сай оны 5 түрге бөледі:
1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік
етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) коммунистік жүйе. Ол
әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей
ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) Дамып келе жатқан елдерде
қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлы-
консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың
саяси билікке қатысуына шек қойылады.
Қоғамның саяси жүйесі оның тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократилық
деп бөлінеді. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады.
Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз иелікке
ие болады. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам
бақылауға алады. Яғни демократиялық қоғамның негізгі құндылықтары сөз және ой пікір
бостандығы, дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық билігі.
Саяси жүйені жіктеудің тағы басқа да түрлері бар. Ол мәселенің көпқырлылығын көрсетеді.
++ Қоғамның саяси жүйесі туралы теорияның тағы бір маңызды мәселесі – саяси
жүйелердің жіктелуі. Дүние жүзінде саяси жүйелер әртүрлі болып кездеседі, жоғарыда
айтылғандай, әрбір қоғамның саяси жүйесі өзіне ғана тән. Сол себептен саяси жүйелердің
белгілерін топтастырып, жіктеп қарау оңай емес. Дегенмен, олардың өзара
айырмашылықтарына қарамастан саяси ғылымда қоғамның саяси жүйелерін жіктеу әдістері
қалыптаса бастады.
Саясаттану саласындағы ғалымдардың көпшілігі саяси жүйені жіктеуді мемлекеттік билікті
қалыптастыруға қатысушылардың санымен анықтайды. Билікті қалыптастыруға халықтың 50
% көбі қатысса, онда саяси жүйе демократиялық құндылықтарға негізделген, егер 50 % азы
билікті қалыптастырар болса, онда саяси жүйе демократиялық құндылықтарға негізделмеген
болып саналады. Сонымен, қоғамның саяси жүйелері негізінен екі топқа бөлінеді:
демократиялық құндылықтарға негізделген және демократиялық құндылықтарға негізделмеген
болып.
Ал, Г. Алмонд саяси жүйелерді бұдан басқа да бірнеше түрлерге бөледі. Түрлерге жіктеуде
ол саяси жүйенің әрбір элементінің дербестігін, тәуелсіздігін негізге алады. Ал саяси жүйенің
әрбір элементінің тәуелсіздігі осы жүйедегі әрбір элементтің саяси мәдениетіне байланысты.
Осы тұрғыда Г. Алмонд қоғамның саяси жүйесін төрт түрге бөледі: Олар: ағылшын –
американдық, континенталды – европалық, жетілмеген индустриалдық және тоталитарлық.
Ағылшын-американдық саяси жүйе түріне АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия,
Бельгия, Дания, Норвегия, Швейцарияны жатқызады. Саяси жүйенің бұл түрі өзінің
бірыңғайлығымен, біртектілігімен (гомогендігімен) ерекшеленеді. Яғни, бұл саяси жүйенің
әрбір элементтері белгіленген мақсатқа жетуі үшін, оны іске асыратын тәсілдерге жалпы
қолдаушылық көрсетеді. Олардың мақсаттары тұрақты болып келеді.
Саяси жүйенің бұл түрінде халықтың көпшілігі азаматтардың бас бостандығы мен ауқатты
тұрмысын, қауіпсіздікті басты мақсат етеді. Және осы мақсатқа сай мемлекеттік билік
қалыптастыруыды қалайды. Бұл саяси жүйенің әрбір элементінің орны (ролі) мұқиятты түрде
дербестелінген (яғни, бірі - бірінен тәуелсіз). Әрбір элемент өзінің мақсаттары мен міндеттерін
нақтылы анықтап бұлжытпай орындауы тиіс. Ал элементтердің ара-қатынасы тәртіппен
реттелген және айқын ережемен қамтамасыз етілген.
Мысалы, саяси жүйенің бір элементі басқа бір бағытқа ауысып бара жатса да, басқа
элементтері өзгермейді. Сол себептен бұл саяси жүйе өзінің негізгі бағытынан ешбір
ауытқымайды. Яғни, олардың өзара іс-қимылы саяси биліктің үш тармағының ара-қатынасы
сияқты тежемелік әрі тепе-теңдік жүйе сақталады. Осыған орай АҚШ-тың саяси саласында
белгілі бір жаңалықты енгізу немесе көнерген бір ережені бұзу қиын.
Сонымен, ағылшын-американдық саяси жүйе жоғары дәрежедегі тұрақтылығымен, биліктің
бөлінуімен және оның ықпалдылығымен ерекшелінеді.
Г.Алмондтың ұсынысы бойынша, континенталды-европалық саяси жүйеге Франция,
Германия, Италия, Испания және т.б. мемлекеттер жатады. Бұл саяси жүйенің элементтері
оқшауланбаған. Әсіресе, саяси мәдениеттің қызметі заңдастырылмаған. Сол себептен саяси
жүйенің басқа элементтерінің іс-қимылына саяси мәдениеттің әсері тұрақты болмайды.
Мысалы, Францияда билік көбіне дәстүрлі сайлау арқылы, яғни, демократияның негізгі
жолымен құрылады. Бірақ сонымен қатар, шешімді плебисцитарлық түрде қабылдау да жиі
кездеседі. Плебисцитарлық деп халыққа тікелей үндеу арқылы шешім қабылдауды айтады.
Францияның тарихында Наполеонның да, Шарль де Гольдің де плебисцитарлық демократияны
пайдаланғаны белгілі. І Наполеон 1799 жылы плебисцитарлық үндеу арқылы республиканың
орнына монархияны қайтарып әкелді. Шарль де Голль осындай әрекет арқылы 1958 жылы
парламенттік республиканың орнына президенттік республика орнатты. Бұл оқиғаларда
үстемдік алған саяси жүйенің тек бір ғана элементі – саяси билік болды.
Италияда, Испанияда, Германияда ХХ ғасырдың бірінші жартысында халықтың саяси
мәдениеті фашистік режимнің келуіне тойтарыс бере алмады. Бұл елдердің саяси өмірінде
популистікке (яғни, бұқараға жағымпаздану) бейімделу кездеседі. Континенталды-европалық
саяси жүйеде әртүрлі идеология ұстанады. Егер ағылшын-американдық саяси жүйеде көбіне
консерватизмді, либерализмді ұстаным ететін болса, континенталды-европалық жүйеде
неолиберализм, неоконсерватизм, кейде тіпті маркстік, социалистік идеология да орын алады.
Бұл саяси жүйедегі саяси партиялардың мемлекеттегі ролінде де ерекшеліктер бар. Егер
ағылшын-американдық жүйеде міндеті белгіленген, заңдастырылған екі партия болатын болса,
континенталды-европалық саяси жүйе тарихи қалыптасқан дәстүрлі көппартиялықпен
ерекшелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |