айдын иелерін, яғни латыш-

тарды 1:0, 2:1 немесе 3:2 есептерімен 

ұт са, жалқы жол дама бізге бұйырар еді. 

Бірақ олар да бә рін есептеп, өлшеп-пішіп 

отыр ғой, соңғы матчта бізге қажетті есеп 

тіркелмеді. Лат вия ойынның негізгі уақы-

тында тең түсіп, Франциядан овер таймда 

ғана ұтылып, бір ұпай олжалады. Сол 

ұпай Сочи Олим 

пиа 


дасын еншілеуге 

толы ғымен  жетті.

Латвия жеті ұпаймен бірінші орынға ие 

болып, біздің құрама алты ұпаймен екінші 

орынды қанағат тұтты. Сөйтіп, хоккейшіле-

ріміз тағы да қысқы Олимпиада ойында-

рына бара алмайтын болды. 

№21(932)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет