Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет41/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76
Пысықтауға арналған сұрақтар: 
1. «Режим» түсінігіне анықтама беріңіз. 
2. Саяси режимнің түрлері. 
3. «Демократия» түсінігіне анықтама беріңіз. 
4. Антидемократиялық саяси режимнің түрлерін атаңыз. 
5. «Тирания» және «әскери хунта» түсініктерін таратыңыз. 
6. Авторитарлық саяси режимнің ерекшеліктерін атаңыз. 
7. Тоталитарлық саяси режимнің белгілерін атаңыз. 
Әдебиеттер: 
1. Дмитриев А.В. Конфликтология. М., 2000 
2. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері.А., 2000 
3.Политология: Учебник/Под ред Т.Т.Мустафина. А., 1993 
4. Казахстан политическая энциклопедия. А., 1998 
5. Гобозов И.А. Философия политики. М.,1998 
Дәріс 9. Сайлау жүйелері және сайлау. 
1. Сайлау процедуралары мен сайлау науқаны. 
2. ПР, саяси жарнама және имиджелогия. 
3. Сайлау саяси процестің бір түрі. 
АҚШ-ның 16-шы президенті Авраам Линкольннің Сайлау бюллетені оқтан да күшті 
деген сөзінен бастасақ. Сайлау саяси процестің мәні. Сайлау демократияның өзі. Ол қоғамды 
өкіметті бағалауда ұстануда мүмкіндік береді. Сайлау өкілеттілік принципі негізделген. 
Өкілеттілік заң шығарушы органда әртүрлі топтың атынан әртүрлі мүдденің ескеретін 
сайланбалы адамның қызметі. Яғни ол біздің биліктегі өкілетіміз. Қоғамда өкілеттілік 
төңірегінде пікір талас жалғаса береді.
Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру 
жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер 
жиынтығын айтады. 
Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігін білдіретін процесс 
сайлауға қатысу. Кез-келген мемлекеттің саяси жүйесінің жұмыс істеуі үшін маңызды сайлау 
жүйесі болып табылады, себебі оның сипатынан биліктің сайлау органдарының құрамы тәуелді. 
Сайлау жүйесі бұл ұғымның кең мағынасында –бұл сайлаулардың тәртібін құраушы және 
биліктің көпшілік органдарының сайлауымен байланысты реттелген қоғамдық қатынастардың 
жиынтығы.
Қоғамның ертеңгі күні қандай бағытқа өзгеретіні, оны және оның балаларын не күтетіні - 
әрбір дауыс берушіге тікелей баиланысты. Бізге сайлау нәтижелері сол елдің саяси даму 


болашағын ғана емес, сонымен қатар экономиканы, мәдениетті және азаматтардың жеке өмірін 
айқындаған бірқатар жағдайлар жақсы таныс. Демократиялық сайлаулардың ерекшеліктері: 
1. Сайлаулар жалпыға ортақ және тең сайлау құқығы негізінде өткізіледі.
2. Сайлаулар конституция мен заңнамалар, талаптарьна сәйкес ұйымдастырылады.
3. Билік үшін күрес барысында әртүрлі ұстанымдарды, партиялар мен қозғалыстарды 
білдіретін кандидаттар күреседі. 
4. Барлық үміткерлер Митингтер мен жиналыстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында өз 
бағдарламаларымен таныстыруда тең мүмкіндіктерге ие. Енді осы принципттерге тоқтала 
кетейік. 
Бұл ереже кез келген адамның әлеуметтік тегіне, этникалық және діни ерекшелігіне, 
жынысына, дәулетіне және тағы басқа да сипаттары негізінде сайлауларға қатысуына шектеуге 
жол берілмейтінін білдіреді. Әрбір азамат дауыс беруге қатысу-қатыспауын өзі шешеді. 
Тарихтың өткен кезеңдерінде көптеген мемлекеттерде сол елдің азаматтарының барлығы 
қоғамдық істерді басқаруға қатыса алмағаны мәлім. Тек ХХ ғасырда ғана барлық азаматтар 
сайлау құқығына ие болды. Ал ерте дәуірлерде ең демократиялық мемлекеттердің өзінде 
тұрғындарының аз ғана бөлігі ғана азаматтық құқықты иеленетін. Демократиялық принциптер 
көптеген Еуропа елдерінде XVIII ғасырдан бастап кең тарала бастады; Соның өзінде 
сайлауларға біршама деңгейдегі қажетті кірісі бар немесе жоғары тапқа жататын айтарлықтай 
үлкен жастағы ер адамдар ғана қатыса алатын. Сайлаушыларға - белгілі бір шарттарды қоюға 
мүмкіндік беретін ереже сайлау цензі деген атқа ие болды. Оларды түрлеріне қарай мүліктік 
ценз, жас мөлшері цензі, тұрғылықты жері бойынша цензі, білім деңгейі (сауаттылық) цензі деп 
бөліп қарастырады. Жалпыға ортақ және тең сайлау құқығы тек сайлай алу мүмкіндігін ғана 
емес, сонымен қатар белгілі бір лауазъмдарға сайлана алу құқығын да білдереді. Сайлай алу 
құқығын, яғни сайлауларда сайлаушы ретінде қатысуды белсенді сайлау құқығы деп атайды. 
Сайлана алу құқығын, яғни Президент, Парламент немесе жергілікті өкілді органнын, депутаты 
болып сайлана, алуды белсенсіз сайлау құқығы деп аталады. 
Ценз (лат. census — есептеу, 
бағалау) адамды қайсыбір саяси негізінен сайлау құқықтарын пайдалануға жіберудің 
заңнамада көзделген шектеулі шарттары. Сайлау Цензі азаматқа сайлау құқықтарын беру 
шарттары ретінде 
конституциямен
 немесе сайлау заңнамасымен белгіленеді. Мұндай Ц. 18 — 
19 ғ-лардан бастап енгізілді.) Ең көп тарағаны мүліктік ценз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет