Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет27/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Дәріс 6. Қоғамның саяси жүйесі. 
1. Саяси жүйе ұғымы мен құрылымы
2. Саяси жүйенің функциялары
3. Саяси жүйенің жіктелуі
4. Саяси жүйе бағдарлары: консервативті, өзгертуші 
Саяси ғылым – саяси жүйелердің қызметі мен өмір сүруі туралы ғылым. 
Д. Истон 
1. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы – саясаттану ғылымыңдағы өте күрделі мәселелердің бірі. 
Саяси жүйе – қоғамдық жүйенің, құрамдас бөлігі, қоғамдық жүйе саяси жүйеден бұрын 
қалыптасқан. Қоғамның саяси жүйесі – саяси қатынастарды, саяси сананы, саяси нормалар мен 
қағидаларды қоғамның саяси ұйымдарын қамтитын саяси қондырманың ең басты бөлігі. Саяси 
жүйе ұғымы көптеген қоғамдық ғылымдардың назарында болып әр қырынан зерттеліп келеді. Ал 
саясаттану ғылымы саяси жүйені, қоғамның негізгі салаларындағы маңызды саяси құбылыстарды 
әрекетке келтіріп реттеп тұратын біртұтас әлеуметтік механизм деп қарайды. Саяси жүйе, 
қоғамның саяси әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тұтас саяси организм. 
Саяси жүйе негізін саяси билікке, ең бастысы мемлекеттік билікке қатынасы бар таптар, ұлттар ірі 
қоғамдық жіктер мен әлеуметтік топтар құрайды. Саяси жүйе қызметі болып жатқан саяси 
қатынастардың даму денгейіне тікелей тәуелді болады. Саяси қатынастардың дамуы саяси 
институттармен ұйымдардың өмірге келуіне ерекше әсер етеді. Өйткені бұл аталған саяси 
мекемелер арқылы, таптар мен әлеуметтік жіктер, топтар өздерінің мүдделерін жүзеге асырады. 
Сондықтан таптар мен адамдардың әлеуметтік қауымдастықтары, көпшілік (қауым) қоғамның 
саяси ұйымдастырушы элементтері болмағанмен, сол қоғамның саяси жүйесінің әлеуметтік негізін 
құрайды. Ол саяси жүйе пайда болатын базис болып табылады. Ал мемлекет партия және 
қоғамдық саяси қозғалыстар, еңбек ұжымдары, саяси жүйенің негізгі элементтері. Сөйтіп, саяси 
жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады. Қоғамның саяси жүйесі деп 
билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін саяси субъектілер арасындағы 
өзара қатынастардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес қоғамдық институттардың, құқықтық 
және саяси нормалардың тұтас жиынтығын айтады. «Саяси жүйе» ұғымына қарағанда «саяси 
өмір» ұғымының мағынасы кең, ол қоғамдағы барлық дәрежедегі саяси байланыстарды, 
құбылыстарды, процестерді қамтиды. Саяси жүйе – саяси өмірдің бір бөлігі ғана. 
«Жүйе» ұғымын ХХ ғас. 20 шы жылдары ғылыми айналымға енгізген неміс биологы Л. Фон 
Борталанфи (1901–1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету 
үшін пайдаланды. Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдалыныла бастады. 
Социологияда қоғамды жүйелік түрде талдаған – Т. Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста 
болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктің 
әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, 
жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді. 
Саяси ғылымда «саясат», «саяси өмір», «саяси құрылыс» деген ұғымдармен қатар «қоғамның 
саяси жүйесі» деген түсінік те кең орын алды. Бұл саланың бүкіл әлемде жан-жақты және терең 
зерттелуінің нәтижесінде ол теориялық деңгейге жетті. «Қоғамның саяси жүйесі» теориясының 


пайда болғанына да көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында АҚШ және 
Канада ғалымдары Габриель Алмонд және Дэвид Истон саясаттану ғылымына енгізді. 
Г. Алмонд жөнінде жоғарыда мәлімет келтірілген болса, ал Дэвид Истон - Канада ғалымы, 1917 
жылы туылған. Калифорния университетіндегі саяси ғылым профессоры, 1968-1969 жылдары 
саяси ғылымның Американдық ассоциациясының президенті болған. Саяси саланы зерттеуде 
бірінші болып жүйелік тәсіл енгізді. Қоғамның саяси жүйесі мәселелеріне арналған «Саяси жүйе», 
“Саяси жүйелерді зерттеу әдістері», «Саяси өмірді зерттеу жолдары» деген еңбектер жазған. 
Габриель Алмонд пен Давид Истонның қағидалары бойынша, қоғамның саяси жүйелері 
төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: 1. Саяси билік (мемлекет және оның барлық 
құрылымдары) 2. Заңдар, жарғылар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар (құқықтық, моралдық тәртіп пен 
принциптер, өнеге-салт) 3. Азаматтардың өзіндік бірлестіктері (саяси партиялар, қоғамдық 
ұйымдар мен қозғалыстар) 4. Қоғамның саяси мәдениеті (саяси білім, құқықтық мәдениет, саяси 
идеология, саяси сана, азаматтардың саяси іс-қимылдары) Бұл аталғандар саяси жүйенің негізгі 
элементтері, саяси жүйенің өзі емес; саяси жүйе құрайтын осы элементтердің ара-қатынасы. 
Жоғарыда аталған ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша, әрбір қоғамда адамдардың, 
ұйымдардың өзара қарым-қатынасы бірінен бірі туындайтын мынадай буындардан тұрады: - 
ұсынушылар (ұсыныстар, өтініштер); - шешімдер (қолдау, қолдамау, заңдар); - қорытындысы (іс-
қимылдар, іске асырылуы). 
Ғалымы Давид Истон саяси жүйені, қоғамдағы игілік көздері қалай бөлінеді, әділетті ме әлде 
әділетсіз бе осыған қарап анықтайды. Қоғам мүшелерінің арасындағы дау жанжалдар осыған 
байланысты өздігінен реттеліп отырады. Ол саяси жүйенің басты екі міндетін бөліп қарайды: 1) 
саяси жүйенің қоғамдағы байлықтарды дұрыс бөлетіндей қабілетінің болуы; 2) саяси жүйе қоғам 
азаматтарының осы бөліністің міндетті деп қабылдауына көздерін жеткізуінде дейді. Осының 
нәтижесінде қоғамдағы сұранысқа ұсыныс қызмет көрсетіп халықты қанағаттандыра алатындай 
дәрежеде болуы тиіс. Ал, ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе 
сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланыста болады. Кірістің өзі екеу 
болады. Олар мынадай: біріншісі, саяси жүйеге қойылатын талаптар да, екіншісі сол өмір сүріп 
отырған саяси жүйені үнемі қолдап отыру. Мысалы, елдегі демократиялық өзгерістерді 
жылдамдату, халықтың күн көрісін төмендетпеу т.с.с. жатады. Ал, қолдау арқылы саяси жүйе 
күшейе түседі. Қоғам өміріндегі дағдарыс тұсында халықтың саяси жүйеге түсіністікпен қарауы. 
«Кіріс» барысында сыртқы орта саяси жүйеге ықпал жасайды. Саяси жүйе қоғамдағы қордаланып 
қалған әртүрлі мәселелерді шешіп реттеуге міндетті болады. Ал осыларды шешу, реттеу «шығыс» 
арқылы жасалады. Егер де билік басындағылар қоғам мүшелерімен санаспаса, олардың, 
шешімдері қолдау таппайды. Саяси жүйедегі «кіріс» пен «шығысты» реттеп отырмаса, онда ол 
қайшылыққа апарады. Саяси жүйенің төрт түрі болады: 1. Топтар мен жеке адамдардың іс-
қимылын, әрекеттерін басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2. Өзінің қызмет етуіне қажетті 
экономикалық жэне басқа қорларды табу мүмкіндігі; 3. Қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік 
(озат) белгілерді және т.с.с, бөлу мүмкіндігі; 4. Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап 
берерлік қалып, жаңа жағдайға бейімдеушілік мүмкіндігі. Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан 
әрі дамытты. ХХ ғ. 50-60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын 
Америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс саяси 
жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді.
Ол саяси жүйеге рөлдер мен оларың өзара қатынастарының жиынтығы ретінде қарады. Олар 
үкіметтік институттар арқылы ғана емес басқа да саяси астары бар құрылымдар арқылы да жүзеге 
асырылады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2 деңгейді – институционалдық және бағдарлық 
баса айтты. 
Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктіктері де бар. Д. Истон мен Г. Алмонд олардың төрт түрін 
көрсетеді. 1) топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу 
мүмкіндігі; 2) өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға 
байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік (озаттық) белгілерді 
және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі. 4) әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап 
берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П. Шарон бұл 
төртеуіне бесіншісін – ішкі жағдайын басқара алатын өзін-өзі реттеу мүмкііндігін қосады. Осының 


бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік 
организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек. 
Саяси жүйенің құрылымына келетін болсақ, зерттеушілер саяси жүйенің мынандай негізгі төрт 
бөлігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси ережелер; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет.
Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, 
кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі 
таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда 
болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. 
Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, яғни 
басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын құрғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы 
аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.б.) 
болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс–тұрыс, іс–әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам 
атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл 
атқарғандар – саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, 
идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат 
салысады.
Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олардың рөлі, әсіресе, феодалдық қоғамда 
зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігін де өздеріне қаратқысы келді. Сондықтан олар 
мемлекеттік билікпен қатар өздерінің заң шығарушы, атқарушы, сот билігін де құрды. 
Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық 
бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мелекеттің арасындағы қатынастар кіреді. 
Олардың басқа (экономикалық, ұлттық, діни, отбасылық және т.с.с.) қатынастардан 
айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. 
Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси 
институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін 
құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа 
нормативтік актілер жатады. Оларға белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан 
шаралар қолданылады. 
Саяси жүйенің төртінші бөлігі – саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс–әрекетте, саяси 
көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, 
саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз 
дамып отырады.
Сонымен, саяси жүйе дегеніміз - билік пен басқару құрамын қалыптастыру арқылы өз 
мүдделерін іске асыру қызметін атқаратын қоғамның саяси субъектілері арасындағы біртұтас, 
тұрақты қарым-қатынастар жиынтығы. 
2. Саяси жүйенің атқаратын функциялары, яғни қызметтері сан-алуан:
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол 
биліктің қалыпқа келтірілген, ережелерде, реттеліп бекітілген, яғни институцианалдық жағдайға 
келтірілген түрі. Осыдан конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарылады. Сол 
арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады. 
2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік 
халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 
Ол әлеуметтік институттар қызметінің, мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды 
орындаудың саяси жобаларын жасайды.
3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушы, топтастырушы рөл атқарады. Олар барлығына ортақ 
әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтар айналасында бірігеді. Саяси жүйенің функциялары.
4. Экономиканың қалыпты жұмысына дамуына, прогресті дамуына қажетті жағдайлар жасап 
отыру. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құрал-жабдықтарының меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан 
бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді.
5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, 
ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери, экономикалық, информациялық) жәнет.с.с. 


Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті 
қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара 
қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтықғын айтады. Бұл жүйе саяси деп 
аталады. Ол қоғамның тұрақтылығын және әлеуметтік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. 
Қоғамның саяси жүйесінің дамуының басты бағыты - терең демократиялық өзгерістер жасау, 
бюрократтық-әкімшілдік басқарудан айырылу, жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарын 
толық қамтамасыз ету, құқықтық мемлекетті қалыптастыру, көппартиялық пен саяси плюрализмді 
дамыту, заң шығарушы, істі атқарушы және сот органдарының дербестігін қамтамасыз ету, саяси 
билікті жүзеге асыру, елдің толық тәуелсіздігіне қол жеткізу. Сонымен саяси жүйе қоғамдық 
өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды реттеп отырады. 
Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей болмайды. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне 
сай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды. 
3. Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр 
жақтан қарайды, әртүрлі өлшемді (критериді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық 
көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінің және қоғамның таптық құрылымының 
өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп 
бөледі. Әлеуметтік негізге сай жіктелгенде әскери және азаматтық басқару ұлттық - 
демократиялық немесе буржуазиялық-демократиялық жүйе болып бөлінеді. Әртүрлі өлшемдерге 
сүйенген батыс саясаткерлерінің саяси жүйелерді түрлеріне қарай топтауларының мәні ерекше. 
Елдегі басқарудың саяси тәртібіне қарай саяси жүйе демократиялық, авторитарлық және 
тоталитарлық болып бөлінеді. Саяси тәртіп дегеніміз – конституциялық заңдар жиынтығы, 
мемлекеттік құрылыс, оны басқарудың бейнесі. Зерттеуші ғалымдардың көпшілігі саяси тәртіптің 
қандай дәрежеде екенін белгілейтін өлшем ретінде демократиялық дамуы мен қоғамның 
мүшелерінің саяси белсендігін алады. Осы негізге сүйене отырып олар саяси жүйені 
демократиялық және антидемократиялық деп бөледі. Демократиялық жүйеде өкіметтің билігін 
шектеп Саяси жүйенің жіктелуі отыратын, бақылау механизмі мықты болады. Биліктің 
демократиялық тәртібі екіге бөлінеді. Олар – президенттік және парламенттік басқару. Бүгінгі 
таңда 25 мемлекетте саяси өкімет билігі конституциялық монархияның қолында болса, төрт елде 
шексіз билікті иемденген діни ұйымның қолында. Әлемнің көпшілік мемлекеттерінде биліктің 
демократиялық, республикалық жүйесі орнаған. 1990 жылы 24 - сәуірде Қазақстанға Президенттік 
басқару жүйесі енгізілді. Президенттік билеу кезінде атқарушы орган парламентке бағынбайды. 
Елдің атқарушы үкіметі бес жылға жалпы халықтық сайлау нәтижесінде сайланады. Заң шығару 
құқығы парламенттің құзырына енген. Ал биліктің парламенттік нысаны бойынша ел басшысы 
парламентке бағынады. Бұл тәртіп кезінде заң шығарушылық та, атқарушылық билік те 
парламенттің қолында болады. Атқарушы орган қызметін парламент арқылы жүргізді. Қазірде 
әлемде парламенттік мемлекеттердің әр түрі бар. Мысалы, парламентке сайланған депутаттар 
коалициялық кабинет құрады. Мұндай кабинетті парламентте жеткілікті дауыс ала алмаған 
жағдайда әртүрлі партия өкілдері келісіп құрады. Сөйтіп биліктің парламенттік тәртібі көпшілік 
дауысы бар бір партиялық және коалициялық бірігіп басқаратын келісімдік басқару түрлері 
болады. Белгілі Испан саясаттанушысы Хуан Линде қазіргі әлемдегі демократиялық емес 
авторитарлы және тоталитарлы тәртіптердің арасындағы айырмашылықтарды ашты. 
Тоталитаризм тұжырымдамасы 1950 жылы мәлім болды. Осы жылдары американ 
саясаттанушылары Карл Фридрихс пен оның ізбасарлары тоталитаризмнің ғылыми негізін талдап 
берді. Олардың айтуынша, тоталитарлық тәртіп кезінде біріншіден, мемлекеттік билікті толық 
иемденген (көпшілік еріксіз мойындаған) партияның болуы. Екіншіден, партия демократиялық 
негізде құрылмай бір жетекшінің қол астына шоғырланады. Мысалы, оған дәлел Гитлердің 
кезіндегі фюрерлік (жетекшілік) деп фашистік билік тәртібі аталатын. Бұл принцип бойынша билік 
ету жетекшіден (фюрерден) төменге қарай барлық халықты еріксіз, қорқытып бағындырумен 
жүзеге асырылады. Үшіншіден, бұл тәртіп кезінде идеология басты рөл аткарады. Тоталитарлық 
тәртіп – идеологияға сүйенген тәртіп деуге де болады, өйткені онда үнемі өздерінің ойдан 
шығарған "ертегі" қағидалары болады. Мысалы, Гитлер құрған ұлтшыл партияның арий нәсілі 
әлемдегі ең қасиетті, ең үздік, өзгелерден артық нәсіл деп уағыздалды. Сол елдің идеологиясын 
билік басындағы саяси жетекші белгілейді. Төртіншіден, тоталитаризм кезінде саяси институттар 


тарапынан өндіріс пен экономикаға дара билік орнатылады. Ол мемлекеттің барлық саласын, 
ағарту, білім беру, ақпарат құралдарының тетіктерін де, өз қол астарына қаратып мықтап ұстайды, 
оларға қатаң бакылау (цензура) орнатады. Таза тоталитарлы мемлекетте қоғамның саяси 
жүйелерінің бірде-бір саласы еркіндікте болмайды, бәрі қатаң бақылауда өмір сүреді. Бесіншіден, 
тоталитарлық тәртіпте жаппай террорлық полицейлік бақылауға жол беріледі. Бұл тәртіптен 
полицейлік бақылау, күш қолдану, қысым жасау сияқты дөрекі әдістер қолданылады. 
Авторитарлы жүйені танып білу қиынға соғады. Өйткені авторитарлы жүйе автократия орнаған 
мемлекетте болады. Автократия дегеніміз – бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру дегенді 
білдіреді. Автократия өмір сүрген мемлекет басқаруында демократияның да, тоталитарлы 
тәртіптің де белгілері білінбейді. Сөйтіп авторитарлы жүйенің тоталитарлы жүйеден 
айырмашылығы – биліктегі өкімет тоталитарлы тәртіптің мақсатын қайталамауында. 
Авторитарлы жүйе жалпыға бірдей идеология ұстанбайды. Аталған жүйе көбінесе ұлттық мүддеге 
басты көңіл бөледі. Авторитарлы тәртіптің бірі, діни ағымдардың яғни діни ұйымның қолындағы 
билік. Мысалы, оған 1979 жылғы Ирандағы революциядан кейінгі нағыз теократиялық «дін 
иелерінің» құрған авторитарлы тәртібі жатады. Әлемде авторитарлы тәртіптің бұдан өзге де 
түрлері бар. Мексикадағы көппартиялық жағдайдағы билікте отырған «революциялық» партия. 
Олар оппозицияға жол ашып, сайлау өткізуге рұқсат берді. Алайда бұл қадамдардың көбі жасанды 
екенін де мойындауымыз керек. Бәрібір ондағы билікті бір партия қолынан шығармады. Үшіншісі 
- әскери билік. Бұл билік тұсында саяси қызметтерге тыйым салынады, не шектеледі, демократия 
тұншықтырылады. Төртіншіден, жеке дара билеу тәртібі бұл жағдайда жетекші мемлекеттегі 
институттардың әлсіздігіне қарамай, полицияның көмегіне сүйеніп билік жүргізеді. Бұл – 
авторитарлы тәртіптегі ең тұрақсыз, осал биліктің түрі. Биліктің бұл түрі үстемдік еткенде, өкімет 
басында басқа институттардың қолдауынсыз ұзақ түру өте қиын болады. Алайда белгілі бір 
кезеңде тәртіптің бұл түрі де біраз өмір сүруі ықтимал. Бесіншіден, қазіргі кезде жоғалып бара 
жатқан авторитарлы тәртіптің бір түрі монархия («моно» – дара) болып табылады. Алайда 
монархиялық тәртіптің бәрі авторитарлы емес. Еуропа (Ұлыбритания, Норвегия, Швеция, Дания, 
Бельгия, Люксембург, Испания) мемлекеттеріндегі монархиялық билік демократиялық 
парламенттің қолында. Монархтың мемлекеттің қоғамдық өміріне араласуы конституциямен 
шектелген. Даму сатысы біршама төмен елдерде (Марокко, Иордания, Сауд Арабия Корольдігі 
және т.б.) монарх нағыз ел билеуші ретінде өз күшінде отыр. Қазіргі кезеңдегі саяси жүйенің тағы 
бір түрі болып дәстүрлі және жаңартылған жүйе қалыптасуда. Дәстүрлі жүйеге дамымай қалған 
нашар азаматтық қоғамдағы саяси рөлі әлсізденген, билік қабілеттері бытыраған, бірақ ерекше 
дарынды әдіске сүйенген билік жатады. Жаңартылған қазіргі заманғы жүйеде дамыған азаматтық 
қоғам қалыптасқан, биліктің тиімді әдістері таңдалып алынған елдер жатады. Зерттеуші Г. 
Алмонд саяси жүйелерді сол жүйедегі саяси мәдениеттерге сүйеніп топтаған: англоамерикандық, 
континентальды-европалық, индустриялы елге дейінгі және жартылай индустриялды, 
тоталитарлы. 
Француз саясаттанушысы, Флоренциядағы Еуропалық институттың профессоры, саяси 
көшбасшылықты зерттеген Жан Блондень саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет