Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Жетілмеген индустриялдық саяси жүйеге



Pdf көрінісі
бет29/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Жетілмеген индустриялдық саяси жүйеге көптеген Азия, Африка, Латын Америка елдері 
жатады. Бұл саяси жүйенің саяси мәдениеті аралас келеді, яғни батыс саяси мәдениетінің 
араласуымен қатар, этникалық, діни дәстүрлердің сақталуы. Бұл саяси жүйенің эклектикасы 
(бірліктің осалдығы) батыс елдеріндегі әртүрлілікке мүлде ұқсамайды, себебі әртүрлі 
дәстүрлердің бір-біріне қарама-қарсы болып келуі жиі кездеседі. Бұл саяси жүйедегі билік 
тармақтары ажыратылмаған, атқарушы билік пен әскер заң шығаруға кедергі келтіріп, заң 
шығарушы органдар сот істеріне әміршілдік жүргізеді. Жетілмеген индустриалдық саяси 
жүйеге авторитаризм (жеке адамның билігіне негізделу) тән, көбіне билікте бір партияның 
үстемдігі орнатылады, қоғамда күшпен мәжбүр ету орын алады, көпшіліктің саясатқа қатысуы 
өте төмен деңгейде болады.
Тоталитарлық саяси жүйе. Тоталитаризм саяси жүйе түрі ретінде ХХ ғасырда пайда 
болды. «Тоталитаризм» термині латынның «totalitas» (толық, біртұтас) және «totalis» (түгел, 
толық, тұтас) сөздерінен шыққан. Оны саяси айналымға ӛз қозғалысын сипаттау үшін алғаш рет 
1925 жылы Муссолини енгізген. ХХ ғасырдың 20 - жылдарының соңында ағылшындық 
«Таймс» газеті тоталитаризмді жағымсыз құбылыс ретінде жазған, онда Италиядағы фашизм 
ғана емес, сонымен бірге КСРО-дағы саяси құрылыс та сипатталған. Тоталитаризм теориясы 
ХХ ғасырдың 40-50 жылдарынан бастап қалыптасып, дамыды. Тоталитаризм мәселелері 
бойынша алғаш классикалық теориялық зерттеулер – Ф. Хайектің «Құлдыққа апаратын жол» 
(1944) және Х.Арендтің «Тоталитаризмнің шығу көздері» (1951), К.Фридрих пен 
З.Бжезинскийдің «Тоталитарлық диктатура және автократия» (1956) еңбектері болды. 
Тоталитаризм ХХ ғасырда іс жүзіне асты, алайда оның идеялық негіздері ежелгі заманнан 
басталады. Мемлекеттің тоталитарлық модельдерін деталды негіздеу – Платон, Т.Мор, 
Т.Кампанелла, Ф.Бабеф, Сен-Симон, Ж.Ж.Руссо, кейін Фихте, Гегель, Маркс, Ницше, Ленин, 
Сорель, Зомбарт т.б. ойшылдар еңбектерінде дамытылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет