Шикізаттыорау және таңбалау Ораудың қызметі – шикізатты сақтау және тасымалдау кезінде оның саны мен сапасын сақтауды қамтамассыз ету. Шикізатты оның сипаты мен қасиеттеріне сәйкес ыдыстарда сақтайды. Ыдысты шикізаттың әр түріне сәйкес стандарттар бойынша (МСТ, АНҚ, УАНҚ) таңдайд. Ораудың жалпы ережелері МСТ бойынша берілген.
Матадан жасалған бірқабатты немесе екі қабатты қаптар және крафт-қағаздан жасалынған көпқабатты қаптар. Қаптан жасалған орамдар шикізаттардың негізгі 70% түріне арналған (тұқымдарға, жиделерге, ұсақ және кесілген тамырлар мен тамырсабақтар үшін). Екі қабатты қаптар бір қабатты қаптар көтере алмайтын ауыр шикізаттар мен шаң мен ылғал өткізбейтін ауыр ұсақ шикізаттарға арналып жасалынған.
Киптер. Гидравликалық, электірлі және бұрандалы-рычагты пресстер арқылы алынады. Киптер орамдаудың ең бір қолайлы тасымалдау түрі, ол қабықты, тамырсабақтады және тамырларды, шөптер, жапырақтарды және кейбір гүлдер түрін (жөке гүлдерін) тасымалдауға қолданылады. Қолдан жасалатын бұрама-рычагты пресстерде 50 кг (жөке гүлдері) дейін, 125 кг (итшомырт қабығы) дейін шикізат престеледі; әдеттегі салмағы 100 кг.
Ұзын және жәшік формасындағы теңдер. Оларды матадан дайындайды, бұларға шикізатты пресс арқылы толтырады. Тендерге шикізатты бөлшектеп салып, оны біркелкі етіп жаяды да үнемі пресстеп отырды.
Фанерлі жәшіктер. Мұнда жұсақ ыдыстарға салуға болмайтын, сынғыш, морт шикізаттарды орамдайды. Шикізатты жәшіктерге себелеп (дәрілік түймедақ гүлдерін), қатармен және қабаттап (меруертгүл гүлдерін); белгілі бір массада алдын – ала қағаз пакеттерге орау арқылы (ликопадий); алдын-ала дәнекерленген ыдыстарға салып барып (шафран, коровяк гүдерін) орамдайды.
Гофреирленген картон жәшіктер. Жәшіктерді шикізатпен толтырып алдында жәшіктің ішіне қағаз немесе пергамент төсейді, шикізат толтырып болған соң пергементтің шеттері шикзаттың бетін толық жауып ұруы керек. Толтырылған жәшіктердің сыртын қағаз жіппен жапсырады. Жәшіктегі шикізат салмағы 25 кг аспауы керек.