Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет26/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Р. Михелье (1876-1936 жж.) элитологияның негізгі классиктерінің бірі, оның теориясының 
негізгі бағыттары мынадай: 


• 
элитаның билігі оның ұйымшылдығына тәуелді, яғни тек ұйымшылдық қабілеті ғана 
билікке кепілдік бермейді, сондай-ақ кез келген ұйымшыл қоғам элитаның әрекет етуіне жағдай 
жасайды; 
• 
кез келген қоғамдық ұйымның элитарлық құрылымының болуы сөзсіз; 
• 
партиялардағы билік іс жүзінде аз ғана адамдарға тән, олар партиялық иерархияның 
жоғары сатысындағылар; 
• 
кез келген ұйымға элитаның билік үшін күресі тән. Ескі мен жаңа көсемдер арасындағы 
күрес біріншілердің алшақтауымен аяқталады. Бұл процестің қорытынды актісі элитаны 
ауыстыруға ғана емес, оны қайта ұйымдастыру. Олардың бірігуі жүзеге асады; 
• 
демократияның басқару аппаратынсыз мүмкін еместігі, соңында артықшылыққа ие 
адамдар тобын қалыптастырады. 
Р. Михельстің негізгі қорытындысы, үлкен ұйымдарды олигархиясыз басқару техникалық 
мүмкін емес. 
Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс теориялары мемлекетті басқаратын немесе оған 
талпынатын топтарды теориялық және эмпирикалық зерттеуге итермеледі. 
Сонымен қорыта айтқанда, Г. Москаның элита билігі идеясы – билеуші азшылық билігін 
ақтауға деген талпыныс, көпшілікті оның легитимділігіне сендіру. 
3. Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси көшбасшы болып табылады, себебі кез-келген 
саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады. 
Саяси көшбасшылықтың табиғаты барынша күрделі және оның түп-тамыры ғалым-
ойшылдардың, консульдар, императорлар, корольдер феноменін зерттеп білген алыс 
өткенде жатыр. Көшбасшылықтың феномені саяси психологиядағы ерекше мәселе. Оның 
ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы деп аталады. Оның басқа да теориялары бар. 
Көшбасшылықтың 
саяси 
психологиялық 
типологиясын 
жасағандар 
мыналар: 
психопотологиялық типологияны Г. Лассуэль, саяси типтерін Д. Рисман, макиавеллилық 
теориясы, Президенттер типологиясы Д. Барбер және т.б. жасаған. Көшбасшылық феномені 
саяси психологиядағы ерекшелігі бар мәселе. 
Көшбасшы («лидер» ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – сол бірлестіктің 
мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға 
ықпал етуге қабілетті адам. Көшбасшыға тән қасиеттер: 
• 
Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы; 
• 
Мақсатына жету жолындағы күш қайраты; 
• 
Бастамашылдығы; 
• 
Өзіне-өзінің сенімділігі; 
• 
Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті
• 
Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті; 
• 
Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті. 
«Саяси көшбасшы» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне 
басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді. Көшбасшылық – ең алдымен қоғам мүшелері 
арасындағы қатынас, себебі көшбасшы әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе 
қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда көшбасшы белгілі бір 
қауымдастықтың мүддесі мен мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің 
белгілі бір көлеміне ие болады, оларды жүзеге асыру және барлық қауымдастықтың саяси 
процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар. 
Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша көшбасшының үш деңгейін 
ажыратады: 
1. Мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың көшбасшысы; 
2. Қоғамдық қозғалыстың (ұйымның, партияның)көшбасшысы, яғни белгілі бір әлеуметтік топ 
өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланыстыратын адам; 
3. Көшбасшы – биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер. 
«Бірден қол жеткізген» билік көшбасшылық болып саналмайды. Көшбасшылық жай ғана 
кездейсоқ билікті пайдалану емес, жалғасын табуды білдіреді. Көшбасшылықтың қоршаған 
ортадан шет қалуы мүмкін емес. Көшбасшылық дегеніміз – талдау жасау мен шешім қабылдауға 


қарағанда әрдайым үлкен нәрсе, ол өзінің соңынан жүретін адамдардың ақылы мен күш-қуатына 
әсер етуді қамтиды. 
Саяси көшбасшылық – өзінің тағдырын жақсарту үшін іс-әрекетке, бірлескен жұмысқа 
қоғам мүшелерін итермелейтін күш. 
Жеке бастың қызметінің нәтижесі әр алуан: жақсы немесе жаман, өте жақсы немесе өте 
нашар болуы мүмкін. Дәл сондықтан да нәтиженің амплитудасы соншалықты күшті, яғни оның 
тұтастығы бойынша барынша талдау жасалуға тиісті. Осыған орай, көшбасшы қоғамның саяси 
өмірінде аса маңызды орындардың бірін алады, оның іс-әрекеті мен нұсқауына қоғамның қандай 
бағытта дамитындығы байланысты болады. Көшбасшылықтың мән-мағынасы және формасы 
бойынша биліктің феномені дегеніміз осы. Көшбасшылық дегеніміз – билік, себебі ол белгілі бір 
адамның бірдеңе жасауына мәжбүр ету қабілетінен тұрады. Көшбасшы – халықтың, қоғамның, 
топтың және т.б. үстінен қарайтын адам. Бірақ, билік пен көшбасшылық қатынасы айырықша 
тең болмауымен ерекшеленеді, себебі көшбасшы өзінің тобының барлық мүшелерін басқа 
жағдайда олар жасамаған, ал кейде ерікті түрде бір нәрсені жасауға көндіруге қабілетті адам. 
Осылайша, көшбасшылықтың негізінде биліктік қатынас жатады, бірақ олар айырықша тең 
болмауымен – ерікті болуымен ерекшеленеді. 
Саяси көшбасшы – қоғамда белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктің тиісті 
мөлшеріне ие болатын саяси қайраткер.
Көшбасшының негізгі қызметі: 
• 
интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси 
бағдарламаны жасау; 
• 
алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі; 
• 
билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің 
биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі; 
• 
бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, 
көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі; 
• 
прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру. 
Психологиядағы 
зерттеулерде 
көшбасшының 
мынандай 
қатынаста 
қызмет 
аткаратындығы айқындалған: 
• 
ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды
• 
топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді; 
• 
егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік 
еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады; 
• 
топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады. 
Көшбасшының мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады: 
1. Биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, 
жынысы, денсаулық жағдайы. 
2. Психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін 
қамтиды. 
3. Әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, 
қарым-қатынасына т.б. байланысты. 
4. Саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық 
түрлеріне байланысты. 
5. Әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын 
білдіреді. 
4. Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Бірінші кезеңі – 
XV ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін, — дәстүрлі дала 
элитасының қалыптасу дәуірі деп аталады. Қазақтың көшпенді қоғамында билеуші элита 
құрастыру және оның қалыптасуы көшпенділердің тұңғыштың орны деген салт-дәстүрінен 
шыққан. 
Бұл принцип көшпенділердің Ішкі Азияның кең даласының экстремалды табиғи 
жағдайына бейімделуінен туындаған. Қоршаған ортаның табиғи ресурстары жайлы, оларды 
тиімді пайдаға асыру және оларға бейімдену білімдері көшпенділер тайпаларының арасындағы 


жайлауға, су-бұлақтарына бәсекелестік таласында пайда болып, мыңдаған ғасырлар бойы 
жинақталып, атадан балаға тараған. 
Орта Заманның соңғы жылдарында қазақ тайпаларының ішінде үш этнотерриториалды 
бірлестіктер пайда болды: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Әйгілі қазақ ғұламалары С.Д. 
Асфендияров, В.П. Юдин Х. Арғынбаев, Н.Э. Масанов зерттемелері бойынша, бұл үш жүзге 
бөліну тарихи-географиялық фактормен байланысты – Қазақстанның кеңістігінде табиғи 
жолымен қалыптасқан үш жағы: Жетісу аймағы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстанның 
төңіректері. 
Қазақ қоғамында батырлар, би және үлкен ақсақалдардан алғашқы элитасы 
құрастырылғанымен, олар билікке, ел басқаруға жолатылмайтын. Тек бір кіші әлеуметтік топқа 
басқарушылық жүргізе алатын – ауыл болсын, ру немесе елдің басшысы бола алатын. 
Қазақ даласының әлеуметтік нормативтері және тәртібі бойынша, ханның тағына 
легитимді жолымен шығу үшін төреден болу керек болатын, яғни Шыңғысханның ұрпағынан. 
Сонымен қоса, ол адам алдында көптеген талаптар қойылатын: шыққан тегі, ерекше ой қабілеті, 
сот ісіндегі үлкен тәжірибе, басқарушылық және ұйымдастыру қабілеті мен әскери өнерлігі. 
Әрине, осы қасиеттер үнемі уақыт кеңістігінде заманына сай талабына қарап жаңарылып 
тұратын. Экстремалды кезеңдерде басшының персоналды ерекше харизмасының қажеттілігінен 
ел арасында хан сайлауына қызығушылықта көтерілетін. Мысалы, ірі бірлестіктер арасында 
конфликттік жағдай болар кезде жоғарғы билік басшының ағайындарының немесе балдарының 
біріне берілу алдында ұзақ процедурадан өтетін: сайлау, жалпы консенсустан өткізу, осындай 
жолмен билікке келген – Нұралы хан (1748-1786), Батыр хан (1748-1771), Барақ хан (1749-1750), 
Уәли хан (1781-1821), Бөкей Барақұлы (1816-1819). 
Ал егерде Қазақ Даласындағы сырқы жағынан әлеуметтік шиеленістер болса, хан 
сайлауы өте кұрделі бірнешесатылы процедурадан өтетін: қазақтардың ақсүйектерінің 
кандидаттарын шығару, ірі тайпалар арасындағы бәсекелестіктен консенсусқа келу, және т.б. 
Тәуке хан (1680-1715), Әбілхайыр хан (1710-1748), Абылай хан (1771-1780) хандарының жолы 
осындай болатын. 
Соңында, сайланған ханды көпшілік алдында ақ киізге көтеріп, күн жолымен айналып 
шығатын. 
XIX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақ элитасының қалыптасуына әсерін тигізгені – 
Ресей империясына қосылуы. Орыс патшалығы Солтүстік Қазақстанның аймағын бірнеше 
административті бірліктерге бөліп (округ, волость, ауыл), әр қайсына басшы «аға сұлтан» және 
іс жүргізушілері мен жұмысшылар штатын құрастырды. Сонымен, осы заманнан бастап 
қазақтың элитасының қалыптасуы толығымен Ресей патшалығынан тәуелді болатын. 
XX ғасырдың басында жалпы дүниедеге болған ұлт-азаттық қозғалысының әсерінен қазақ 
қоғамында да жаңа элитаның қалыптасуы басталады – европалық көзқарастағы, білімі бар оқыған 
қазақтарынан. Осы топ саналы түрде Ресейдің колониалды режиміне оппозициялық тұрғыда 
болатын. Әрине, бұл топты құрастырған білім алуға мүмкіндіктері бар өткен заман элитасының 
балдары: аға сұлтандардың балдары, би және батырлардың тұқымынан шыққандар, жартысынан 
көбі –чингизидтер. 1905-1920 ж.ж. қазақтардың алғашқы элитасы «Алаш» ұлттық-либералды 
партиясының қызметінде орын тапты. 
Қазақстан 
Республикасы — президенттік 
басқару формасы 
бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. 
Алғашқы конституция 1993 ж қаңтарда қабылданды. 1995 ж тамыз айында жаңа конституция 
қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Сондай – ақ 2022 ж. 8 маусымда ҚР 
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. (Ол республикалық референдумда 
2022 ж. 5 маусымда қабылданды). 
Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның 
тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті 
президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және 
мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. 
Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 
депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері 


қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес 
тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.  
1. Саясаттағы элита кім? 
2. Саясаттағы азаматтардың белсенділгі немен байланысты? 
3. Қазақстан элитасының жақсы жақтарын зерттеп көріңіз? 
Әдебиеттер тізімі: 
Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж. 
Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж. 
Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж. 
Василик М.А. Политология. М., 2000 ж. 
Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж. 
Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет