Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері


Таңғұт рауғашы – Ревень тангутский – Rheum palmatum L.vartanuticum Maxim



бет35/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Шикізаттар

Таңғұт рауғашы – Ревень тангутский – Rheum palmatum L.vartanuticum Maxim.

Тарандар тұқымдасы – семейство гречишные - Polygonaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 250 см.ірі тамырсабағы мен одан таралған көптеген ірі етті, сынығынан қарағанда сары түсті тамылары бар. Сабағында жапырақтары аз, жалаңаш. Тамырсабақтары ірі, сағағымен бірге ұзындығы 150 см-ге дейін жетеді, жапырақ тақтасының көлденең ұзындығы 75 см, кең жұмыртқа тәрізді 5-7 салалы қалың түк басқан. Гүлдері ақ-қызғылт немесе қызыл, ұсақ көп гүлді гүл шоғырына жиналған. Гүл аралығы қарапайым гүл тәжі тәріздес. Жемісі – 3 қырлы, қоңыр-қызыл түсті кең қанатты жаңғақ.
Таралуы. Жабайы күйде Солтүстік-батыс Қытайда және Тибетте орманда таулы шатқалдарда, тау өзендерінің жағалауларында теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте өседі. Ресейде Мәскеу, Воронеж, Новосбирск облыстарында, Украинада, белоруссияда өндерістік плантациялар бар.
Дәрілік шикізаты. Тамырлары (Radices Rhei) цилиндр тәріздес, жуан, сыртқы тоз қабатының түсі сұр-қоңыр түсті, ішкі жағынан қарағанда көптеген қызғылт түсті сызықтар мен дақтардан тұрады. Күйдергіш натр ерітіндісімен әсер еткенде рауғаштың ұнтағы қан-қызыл түске боялады.
Химиялық құрамы. Тамырлары мен тамырсабақтарында әсер етуші заттардың екі тобы болады олар: антрагликозидтер және илік заттар. Антрагликозидтер глюко-реум-эмодиннен тұрады да гидролиз кезінде хризофанол және глюкозаға ыдырайды, ал хизофанеин гидролиз кезінде хризофанол және глюкозаға ыдырайды; реохризин фисцион мен глюкозаға, глюко-реин реин мен гликозаға және глюко-алоэ-эмодин, алоэ-эмодин мен глюкозаға ыдырайды.
Иілік заттар тамырсабақтарында 12%-ға дейін болады. Тамысабақтары мен тамырларында шайырлы заттар, крахмал, пектинді заттар бар.
Қолданылуы. Ұнтақ күйінде ( Pulvis radices Rhei) per se немесе күрделі ұнтақ, таблетка, құрғақ экстрактсын 30% - дық этанолмен экстракциялау арқылы алады. Сулы препараттарында антрацендердің іш жүргізетін әсері көбірек байқалады. Спиртті препараттары құрамындағы заттардың комплексті әсерінен, әсіресе галлотаниндердің әсерінен асқорытуды жақсартады немесе іштің жүруін нашарлатады.
Жылқы қымыздық тамырлары – корни щавеля конского – Radices Rumicis confertus
Жылқы қымыздық - Щавель конский – Rumех confertus Wlld.
Тарандар тұқымдасы – семейство гречишные - Polygonaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 150 см көпжылдық шөптесін өсімдік, қысқа көпбасты тамырсабағынан аз тармақталған ірі тамыры таралады. Жапырағы кезекті орналасқан, төменгілері үшбұрыш-жұмыртқа тәрізді, шеттері толқын тәрізді ирелеңдеп орналасқан, сабақ жапырақтары аздап кішілеу жұмыртқа-қияқты. Гүлдері ұсақ, жасыл түсті жіңішке сыпыртқы тәрізді гүл шоғырына жиналған. Жемісі жұмыртқа тәрізді 3+-қырлы, ашық-қоңыр түсті жаңғақ. Мамырда гүлдейді.
Таралуы. Ресейдің Европалық бөліктерінде, Кавказда, Сібірдің оңтүстік аудандарында, Қазақстанда және Қиыр Шығыста таралған. Шалғынды жерлерде. Өзен жағалауларында, орман алаңқайларында, жол бойында, қоқысты жерлерде өседі.
Дәрілік шикізаты. Кептірілген тамыр кесінділерінің (Radices Rumicis) сыртқы беті қою-бурыл түсті тоз қабатымен жабылған, ішкі жағы қызғылт сары –сарғыш түсті. Дәмі ащы-бырыстырғыш, иісі әлсіз өзіне тән.
Химиялық құрамы. Антрагликозидтер саны рауғаштан аз болғанмен дәрілік шикізат көзі болуға жеткілікті мөлшерде (4% дейін). Антрагликозидтер құрамы рауғаштың құрамымен бірдей: негізгі аликондар- реум-эмодин және хризофанол. Илік заттар 13-15%.
Қолданылуы. Өсімдіктен дайындалған қайнатпа мен ұнтағын колиттерді, энтроколит пен геморроиды емдеуге қолданады.
Бояулық риян тамырсабақтары мен тамырлары – корневища и корни марены красильной - Rhizomata et adices Rubiae
Бояулық риян - марена красильная - Rubia tinctrum L.
Рияндар тұқымдасы – семейтво мареновые - Rubiaceae
Сипаттамасы. Көпжылдық, көлденең ұзын тамырсабағы бар жармасып өсетін шөптесін өсімдік. Сабақтары жатыңқы немесе жармасып өрмелейді, ұзындықтары 150 см, 4 –қырлы тікенді. Жапырақтары 4-6 дан шоқталып орналасқан, ұзындықтары 10 см, қияқты немесе эллипс формалы, сағақсыз, шеттерінде тікендері бар. Гүлдері ұсақ, жасыл-сарғыш, жапырақ қуысына көп гүлді сырғыш тәрізді жартылай шатырлар құрайды. арао
Таралуы. Бояулық риян жерорта теңізінің өсімдігі. Ресейдің Европалық бөліктерінде жабайы өсімдік ретінде таралған.
Дәрілік шикізаты. Циллиндр формалы, әжімді, қызыл-бурыл түсті тамырсабақтары мен қалыңдығы 3-10 мм тамырлары (Rhizomata et adices Rubiae). Көлденең кесіндісінен қызыл-бурыл қабығы мен қызғылт-сары өзегі көрінеді. Иісі әлсіз, өзіне тән; дәмі тәттілеу аздап бырыстырғыш және ащы. Суды қою-қызылы түске бояйды.
Химиялық құрамы. Тамырсабақтары мен тамырларында 5-6% окси және оксиметилантрахинондар бос күйінде және гликозид күйінде табылған. Негізгі ликозидтер рубиретрин қышқылы ализарин-2-ксилозилглюкозид ретінде кездеседі. Бұдан басқа да антрацентуындылары негізінен рубиадиннің ( R1=CH3), псевдопурпуриннің (R1=OH, R2=COOH), луцидиннің(R1=CH2OH), пурпуриннің(R1=OH, R2=H) гликозидтері бар.
Сонымен бірге , органикалық қышқылдар, қанттар( 15% дейін), пектинді заттар анықталған.
Қолданылуы. Риянның құрғақ экстрактсы (Extractum Rubiae tinctori siccum) таблетка күйінде несепті тас ауруларында қолданылады. Препараттың кальций мен магнийдің фоосфаттары мен оксалааттары бар несеп конкременттерінің босап және ағзадан шығарылуына әсер ететін күші бар. Спозмолитикалық әсер ете отырып конкременттердің шығарылуын жеңілдетеді. Кешенді препарат «Цистеналдың» құрамына енген.
Шәйқурай шөбі – трава зверобоя - Herba Hyperici
Шілтержапырақты шәйқурай – Зверобой продырявленный - Hypericum perforatum L.
Шәйқурайлар тұқымдасы – семейство зверобойные - Hypericaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 30-100 см көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары жылтыр, ұзына бойына екі жіп тәрізді қабырғалары орналасқан, жоғары ұшы тармақты. Жапырақтары қарама – қарсы орналасқан, отырмалы, эллипс тәрізді ұзын – жұмыртқа тәрізді, шеттері бүтін, ұзындығы 3 см, көптеген көрініп тұратын қара және ақ нүктелері бар. Гүл тостағаншалары терең бес бөлікке бөлінген, тостағанша күлтешелері қияқты немесе ұзынша, өткір сирек қара нүктелері бар. Гүл тәжі 5- күлтелі алтын-сары түсті. Аталықтары көп 3 шоққа жиналған; аналығы жұмыртқа тәрізді үш шалқая орналасқан діңгектері бар. Жемісі – 3 ұялы қорапша. Маусымнан бастап бүкіл жаз бойы гүлдейді.
Таралуы. Қазақстанның барлық аудандарында кезедседі.Өзен жағасында, шалғынды далады, бұталы өсімдіктер арасында, тау сайларында, тың жерлерде өсіп-өнеді.
Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herba Hyperici) гүлдей бастағанда және гүлдеу кезеңінің ортасында жинайды. Жоғары ұшынан 30 см етіп кесіп алады. Шикізатын тез арада ауада кептіру арқылы гүлдерінің түсін сақтап қалуға болады. Шөбінің бользамға ұқсас иісі және аздаған ащылау, шайырлы дәмі баар.
Химиялық құрамы. Негізгі әсер етуші заттар конденсирленген антрацентуындылары – гиперицин, псевдогиперецин және т.б. Олардың мөлшері 0,5% құрайды.
Бұдан басқа шайырлы заттар (10% дейін), флавоноидтар, иілік заттар, эфир майы табылған. Флавоноидтардан флавонолды гликозидтер: гиперозидтар 1%, рутин, кверцетин бар. Иілік заттардан конденсирленген туындылар тобын атауға болады. Каротин мен аскорбин қышқылы жоғары мөлшерде кездеседі.
Қолданылуы. Шәйқурайдың шөбінен алынған тұндырмасын (Tinctura Hyperici) қабынуға қарсы, бырыстырғыш, антисептикалық қасиетіне қарай ішек катарасында, колитте, стоматитте ауыз қуысын шаюға және қызыл иекті емдеуге қолданады. Осы мақсатта шөбінің тұнбасын да пайдаланады. «Новоиманин» препараты антибактериялық белсенділік көрсетеді, оны инфекциялық жараларға қарсы, абсцесстерде қолданады.
Сана жапырақтары – листья кассии - Folia Sennae
Сана жемістері – плоды кассии – Fructus Sennae
Үшкір жапырақты сана – Кассия остролистная - Cassia acutifolia Del.
Жіңішке жапырақты сана – Кассия узколистная – Cassia angustifolia Vahi.
Цезальпинялар тұқымдасы – семейство цезальпиниевые – Caesalpiniceae
Сипаттамасы.Биіктігі 1 м-ге дейін жететін жартылай бұта. Сабағы тармақты, төменгі тармақтары ұзын, жерге төселіп жатады. Жапырақтары кезекті орналасқан 4-5 қос жапырақтардан тұратын қос қауырсынды жапырақ. Жапырақшалары қияқты, шеттері тегіс, жалаңаш, ұзындығы 20-30 мм, ені 5-9 мм, гүл шоғыры – қуысты шашақтар. Гүлдері аздап зигоморфты, пентамерлі, ұзындығы 7-8 мм; гүл тәжі р түрлі сары күлтешелерден тұрады. Бұршағы – жалпақ, етті. Шілдедее гүлдейді.
Таралуы. Үшкіржапырақты сана Африкада, Ортаңғы Нилдың бассейндерінде, шөл және жартылай шөлейт жерлерде таралған. Суданда мәдени өсіріледі. Жіңішке жапырақтары сана Қызыл теңіз жағалауларында өседі, Индияда мәдени өсіріледі. Қазақстанда үшкір жапырақты сананың Оңтүстік Қазақстанның Жандарбеков ауылында біржылдық мәдени түрде өсіріледі.
Дәрілік шикізаты. Күрделі қос қауырсынды жапырақтардың (Folia Sennae) жапырақ күлтешелері қолданылады. Механизация әдісімен жиналған шикізатта жалпы ағаш+
тар және жіңішке сабақтардың ұсақ кесінділері кездеседі. Түсі сұрғұлт немесе сарғыш-жасыл түсті. Дәмі шырышты-ащы, иісі жоқ. Жемістерін (Fructus Sennae) түрлі пісіру сатысында жинайды.
Химиялық құрамы. Қазақстанда мәдени түрде өсірілетін сананың құрамында 1-3% антрагликозидтер, сонымен қатар гүлюко-алоэ-эмодин, глюкореин және реин глюкозиді глюкозамен 1-ші орында орналасқан. Сонымен бірге, реин диантроны болып табылатын димерлі қосылыс А және В саннозидтер табылған.
Бұдан басқа, сана жапырақтарында флавонолдар изорамнетин, кемпферол және олардың глюкозидтері табылған. Ілеспелі заттардан ішекті тітіркендіретін қабілеті бар шайырлы заттар кездеседі. Бұршақтарының құрамындағы антрагликозидтер жапырақтарының құрамымен бірдей.
Қолданылуы. Жапырақтарынан тұнба дайындалады. Сана жапырақтары іш жүргізетін және геморройға қарсы (итшомырт қабығымен, мыңжапырақ шөбімен, кориандр жемістерімен және мия тамырларымен) жинақтар қатарына кіреді.

Итшомырт қабығы – кора крушины – Cortex Frangulae


Cыңғақ итшомырт – Крушина ольховидная - Frangula slnus Mill.
Итшомырттар тұқымдасы – семейство крушиновые - Rhamnaceae
Сипаттамасы. Ірі тікенді бұта немесе биіктігі 7м-ге дейінгі ұсақ ағаш. Жапырағы кезекті, сағақты, ойысты, қысқа үшкір, шеттері бүтін, жалаңаш, жылтыр. Гүлдері ұсақ ақшыл-жасыл түсті, жапырақ қуысына шоқталып орналасқан. Жемістері сүйекше, алғашында олар жасыл болып, біртіндеп қызады да, піскенде қараяды. Сүйектері екеу, олар домалақ, әрі жалпақ дөңестеніп келген.
Таралуы. ТМД-ның Еуропалық бөліктерінде, Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірдің, Орта Азия мен Қазақстанда таралған. Өзен жағалауларында, батпақты жерлерде, шалғындарда өседі.
Дәрілік шикізаты. Діңгектері мен жуан бұталарынан қабығын (Cortex Frangulae) ерте көктемде сыдырып алады. Бұл үшін қабығын өзегіне дейін сақина тәрізді етіп шамамен 25-30 см екі кесінді жасайды және 1-2 көлденең кесінді жүргізеді. Ішкі беті қарайып кетпес үшін тез арада кептіруге жібереді.
Дәрілік шикізаты науа немесе түтік тәрізді қалыңдығы 2 мм дейін қабық кесінділер. Сыртқы беті тегіс немесе кедір-будыр, күңгірт-бурыл немесе сұрғылт-бурыл түсті. Сыртқы тоз қабатын аздап ысқылағанда тоз қабатының қызыл қабаты көрінеді. Ішкі беті тегіс, сары-қызыл немесе қызыл-бурыл түсті, 5% күйдіргіш сілті еретіндісімен әсер еткенде қан қызыл түске боялады. Қабық ағаштар мен бұталы өсімдіктердің қабық қоспалары болмауы керек.
Химиялық құрамы.Итшомыртың жаңа жиналған қабығында табылған біріншілік антранолгликозид – франгларозидтің құсық шақыратын қабілеті бар. Антранолдар мобильді қосылыстар бола отырып, ауадағы оттегінің әсерінен оңай тотыға алады. Сондықтан да итшомырттың қабығын бір жыл сақталған күйінде немесе франгуларозидтің тотығуын 1000С температурада бір сағат қыздыру арқылы жылдамдатыда. Нәтижесінде франгуларозид глюкофрангулинге айналады. Бұдан ары ферменттердің әсерінен глюкофрангулиннен глюкоза бөлініп шығады да биозид монозид – франгулинге айналады. Ары қарай франгулин қышқылдық ортада франгулоэмдинге және рамнозаға ыдырайды.
Сонымен қатар итшомырттың медицинада қолданылатын қабығында бір мезгілде глюкофрангулин, франгулин және франгулаэмодиндер бірге бола алады. Бұдан басқа қабығынан хризофанол және фисцион табылған.
Қолданылуы. Қабығы асқазан, қарын ауруы,тоқ ішек қабынуына, сабақтары мен қабығы әр түрлі жараларда емдеуге, ал сабақтары, қабағы және жемістері ішті айдайтын дәрі. Қайнатпасы, сығыны және препарат «Рамнил» ішті айдайтын дәрі. Ол «Викалин, «Викаир» деген препараттарға қосылып, тұтастырғыш тұрғыда қарын сөлі қышқылының кемуіне сүргі ретінде және қарын мен он екі елі ішек жараларын емдеуге «Холагол» препаратына қосып өт айдауға, терлеуге, өт тасы, өт қабының, бауыр мен өт қабының қабыну ауруларын емдейді. Тұндырмасы әйелдер жыныс мүшелерінің ауруларын, геморройға, іш қату Батыс Европа елдерінде бала түсіруге қолданылады.
Халық арасында шаншу, әсіресе жүрек және бүйрек шаншуына Базедов ауруына, ішек құрт, ақуыздың зат алмасу процесінің бұзылуынан буынның жуандап, сырқырап, ісініп ауруы, кексе әйелдің етеккірі тоқтап, бала табудан қалатын мезгілінің бұзылуы, бас айналғанда, жүректің тез соғуы, көңілсіз уақытында, дененің қышуы, сақина, бауырдың, өт жолының қабынуы ауруларына ем. Тер және жел куу қоспаларына кіреді, етеккірдің мезгілсіз келуі, етеккірдің шамадан тыс көп келуі ауруларына дәрі.
Қаражеміс жемістері – плоды жостера - Fructus Rhamni catharticae
Ішдәрі қаражеміс – Жостер слабительный – Rhamnus cathartica L.
Итшомырттар тұқымдасы – семейство крушиновые - Rhamnaceae
Сипаттамасы.Биіктігі 8 м дейін өсетін биік бұта немесе ағашты өсімдік. Бұталары қарам-қарсы орналасқан тікенді, қызыл-қоңыр қабықты. Жапырақтары қарама– қарсы орналасқан, домалақ-жұмыртқа тәріздес, шеттері ұсақ ара тісті, ұшы үшкір. Гүлдері ұсақ, бір жынысты, жасыл түсті, төртқырлы гүл тәжі бар, жемесе ұсақ, домалақ қара түсті ащы сүйекше. Мамыр – маусымда гүлдейді. Жемісі тамыз – қыркүйекте гүлдейді.
Таралуы. Ормандарда, бұта араларында өседі. Қазақстанның Қарақұм мен Қызылқұмнан басқа барлық аудандарында өседі. Бұдан басқа да Ресейдің Европалық бөліктерінің орманды, далалы аймақтарында, Сібірде, Қиыр Шығыста Закавказьеде таралған.
Дәрілік шикізаты. Піскен және жақсы кептірлген сүйек жемістерінің (Fructus Rhamni catharticae) көлденеңі 8 мм, қара түсті, 3-4 қырлы, бір бүйірінен дөңес бурыл түсті сүйектері бар. Шикізатта сыңғақ итшомырттың сүйек жеміс қоспалары болмауын қадағалау керек, себебі олар құсық шақырады.
Химиялық құрамы. Жемістері антратуындалыр, флаваноидтар бар, пектинді және бояғыш заттар, камедь, ащы заттар табылған.
Қолданылуы. Ғылыми медицинада өсімдікті іш жүргізетін дәрі ретінде қабылдайды. Халық медицинасында подагра, созылмалы тері ауруларында, гастритте, ішек атониясында қолданады.
Рауғаш тамырлары – корни ревеня - Radices Rhei
Таңғұт рауғашы – Ревень тангутский – Rheum palmatum L.var
tanuticum Maxim.
Тарандар тұқымдасы – семейство гречишные - Polygonaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 250 см.ірі тамырсабағы мен одан таралған көптеген ірі етті, сынығынан қарағанда сары түсті тамылары бар. Сабағында жапырақтары аз, жалаңаш. Тамырсабақтары ірі, сағағымен бірге ұзындығы 150 см-ге дейін жетеді, жапырақ тақтасының көлденең ұзындығы 75 см, кең жұмыртқа тәрізді 5-7 салалы қалың түк басқан. Гүлдері ақ-қызғылт немесе қызыл, ұсақ көп гүлді гүл шоғырына жиналған. Гүл аралығы қарапайым гүл тәжі тәріздес. Жемісі – 3 қырлы, қоңыр-қызыл түсті кең қанатты жаңғақ.
Таралуы. Жабайы күйде Солтүстік-батыс Қытайда және Тибетте орманда таулы шатқалдарда, тау өзендерінің жағалауларында теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте өседі. Ресейде Мәскеу, Воронеж, Новосбирск облыстарында, Украинада, белоруссияда өндерістік плантациялар бар.
Дәрілік шикізаты. Тамырлары (Radices Rhei) цилиндр тәріздес, жуан, сыртқы тоз қабатының түсі сұр-қоңыр түсті, ішкі жағынан қарағанда көптеген қызғылт түсті сызықтар мен дақтардан тұрады. Күйдергіш натр ерітіндісімен әсер еткенде рауғаштың ұнтағы қан-қызыл түске боялады.
Химиялық құрамы. Тамырлары мен тамырсабақтарында әсер етуші заттардың екі тобы болады олар: антрагликозидтер және илік заттар. Антрагликозидтер глюко-реум-эмодиннен тұрады да гидролиз кезінде хризофанол және глюкозаға ыдырайды, ал хизофанеин гидролиз кезінде хризофанол және глюкозаға ыдырайды; реохризин фисцион мен глюкозаға, глюко-реин реин мен гликозаға және глюко-алоэ-эмодин, алоэ-эмодин мен глюкозаға ыдырайды.
Иілік заттар тамырсабақтарында 12%-ға дейін болады. Тамысабақтары мен тамырларында шайырлы заттар, крахмал, пектинді заттар бар.
Қолданылуы. Ұнтақ күйінде ( Pulvis radices Rhei) per se немесе күрделі ұнтақ, таблетка, құрғақ экстрактсын 30% - дық этанолмен экстракциялау арқылы алады. Сулы препараттарында антрацендердің іш жүргізетін әсері көбірек байқалады. Спиртті препараттары құрамындағы заттардың комплексті әсерінен, әсіресе галлотаниндердің әсерінен асқорытуды жақсартады немесе іштің жүруін нашарлатады.

Құмды салаубас гүлдері – цветки бессмертника песчааного – Flores Helichrysi arenarii


Құмды салаубас, шайшөп – Бессмертник песчаный - Helichrysum arenarium (L.) Moench.
Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae
Сипаттамасы. Биіктігі 20-35 см-ге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары тік өседі, сыртына киіз сияқты тұтаса түк басқан, түсі ақшыл. Осы түктер өсімдіктң болмашы ғана ылғалдың өзіне тән буланып ұшып кетуден сақтайды. Шәйшөптің құрғақшылыққа те төзімді келетіні де осыдан. Жапырақтары да түкті кезектесіп орналасқан, төменгілерінің сабақтары ұзын, жоғарғылары сабақтың өзіне өскен. Гүлдері сары, олар өсімдіктің жоғарғы жағына себет тәрізденіп шоқталып өседі. Маусым айынан тамыз айына дейін гүлдейді.
Таралуы. Шайшөп құмды жерледе, аласа төбелердің етегінде, орман шетіндегі алаңдарда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Жалпы еліміздің Европалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірде, Монғолияда, Кіші Азияда, Батыс Қытайда таралған.
Дәрілік шикізаты. Гүл себеттері (Flores Helichrysi arenarii) гүлдері ашылмай тұрып, жаңадан ашылуында жиналады. Гүл шоқтары биіктігі 1 см-ге дейін етіп кесіп алады, 5-7 күннен кейін сол жерледен тағы да гүл шоқтарын жинауға болады. Сабағын немесе тамырын жұлуға болмайды. Жақсы желдетілген бөлмеді шикізатты қалыңдығы 2-3 см-дей етіп жайып кептіреді.
Химиялық құрамы. Гүлдерінің құрамында флавоноидтар (6,5% ), оның ішінде изогелихризин, гелихризин А, В, астрагалин, кемпферол -3-биозид, апингинин-5 глюкоздтер, нарингенин, кемпферол, лютеолин, апингенин, кверцетин болады.
Сонымен бірге, шикізаттың бойында эфир майы, ащы және иілік заттар, фиолохинон, ситостерин, шайырлар органикалық қышқылдар, каротиноидтар, С, К дәрумендері, кумариндер, үштерпенді сапониндер, бензофуранның, иметилроманның туындылары, сондай-ақ, фтал ангидридтің туындылары гепинерон, аренол, гомоаренол, шырыштар, калий, темір, марганецтің тұздары кездеседі
Қолданылуы. Құмдық салаубас өттің жүруін жақсартады, асқазан бездерінің жұмысын күшейтеді. Жоғарғы айтылғандарға байланысты шайшөпті өт жолдары қабығында және асқазан бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Бір-екі күннің ішінде – ақ аурудың жағдайы күрт жақсарады: жүректің айнуы және құсу азаяды, бауыр кішірейіп орнына келеді, бауыр тұсының ауырғаны қояды, көз қабыршағының және дененің сарғайғаны біртіндеп жойылады. Шайшөп өт қалтасына тас байлағанда, несеп жолдары және қуық ауырғанда қолданса өте жақсы нәтиже береді. Кейбір дәрілері көз ауруларын емдеу үшін қолданылады.
Долана гүлдері мен жемістері – цветки и плоды боярышника - Floreset fructus Carataegi
Алқызыл долана – Боярышник кроваво – красный – Crataegus sanguine Pall.
Раушангүлділер тұқымдасы – семейство рооцаетные - Rosaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 2-5 метрге дейін жететін ағаш. Діңінің қабығы қызғылт-қоңыр түсті, жылтыр тікенді, тікенінің ұзындығы 4 см. Жапырағы ірі, жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 2-6 см, тақасының стіңгі беті қою-жасыл түсті, астыңғы жағы ақшыл-жасыл түсті, қалың түк басқан, жиектері тегіс тәрізді шоғырлана жиналған. Жеке гүлі 5 тостағанша жапырақша, ақ-қызғылт түсті 5 күлтеден, 20 аталықтан, 3-4 жеміс жапырақшасынан, аналақтан тұрады. Жемісі ақшыл-қызыл түсті, жидек ішінде 3-4 сүйегі бар. Мамыр және қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі тамыз айында піседі.
Таралуы. Тобыл, Есіл бойында, Семей орманында, Көкшетау, Зайсан, Балқаш, Алакөл жағалауларында, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауларында өседі. Жалпы елімізідің Европалық бөлігінде, Батыс және Шығыс Сіберде, Моғолияда кездеседі.
Дәрілік шикізаты. Гүлдері мен жемістерін (Flores et fructus Carataegi) жинайды. Гүлдерін гүлдеудің алдында жинайды да, тездетіп себеттерге салып кептіреді. Кептіріштерде 30-400С температурада немес жақсы желдетілген бөлмеде жақсылап жайып кептіреді. Жемістерін себеттерге салып қойып, жұқалап жайып немесе кептіргіштерді 700С температурада кептіреді.
Химиялық құрамы. Долананың жемістері мен гүлдерінде үштерпенді қышқылдар, флавоноидтар бар. Оның ең бастысы және күштісі гиперозид болып саналады.
Флавоноидтардан басқа гүлдерінің құрамында азотты қосылыстар, ал жемістерінде кофе және хлороген қышқылдары, иілік заттар, үштерпенді қосылыстар ситостерин, майлар кездеседі.
Қолданылуы. Доланадан жасалған дәрілер орталық нерв жүйесін тыныштандарады жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналысын жақсартады. Медицинада доланадан гипертония мен гипертиреоз ауруын емдеу үшін және жүрек соғуының ырғағы бұзылғанда, жүректің тұсы ауырғанда, ұйқы қашқанда, жалпы нерв жүйесі әлсірегенде кеңінен қолданады.
Көк гүлкекіре гүлдері – цветки василика синего – Flores Centaurae Cyani
Көк гүлкекіре, көк кекіре – Василек синий - Centaurea cyanus L.
Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae
Сипаттамасы. Биіктігі 30-60 см-ге дейін жететін, сұрғылт-жасыл түсті екі жылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері өте әдемі қауашаққа жиналған, шетіндегілер үлкендеу, көгілдір қызғылт түсті, сирек болса да ақ түстілері де кездеседі. Гүл кекіренің бір немесе екі жылдығы болады. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.
Таралуы. Қазақстанның барлық аудандарында, еліміздің Европалық бөлігінен Қиыр оңтүстігі мен Қиыр солтүстігінен өзге аймақтарында, Кавказда, Сібңрде, Орта Азияда және Қиыр шығыста кездеседі. Бұл әсіресе, республикамыздың оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ Қостанай, Семей Шығысс Қазақстан облыстарында кең таралған. Оны кейде әсемдік ретінде өсіреді.
Дәрілік шикізаты. Гүл қауашағының шетінде өсетін гүлдері (Flores Centaurae Cyani) қолданаылады. Ортаңғы түкті гүлдерін қолмен жұлып жинайды, гүл табанын орамасымен қосып алып тастайды. Көлеңкеде жедел кепітіреді. Күннің көзінде кептіруге болмайды, өйткені шикізаттың өңі өзгеріп, сапасы төмендейді. Жинауды гүлдеу кезінде бір, екі жылдық жабайы өсімдіктерге жүргізеді.
Химиялық құрамы. Гүлдерінің бойында антоциан гликозидтері, флавоноидтар бар.
Көк гүлкекіре гүлдерінде ащы гликозидтер, иілік заттар, минералды тұздар кумариндер, мырыш, полацетилен қосылыстары бар.
Бал ара шаруашылығының өнімдері: Балауыз ( Cera), Прополис (Propolis ), Ара сүті ( Аріlасиm), Араның уы ( Аріtохіnum) , Гүл тозаны , Ара балы.
2. Балауыз (Сега) дегеніміз - араның балауыз өндіретін безінен шығатын ара өнімі. Ол сары немесе ақ түсті гидрофобты зат, сумен және басқа сүйықтармен бірікпейді. Суда және глицеринде және баска еріткіштерде ерімейді, спиртте өте нашар ериді, бірақ ішінара қайнап жаткан спіртте ериді. Органикалық еріткіштерде (бенинде, скипидарда, эфирде) ериді. Балқу температурасы 62,5-70°С.
Химиялық құрамы. Балауыздың шамамен химиялык дербес 15 компоненті бар, сондай-ақ оның күрамына балдың түсі мен хош иісін жақсартатын бояғыш және жағымды иісті заттар кіреді. Балауыздың кұрамы майлы қышқылдардың бір атомды спірттердің күрделі эфирлерінен түрады. Көп мөлшерде пальмитин кышкылының мелиссил спиртінің эфирі С31Р63ОН болады. Сонымен қатар, оның құрамында неоцеротин (С25Н50О2), церотин (С27Н54О2), монтан (С29Н.58О2), мелиссин (СзіН^^Оз) кышқылдар және неоцерил (С25Н5.ОН), церил (С2і5Н5зОН). мерішил (СюНбіОН) және мелиссия деген спирттер кездеседі. Сары балауызда каротиндер және А дәрумені, ал ак балауызда олар ағартылғанда ьідырайды.
Қолданылуы. Фармацевтикалык тәжірибеде балауызды май дәрілерді және бұласыр массасын дайындау үшін қолданылады. құрамында балауз бар май дәрілерді жараға немесе жарақаттанған жерге, күйікке қолданса жақсы нәтіже береді, себебі А дәруменің әсеріна байланысты болып есептелінеді.
3. Прополис (Ргороlis) – ара жемісі жоғары молекулалық органикалық зат. Ол екі грек сөздерінен: Рго- алдынғы және роlis - қала құралған. Ара жан ұясы өмірінде манызды роль аткарады. Аралар прополиспен ұяның жарықтарын бітейді. үялардьң фальцаларын, рамкалардын иіндерін бекітеді, бал мен гүл тозаңьна қойма болатын және личинкаларға тербетпелі орьн үшін қызмет ететін балауыз үяшьқтарын өңдейді. Омартаға келіп кірген және араның уымен уланып өлген кесіртке, жылан, тышқандарды аралар прополиспен орап бекітіп тастайды, сөйтіп омартанын мыңдаған тұрғын араларын жағымсыз иіс- қоқыстан, бактериялы өсімдіктерден қорғап, балдьң іріп-шіруіне бөгет жасайды
Химиялық қүрамы. Прополисте орта есеппен 55% қара май және бальзам, 10% хош иісті эфир майы, 30-35% балауыз және 5% гүл тозаны болады. Соңдай-ак, оның құрамында флавоноидтар (халкон, флавонол) дәрумендер, ал күлінде темір, марганец, кальций, алюминий, кремний, ванадий, стронций табылған. Прополистің органикалық қосылыс болып табылатындығы, онда күл компоненті, бәрінен бурын фитонцидтер әсер ететін ұшпалы эфирлері бар екендігі аныкталған.
Қолданылуы. Медицинада прополистен дайындалған дәрілер әр түрлі сырқаттар жөнінде: тыныс жолдары ауырғаңда, өкпе туберкүлезі және бронхитті, іштегі жараны емдеуге, ұзаққа созылған ірінді сырқаттар, жазылуы қиын жаралар, пневмония сиякты аурулардын алдын алу және емдеу, балаларда болатын бронхитті демікпе сыркатына прополис үсынылады, Дерматология, хирургияда, стоматологияда, отоларингологияда, гинекологияда, тіпті шаштың түсуі сияқты сырқаттарға да қолданады.Ауыз шаюға прополис экстрактысынын 10-15%-тік спиртті су ерітіндісін (бір стакан суға 20 тамшы) ұсынуга болады. Жоғары сортты прополисты тыныс жолдары мен өкпе сырқаттанған кезде тамақ булау ретінде пайдаланады. Дәрі-дермектер, Пропоцеум, пропосол, 10-15%-тік спиртті су ерітіндісі.
4. Ара сүті (Аріlасum) - латын сөзі аріз- ара, Іас- сүг. Сүт қоректідердін буздерінен сүттің бөлініп шығатыны сияқты ара сүті асыраушы аралардың бас бездерінен (жүтқыншак, жоғарғы жақ сүйек және аллотрофтық секрет) өндіріледі. Сүт алу үшін үрғашы араны үясынан әкету керек, аралар тек сонда ғана ұя сала бастайды (кейде ондаған үя салады). Ондаған немесе жүздеген үрғашы ара үясын жинап болғаннан кейін ұяны ұзынынан екіге бөліп тіліп, шыны қалақшаның көмегімен ара сүтін іліп |альп мойны кең бөтелкелерге салады да аздап стабилизатор күяды (40 %-тік спирт).
Химиялык кұрамы. Табиғи ара сүтінде 18% ақуыз, 10-17% қант,;5,5% май жөне 1%-тен астам минералды түздар болады. Ара сүті дәруменге бай келеді, оның қүрамында Ві, В;, В3, В6, С, В!2, РР. Н дәрумендері бар. Онда С, А (каротин) және Д дәрумендері аз болады.
Қолданылуы. Ара сүті жүрек қан тамыры жүйесі, асқазан, ішек жолдары сырқаттанған кезде, туберкулез және бруцелез, артріт және т.б. сырқат кездерінде сыналып және қолданыльп жүр. Бүл сүтте ацетилхолин - қан тамырларын кеңейтетін зат көп мөлшерде болады, сондықтан ол гипертония ауруы кезінде жақсы әсер етеді. Гипертония ауруын емдеүге де ықпал жасайды. Сөйтіп ара сүті кан қысымын реттеуші болып табылады: гипертониямен сырқатанған адамның қан қысымын төмендетеді, ал гипотония кезінде қан қысымын өз нормасына дейін арттыра түседі. Ара сүтін зат алмасуын қалыпқа келтіреді, семіруге және азып кетуге қарсы қолданылады, ағзаның жүқпалы ауруға шыдамдылығын күшейтеді, денедегі бездердің (эндокрин) функциясын реттейді, атеросклероздьі және коранарлык жетіспеушілікті емдейді.
5. Арааың уы (Аріtохіnum). Халық медицинасы қазынасынан алынған дәрі-дәрмектік заттар аз емес. Солардың ішінде ерекше ғажайып көрінетіні аранын уы - аріз- латынның ара деген сөзінен, гректің tохікоn- у деген сөзінен алынған. Жүмысшьі араның шағатын күрделі аппараты болады, ол карьнның. соңғы шеңберінде орналасқан. Бүл аппарат жылжымадан, екі қанжаршадан үш пар хитиндық пластикалардан (сопақ үш бұрышты, төрт бұрышты) тұрады және екі улы безден (улкен және кіші) құралады. Қанжарша дегеніміз ұшында оншақты тісі бар жінішке ине тәрізді хитинді таяқша. Шакқан кезде қанжарша жылжыманың шегінен шығады да теріге кіреді, ал безгек қанжаршасымен улы бездер жалғасқан. Үлкен ульі без (өте қышқыл секретті) жіп сияқты үзын түтікшелерден қүралады. түйінше тарамдалып басталып, улы без резервуарының кеңейген бөлігімен аяқталады. Үлкен улы бездің жіп сиякты бөлігінен у жасалып, шығады. ол шаққанға дейін резервуарға - улы торсықшаға құйылады. Кіші улы без (әлсіз сілтілі секретті) күлте түтік, жылжыманың жанынан ашылады. Аранын уы жылжыманың астыңғы жағындағы науашамен келіп жараға құйылады. Шағар кезде шагатын аппарат ашылады, жылжыма бұлшық етінің жиырылуы нәтижесінде безгек теріге бойлап кіе түседі. Араньң уы мөлдір, откір иісті болады, балдын иісін еске түсіреді, ащы дәмі аүыз куырады, қышқыл реакциялы болады. Суда және қышқыл заттарда тез ериді.
Химиялық құрамы. Араның уында кұмырсқа, түз, фосфор қышқылдары болады. Удың құрамында 1%-ға дейін сакталатын гистаминнің, құрғак бал салмағынын 0,4%-ын құрайтын фосфор қышқылды магнийдің және ацетилхолиннің мол молшерінің емдік маңызы үлкен деп есептеуге болады. Сондай-ақ гиалуронидаз бен фосфолипаз ферменттерінің зор маңызы бар. Аранын уында жоғары молекулалық болатын ақуыздык заттар бар, олар мелилитин деп аталады. Бүл удан І8 амин қышқылы табылған: аланин, валин, гликокол, лейцин, серин, лизин, аспарагин, глютамин кышкылдары, сондай-ак мыс, калцый, күкірт, фосфор, эфир май. ақуыз және т.б. заттар бар. Қолданылуы. Ара уының антибиотиктік, қабынуға қарсы, қан кысымын төмендететін. ауруды басатын қасиеттері бар.Араның уынан даярланған дәрілер ревматизм сырқаттарыңда (полиартрит, ревмокардит, ревматизм және т.б.), жүйке тамыр жүйесінін ауруларында (жая, бел сүйектегі кұяң, шаттың. ортан жіліктің, беттің және басқалардың жүйкелерінің қабынуы, полиневрит және т.б.), трофикалық жараларды жәнс баяу ісінетін жараларда, қан тамырларының хирургиялық сырқаттарында (іріңдемейтін тромбофлейбит, экдатеркоз, бақайлардың қан тамырларының атеросклероздың зақымдануы), бронхитті демікпені, гипертонияны, иритгерді және придоциклиттерді, тиреотоксикоздарды емдеу үшін қолданылады.
Қызыл таспа, құс таран шөбі – трава спорыша – Нerba Polygoni avicularis
Қызыл таспа, құс таран – Горец птиций, спорыщ - Polygonum aviculare
Тарандар тұқымдасы – семейство гречнишные – Polygonaceae
Сипаттамасы. Бір жылдық, сабағының ұзындығы 10-40 см, тік сабақты шөптесін өсімдік. Негізінен бұтақты, жапырақтары қандауыр тәрізді. Маусым-қазан айларында гүлдейді.
Таралуы. Бұл топырақ талғамайтын өсімдік. Жолдардың, су қоймалардың жағасында өседі. Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Украинада, Евразияда, Солтүстік Америкада, Австралияда таралған.
Дәрілік шикізаты. Жер үсті бөлігін (Нerba Polygoni avicularis) өсімдік гүлдеген кезінде орып жинап алады.
Химиялық құрамы. Шикізаттың бойында флавоноидтар, К дәрумені бар Флавоноидтардан басқа шөбінде иілік заттар (15%), аскорбин; галло, сірке, май ышқылдары, пектин (5,4 % ), кілегей, эфир майы (0,05 % ), флабафендер, кальций тұздары, қант болады
Қолданылуы. Медицинада қан тоқтататын дәрі ретінде жатырдан қан кеткенде қолданады. Несеп жолдары қабығында, бүйрекке тас байлағанда пайдаланса өте жақсы нәтиже береді. Қызыл таспаның мал азығында маңызы зор. Өсімдікті мал сүйсініп жейді. Тамырларынан көк түсті бояу алынады.
Қызыл таспа, құс таран – Горец птиций, спорыщ - Polygonum aviculare
Көк гүлкекіре гүлдері – цветки василика синего – Flores Centaurae Cyani
Көк гүлкекіре, көк кекіре – Василек синий - Centaurea cyanus L.
Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae
Сипаттамасы. Биіктігі 30-60 см-ге дейін жететін, сұрғылт-жасыл түсті екі жылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері өте әдемі қауашаққа жиналған, шетіндегілер үлкендеу, көгілдір қызғылт түсті, сирек болса да ақ түстілері де кездеседі. Гүл кекіренің бір немесе екі жылдығы болады. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.
Таралуы. Қазақстанның барлық аудандарында, еліміздің Европалық бөлігінен Қиыр оңтүстігі мен Қиыр солтүстігінен өзге аймақтарында, Кавказда, Сібңрде, Орта Азияда және Қиыр шығыста кездеседі. Бұл әсіресе, республикамыздың оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ Қостанай, Семей Шығысс Қазақстан облыстарында кең таралған. Оны кейде әсемдік ретінде өсіреді
Дәрілік шикізаты. Гүл қауашағының шетінде өсетін гүлдері (Flores Centaurae Cyani) қолданаылады. Ортаңғы түкті гүлдерін қолмен жұлып жинайды, гүл табанын орамасымен қосып алып тастайды. Көлеңкеде жедел кепітіреді. Күннің көзінде кептіруге болмайды, өйткені шикізаттың өңі өзгеріп, сапасы төмендейді. Жинауды гүлдеу кезінде бір, екі жылдық жабайы өсімдіктерге жүргізеді.
Химиялық құрамы. Гүлдерінің бойында антоциан гликозидтері, флавоноидтар бар. Көк гүлкекіре гүлдерінде ащы гликозидтер, иілік заттар, минералды тұздар кумариндер, мырыш, полацетилен қосылыстары бар. Қолданылуы. Көк гүлкекіренің гүлдерін несеп жүргізетін, көз ауруларына қарсы дәрі ретінде қолданылады. Өсімдіктің гүлдерін нефритке яғни, бүйректің қабынуына , несептің жүрмей қалуына немесе қуықтың қабынуына, бүйрекке тас байлағанда қарсы ішіледі.
Көк гүлкекіре, көк кекіре – Василек синий - Centaurea cyanus
Шелна тамырсабақтары мен тамырлары – корневища и корни кровохлебки - Rhizomata et radices Sanguisorbae Дәрілік шелна - Кровохлебка лекарственная - Sanguisorba officinalis Раушангүлділер тұқымдасы – семейство рооцаетные - Rosaceae Сипаттамасы. Биіктігі 100 см. көпжылдық шөптесін өсімдік. Жуан, көлденең орналасқан ағаштанған амырсабағы мен ірі тармақты тамырлары бар. Тамыржапырақтары ірі, ұзын сағақты, күрделі, тақсалаланған 7-25-тен ұзынша өткір тісті жапырақ күлтелірі бар сабақ жапырақтары отырмалы, сирек орналасқан, күрделі, жоғары қарай кеми береді. Гүлдері қою-күлгін түсті, қосжынысты немесе аналық гүлдерден тұрады, сопақ, масақ тәрізді гүл шоғырларын түзеп ұзын гүл табанынан орналасқан. Жаздың соныңа қарай гүлдейді. Таралуы. Сібірде, Қиыр Шығыста, Ресейдің Европалық бөліктерінде, Кавказда, Қырымда таралған. Шалғынды жерлерде, ашық алаңқайларда, сирек ормандарда, батпақты сазды жерлерде ну құрап өседі. Дәрілік шикізаты. Күзге қарай жер асты бөліктерін (Rhizomata et radices Sanguisorbae) түгел жинап алады да топырағынан тазартып, бөліктерге келіп, кептіреді. Дайын шикізаты тамырсабақтары мен тамырлары цилиндр немесе бұрыс формалы, ұзындықтары 10-15 см, жуандығы 1-2 см кесінділер. Сыртынан қарағанда қара-бурыл, ал сынығынан қарағанда сары түсті. Дәмі күшті бырыстырғыш, иіссіз. Химиялық құрамы. Иілік заттардың гидроизденген тобынан тамырсабақтарында 12-13% ,тамырларында 16-17 % табылған. Бұдан басқа галла және эллага қышқылдары бос күйінде табылған. Сонымен қатар, сапониндер сангвисорбин және потерин (4 % дейін), стериндер мен крахмалдың көп мөлшері кездеседі. Жапырақтарында 0,9% дейін аскорбин қышқылы, флавонидтар табылған. Қолданылуы. Өсімдіктің сұйық экстрактсы мен сулы қайнатпасы н энтероколитте, интоксикациялық және гастрогенді іш өтуде қолданады. Жатырдан әсіресе, гемморойидан қан кеткенде күшті әсері бар. Халық медицинасында кеңінен қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет