Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері


Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae



бет8/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
Шикізаттар

Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae
Сипаттамасы. Биіктігі 30 см біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы қалың ақ түк басқан, тармақтары, төмнгі жағы бұтақталған. Жапырақтары кезекті орналасқан ұзынша пішінді, сұрғылт-түк басқан, жапырақ жиектері бүтін ұзындықтары 1-5 см. Тамыры жіңішке шашақ тамыр. Гүлшоғыры бұтақтың ұшына 3-6 себеттен орналасқан. Гүлі қосжынысты, сарғыш түсті. Тұқымы жұмыртқа пішінді, қырлы, айдары бар. Маусым-шілдеде гүлдеп, шілді-тамызда жемісін салады. 


Таралуы. Қазақстанда, Тобылда, Есілде, Ертісте, Ақтөбеде, Муғалжарда, Ембіде, Зайсанда, Алтайда, Тарбағатайда кездеседі. Су жағалауларында, сортаң шалғындарда, сулы ормандарда, егістік жерлерде, үй маңындағы жол жиектерінде өседі.
Дәрілік шикізаты. Дәрілік шикізаты өсімдіктің жер үсті бөліктері (Herba Gnaphalii uliginosi). Ақшайырдың шөбін жаздың аяғына қарай жинаған дұрыс, бұдан ерте ол өсіп жетілмейді де оны табу қиынға түседі. Шөбін тамырымен қосып жұлып алады (тамыры жіңішке, әрі жер бетіне жақын орналасқан). Шикізаты гүлдеу кезеңінде гүл шоғырымен бірге жиналған бүтін өсімдік. 
Химиялық құрамы. Шөбін алкалоидтар, гнафалин, фитостери, каротин, аскорбин қышқылы, тимин, К,С,А,В дәрумендері, иілік және майлар, пигменттер, эфир майы, камедь табылған.
Қолданылуы. Ақшайырдың препараттары гипертониялық дерттің алғақы сатыларында, стенокардияда, асқазан мен ұлтабардың жарасында қолданылады. Сонымен қатар, оны жүйке қозуында,ж үректің қабынуында, диабетте, өкпе туберкулезінде де пайдаланады.
Шетен жемістері – плоды рябины – Fructus Sorbi
Кәдімгі шетен – Рябина обыкновенная – Sorbus aucuparia L.
Раушангүлділер тұқымдасы – семейств розцветные – Rosaceae
Сипаттамасы. Қабығы сұр түсті, беті тегіс ағаш өсімдік. Гүл шоғары қалың қалқанша гүл шоғарынан тұрады. Жемісі домалақ жиде тәрізді ашық қызғыл-сары, қышқыл, ащылау жалған жеміс, тамыз-қыркүйекте піседі және ағашта аязға дейін қояды.
Таралуы. Қазақстан жерінде Жоңғар, Іле, Күнге Кетпен, Теріскей, Қырғыз Алатауында, Батыс Тянь-Шань тауларында кездеседі. Қарағайлы орманды, бұта аралығында, тауда 3000 м дейін көтеріліп өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет