Дәрігердің әріптестерімен қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері


Клиникасы: Аллергиялық диатез



бет3/4
Дата09.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#91388
1   2   3   4
Клиникасы:
Аллергиялық диатез
Негізі тұқым қуалайтын, іштен болатын, не жүре пайда болатын иммунитет, заттек алмасу, нейровегетативтік жүйе ерекшеліктері. Ауру доминатты. Егер әкесі аллергиялық аурулармен ауырса балаларының 30% ауырады, ал шешесі ауырса онда 50%, екеуіде ауырса 75%.
Жіктелуі:
  • Аутоаллергиялық
  • Инфекциялық-аллергиялық диатез

Клиникалық көрінісі:
Балалардың көбі гиперстеник болғанымен ауруда көрнекті конституционалдық сипат жоқ. Бұл балаларда нерв козып, ашушаңдық, ұйқы бұзылысы, тәбет төмендігі, мазасыздық жиі байқалады.
Аллергиялық диатез баланың 3-5 айлығында басталып 1-2 жылға созылады, ал кейде тіпті өмір бойы айқындалып демікпеге, аллергиялық бронхитке, аллергиялық дематозға асқынуы мүмкін.
Алдын алу:
Бұл балалар ауыр аллергиялық реакциялар мен ауру дамуының алдын алу кешенді түрде және тіпті антенатальдық кезеңнен бастауы тиіс, жүкті әйел аллергиялық отбасынан болса оның тамақ құрамынан аллергиялық реакция шақыратын трофоаллергендер, дәрі-дәрмектер аласталуы тиіс.
Нерв-артриттік диатез:
Жоғарғы нерв қозғыштығымен, тәбетінің бұзылуымен, кетоацидозға ыңғайлылығымен, өсе келе май басу, интерстициальды неврит, подаграда және заттек алмасуы бұзылысы жатады.
Патогенезі:
  • Рецепцияның кай деңгейінде болмасын қозғыштық деңгейінің жоғары болуы
  • Пуриндер алмасуының бұзылысы, олардың мөлшерінің көтерілуі.
  • Бауырдың ацетилдеу қабілетінің төмендігі.

Клиникасы мен емі:
Емшек жасында ақ нерв қозғыштығының жоғарылығы байқалады. Өсе келе одан да жоғарылап, мысалы маса шаққандай айқайлауы мүмкін. Нерв жүйесінің типі ұшқалақ, қозбалы болады.
Емнің негізгі түрі: дұрыс тәртіппен диета. Балаларды үстемелі психикалық жүктемелерден қорғап, теледидар бағдарламасын көруді азайту қажет. Диетада сүт тағамдары, көкөніс, жемістер, жармалар, қара ұн басым болуы тиіс. Пуриндік негіздер мен кофеинді тағамдар мүлдем берілмеуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет