Қағазды хроматографияны және келесі айқындағыштарды пайдалан: Қағазды хроматография үшін пайдаланған еріткіштер жүйесі: 1. Бутанол: сірке қышқылы: су (БСС) (40:12,5:29)
2. 6%-тік сірке қышқылы
3. Бутанол: сірке қышқылы: су (6:7:3) + 0,01г нингидрин
4. ЭА: Нас: су (5:3:2)
5. Бензол: сірке қышқылы: су (6:7:3)
6. Бутанол: сірке қышқылы: су (6:7:3)
2.1.1 Қағазды хроматография үшін айқындағыштар-
1. Алюминий хлориді 1%-ті алюминий хлоридінің этанолдағы ерітіндісі, флавоноидтарды айқындау үшін қолданылады.
2. Диазотталған п-нитроанилин (ДЗПНА) 0.3%-ды п-нитроанилин ерітіндісін 8%-ды тұз қышқылында дайындап, 5%-ды натрий нитритінің бірнеше тамшысын қосып, пайдаланар алдында араластырады, қоспаны тек пайдалану кезінде даярлайды. Хромотограммаға дайындалған ерітіндіні бүркеді де, бөлме температурасында кептіріп, содан кейін 20%-ды сода ерітіндісімен өңдейді.
3. о-толуидин айқындағышы 96%-дық 10 мл этанолда 0.4 г салицил қышқылын және 0.5 мл о-толуидинді ерітеді. Хроматограмманы айқындағышпен өңдеп, кептіріп, 5 минут 105ºС температурада қыздырады.
4. Нингидринді реактив Нингидриннің ацетондағы 1%-тік ерітіндісі, амин қышқылдарды анықтайды.
5. Ванилинді реактив Тұз қышқылындағы 1%-дық ванилин ерітіндісі, флавоноидтарды анықтайды.
6.Аммиак буы Флавон, флавонолдарды анықтайды.
жұқа қабатты хроматография үшін еріткіштер жүйесі:
1. хлороформ:гексан 8: 2
2. хлороформ: ЭАс 8:2
3. гексан: ацетон 8:2
4. гексан : этанол 9:1
Жұқа қабатты хроматография үшін айқындағыш:
SeSO4 6%
Өзін-өзі дайындауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Неліктен инфузия мен қайнатпа зауытта дайындалмайды?
2. Қайнатпаның инфузиядан айырмашылығы неде?
3. Неліктен алкалоидтарды алу кезінде суға хлорсутек қышқылы қосылады?
№ 2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.