басты себебі, Сталин мен оның төңірегіндегілердің шексіз билігінен болды. Басқарудың сол
жылдардағы қалыптасқан әміршіл-әкімшіл әдістері күні бүгінге дейін қоғам дамуының түрлі
жақтарына кеселді әсерін тигізуде. Сол жылдардағы саяси жүйе шаруашылық пен әлеуметтік
өмірдегі тоқырау құбылыстарының үдеуінен сақтандыруға қабілетсіз болды. Саяси жүйеге дер
кезінде реформа жасауға талпыныс үнемі сәтсіздікке ұшырап отырды. Түрлі мемлекеттік
қоғамдық ұйымдарға «сайланған» азаматтардың саны еліміздегі ересек халықтың үштен біріне
жетті, бірақ осының өзінде олардың негізгі бөлігі мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге
нақты қатысудан шеттетілді. Қоғамдық өмірдің шамадан тыс мемлекеттендірілуі де
қалыптасқан әкімшіл-әміршіл жүйенің елеулі кемшілігі болды. Өткендегі саяси жүйе 70 жылдан
астам уақыт қоғамдық өмірді заңдар шеңберіне ұйымдастыруға емес, негізінен өктем нұсқаулар
мен жарлықтарды орындауға бейімделіп келді. Демократиялық принциптердің сөз жүзінде
қалуы, сын мен жариялылықтың тапшылығы, осының бәрі етек алып, қоғам өміріне орны
толмас зиян әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: