апоферменттер жəне ақуыздық емес бөлігі - коферменттер болатын протеидтер болып
келеді.
Көп жағдайларда дəрумендердер коферменттер болады. Мысалы, сірке қышқылының
пировиноград қышықылынан пайда болуын катализдейтін пируватдекабоксилаза құрамына
тиамин (витамин В1) кіреді. Дегидрогеназалардың құрамына көбінесе рибофлавин (витамин
В2) кіреді. Ферменттер молекуласында металл ионадарына ие болатын комплекстер бола
алады. Металдар электрондар тасымаолауына қатысады деп есептейді. Кем дегенде 15
металдар ионның, соның ішінде микроэлементтердің ферменттерді белсеңдендіретіні əйгілі.
Коферменттер катализдейтін реакцияның табиғатын анықтайды. Атқаратын
функцияларға қатысты, оларды уш топқа бөлуге болады:
1) Сутек атомдарын немесе электрондарды тасымалдайтын коферменттер. Олар
тотығу-тотықсыздану ферменттері – оксиредуктазалармен байланысты.
2) Атомдар
тобын тасымалдайтын коферменттер. Олар трансферазалармен
байланысты.
3) Көміртек байланысының синтезін, ыдырауын жəне изомеризациясын катализдейтін
коферменттер. Бұл топ лиазалар, изомеразалар жəне лигазалардйң əсерімен байланысты.
Бірінші топқа құрамына никотин-амид кіретін топтар жатады.Олар нуклеотидтер –
пиридин туындылары болып келеді. Бұл топқа никотинамидадениндинуклеотид (НАД) жəне
ниеотинамидадениндинуклеотидфосфат (НАДФ) жатады. Бұл коферменттер дегидрогеназа
құрамына кіреді де спирт, оксиқышқыл жəне кейбір аминоқышқылдардың сəйкес
алдегидтенріне, кетондар мен кетоқышқылдардың айналуына қатысады (1 сүр). Екі
коферменттердің де (НАД жəне НАДФ) құрамына субстраттанэлектрондан немесе
протондар жұбын тасымалдайтын, мысалы этил спиртінің алкогольдегидрогеназаның
қатысуымен тотығуында, никотн-амид кіреді. Коферменттердің екінші тобына
аденозинтрифосфат (АТФ) кіреді,қосылу энергиясына өте бай,монохондрияд синтезделеді.
Əрбір
макроэргитикалық,
фосфооангидридтық
молекчула
байланысындағы
гидролититикалық бөлінуде АТФ-тің 30 кДж\моль-і бөлінеді. АТФ-тің АДФ-қа ауысуында
бөлінетін энергия фосфорланған қосылысқа ауысады немесе жылу түрінде бөлінеді.
Коферменттің үшінші тобына а-кетокислоттың кетосахарға ауысуына қатысатын: 1.
тиаминпирофосфат
кіреді.
Бұл
фермент
пируватдекарбоксил
құрамына
кіреді.
Тиаминпирофосфат пируват декарбоксилденуіне ғана қатыспай, кетаглутар қышқылының
тотығу декарбоксилденуінде, -қышқылдар жəне дикетондардың пайда болуы мен
ыдырауында да қатысады. 2. биотин ферментке кофермент ретінде кіреді жəне ері
кабоксиметилдеу реакциясын катализдейді; бұл реакцияларда биотин СО
2
тасымалдаушысы
болып əсер етеді. Бұл кезде АДФ-қа ауысатын АТФ қатар жүреді, мысалы, пируваттан
щавель-сірке қышқылының пайда болуында.
Ферменттердің көбісі жасуша ішінде орналасады. Бірақ көп клеткалар клетка
қабырғасының сыртқы бетінде орналасады, мысалы целлюлоза жəне крахмал гидролазалары.
Эндоферменттер көп жағдайда клетка органоидтарында орналасады, бірақ цитоплазмада да
бола алады, мысалы ашу процесін катализдейтін ферменттер – фосфогексоизомераза,
альдолаза, пентоз циклінің ферменттері.
|