ә)
цехтарда өсіру;
б) өндірістік ферментерларда өсіру;
❑
Ашытқыны бөліп алу.
❑
Престеу ж/е қаптау.
❑
Кептірілген ашытқыны алу ж/е қаптау.
Нан және нан бөлішке өнімдерінің жіктелуі
Нан өте кең тараған өсімдік текті өнім. Нанды органолептикалық
белгілері (сыртқы түрі, жұмсағының күйі, дәмді және иісі)
және физика
химиялық корсеткіштері (ылғалдылығы, қышқылдылығы, шұрықтылығы)
бойынша бағалайды.
Нанның құрамындағы заттардың (ақуыз, көмірсу, майлар,
витаминдер,
т.б.) мөлшері пайдаланылған ұнның сортына, түріне байланысты болады.
Нанның кең тараған сорттарында көмірсу – 40,1-50,1% (соның ішінде 80%
крахмалға тиесілі), ақуыз – 4,7 – 8,3%, май – 0,6 – 1,3%, су – 47,5%.
В тобының витаминдерінің 50% адам күнделікті нанды тұтыну арқылы
организміне қабылдайды. Нандағы витаминдердің
мөлшері ұнның сортына
байланысты. Дәндерді ұнтақтағанда 65% витаминдер жойылады.
Нан сонымен қатар минералды заттардың көзі болып табылады. Нанда
күкірт, калий, фосфор, магний, және аздаған мөлшерде – хлор, кальций,
натрий, кремний, т.б. болады. Төменгі сортты ұннан жасалған нанда
минералды заттардың мөлшері жоғары. Нанның
биологиялық құндылығы
аминқышқылдарының құрамымен, витаминдермен,
полиқанықпаған май
қышқылдарымен, ал энергетикалық құндылығы оның химиялық құрамымен,
ұн сапасымен және рецептурамен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: