қатынастарды реттеу арқылы әлемдік дау-жанжалдар мен қарама-қайшылықтарды реттеуші ролін
атқарады. Саясаттың өңірлік идея бір-біріне географиялық тұрғыдан жақын орналасқан бірнеше
мемлекеттерді қамтиды. Оған орталық Азия, Шығыс Еуропа өңірлерін мысалға келтірумізге
болады. Саясаттану ұлттық деңгейі жеке мемлекеттің кеңістігімен шектеледі. АҚШ-та федерация
деңгейінде жүргілетін саясат, Қазақстан Республика деңгейінде жүргізетін саясаты ұлттық саясат
деп аталады. Саясаттың жергілікті деңгейін елдің әкімшлік аумақтық бірлігіне сәйкес анықтауға
болады. Ол әр мемлекетте әртүрлі. Мысалы, Қазақстанда облыс, қала, аудан, село дегенді білдіреді.
Процестің әрбір кеңістігінде арнайы институттар, қатынастар, дау жанжалдарды теңдендіру мен
тартыстарды реттеу қалыптастырады. Зерттеуші Рексфорд мемлекеттік саясатты қалыптастыруға
қатысу дәрежелеріне қарай саясат дәрежелерін микро саясат – саясаттың қосалқы жүйесі, макро
саясат деп бөледі.
Саясаттағы мақсаттар мен құралдар қатынасы мәселесі барлық кезеңдерде өзектілігін
жоғалтпайды. Саясаткерлер өз мақсатына жету үшін қатал құралдарды жиі қолданады. Көптеген
саясаткерлер Н. Макиавеллидің «Мақсат барлық құралдарды ақтайды» пікірін басшылыққа алады.
Демократиялық қоғамдағы саясаттың негізгі мақсаттарына жатады: қоғам мүшелері мүдделерінің
жалпылама және жеке қажеттіліктерін келісіммен жүзеге асыру; қоғамдағы құқықтық тәртіпті
қолдау және қақтығыстарды реттеу; қоғамдық істерді басқару; қоғам мүшелерін қорғау. Саяси
мақсаттарға жету үшін ерекше құралдар, әдістер, тәсілдер, ресурстар қолданылады. Саясаттағы
құралдар ретінде заңнамалық құжаттар, сайлау, қоғамдық пікірлер, әскери көтерілістер, бұқаралық
қуғындаулар, қарулы күштер, қаржы, идеология, демагогия, параға сатып алу, бопсалау
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: