Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Мемлекет функциясы, белгілері мен типтері



Pdf көрінісі
бет33/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
2. Мемлекет функциясы, белгілері мен типтері. Мемлекеттердің негізгі функциялары 
ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі функцияларға: өмір сүріп отырған өндіріс тәсілі, 
экономикалық және әлеуметтік жүйені қорғау, экономиканы басқару, шаруашылық 
қызметін реттеу, тәртіп пен қоғамдық тыныштықты сақтау, әлеуметтік қатынастарды 
реттеу, мәдени-тәртіп және идеологиялық қызмет жатады. Ал сыртқы функцияларға 
халықаралық қатынас жасағандағы қызметі, өзінің (мемлекеттің) мүддесін қорғау, елдің 
қорғанысын қамтамасыз ету, басқа мемлекеттермен қалыпты өзара қарым-қатынастарды 
дамыту, жаңа саяси ойлау шеңберінде, бейбіт қатар өмір сүру принциптері негізінде өзара 
тиімді ынтымақтастықты дамыту жатады. 
Мемлекет белгілі бір теория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына 
ие, сол елдің атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізу құқына, барлық жұртқа міндетті 
заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқына, салық салу құқына ие. 


Мемлекеттің халықаралық құқықтың субъектісі болуы үшін өзіне лайықты сапасы 
болу міндетті. Ол мынадай үш элементтен тұрады: 
1. Мемлекеттің жер аумағы.
2. Мемлекеттің халқы. 
3. Мемлекеттік өкімет. 
Мемлекеттің жер аумағы - бұл әлемнің шектелген бір бөлігі, үстемдік етілетін 
ерекше өңір. Мемлекеттің халықы - бұл ұзақ мерзімге бір жерде орналасқан адамдардың 
одағы. Бұл арада жердің көлемі мен онда тұратын адамдардың саны шешуші рөл 
атқармайды. 
Ағарту (Қайта өрлеу) заманынан бастап мемекетті үш түрге бөлу қалып, оны 
монархия және республика деп екі түрге бөлетін болды. Егер демократияны 
конституциялық мемлекет дейтін болсақ, парламенттік үкімет және президенттік басқару 
жүйелері де бар. Мемлекеттер типі ретінде қазірде абсолюттік және конституциялық 
монархия, әскери диктатура, автократия, хунталдарды атауға болады. Діннен ажыратылған 
(светтік) мемлекеттерге қарсы діни мемлекеттер типі бар. 
Автократиялық мемлекеттің өзіндік бір типі - ол авторитарлық пен тоталитарлық 
тәртіп түрінің қосындысынан пайда болған тоталитарлық мемлекет. Оларға Гитлер өмірге 
әкелген фашистік мемлекет пен Сталин құрған өкімшіл-әміршіл жүйедегі мемлекеттерді 
жатқызуға болады. 
Мемлекетгің типі оның мәніне, шешегін міндеттеріне сәйкес болып отырады. 
Сондай-ақ мемлекеттің өтпелі типі де болады. 
Мемлекет басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының 
құрылысына қарай да әртүрлі болады. Ал басқарушылық формасы дегеніміз өзінің 
заңдандырылған тәртібімен сипатталатын өкіметті ұйымдастыру болып саналады.
Мемлекет басқару түрімен қатар, құрылысына қарай да ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет