Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет34/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Жіктеме негізі 
Мемлекет түрлері 
Басқару түрі бойынша 
Монархия: 
абсолюттік 
және 
конституциялық Республика: президенттік, 
парламенттік, жартылай президенттік. 
Басымдық қызметтері бойынша
Әскери
Құқықтық 
Әлеуметтік 
Әкімшілік – территориалды құрылымы 
бойынша 
Унитарлы 
Федаративті 
Конфедерация 
Саяси режим 
Тоталитарлық 
Авторитарлық 
Демократиялық 
Басқарудың монархиялық формасы - мемлекетте билік жүргізетін бір адам - монарх. 
Ал мемлекеттің республикалық формасында - заң бойынша өкімет билігін халықтың 
көпшілігі жүзеге асырады. Өйткені ондағы өкімет билігінің көзі халықтан шығады. 
Мемлекеттік басқарудың басқа да түрлері бар. Олар: демократиялық, әміршіл-әкімшіл т.б. 
Монархиялық формадағы мемлекеттің жоғары өкімет билігі жеке дара бір 
билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан патша, 
император, король, шах және т.б. басқарады. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) 
және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет 
билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде шектелместен бір адамның қолында тұрған 
мемлекетті айтады. Мұнда үкіметті монарх тағайындайды. 
Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік-парламентпен 
шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Ұлыбританияда пайда болды. Ондай елдерге 
Бельгия, Голландия, Дания, Жапония, Иордания, Испания, Норвегия, Морокко, Сауд 


Арабиясы, Швеция және т.б. жатады. Әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің 24-інде мемлекет 
басшысы монарх болып саналады. 
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа 
сайланатын немесе өкілділік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік 
басқару түрін атайды. 
Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді. Президенттік 
басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны 
парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, 
құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. 
Президенттік басқарудың классикалық түрін АҚШ бастаған. Президент әрі мемлекет 
басшысы, әрі үкіметті басқарады, яғни бүкіл атқару билігі түгелімен Президенттің қолында 
болады. Атқарушы билік шеңберіндегі шешімдердің бәрін президент қабылдайды. Ол 
саясаттың ішкі және сыртқы басты бағыттарын айқындайды, тұрақтылықты қамтамасыз 
етеді. Сонымен бірге президенттік басқарудың аралас және супер-президенттік 
республикалар да кездеседі. Президенттік және парламенттік басқарудың аралас түрі 
Австрия, Франция, Финляндия, Португалия, Түркия т.б. елдерде кездеседі. Ал Италия, 
батыс Германия, Индия, Пәкістан, Греция т.б. елдерде президент мемлекет басшысы
мемлекет органдары арасында арбитраждық миссиясын атқарады. Бұл басқару 
формасының мақсаты мықты президенттік билікті үкіметтің қызметіне парламент 
бақылауын тиімді пайдалануды ұштастыру болып табылады. Ол әр елде әр келкі болып 
келеді. Оның басты мақсаты үкіметтің президент пен парламент алдында қатар 
жауапкершілігін тудыру. Жартылай президенттік республиканың классикалық үлгісі 
Франция мемлекеті. Бұл елде президент те парламент те бір-бірінен тәуелсіз жағдайда 
сайланады. 
Сондай-ақ, бұл президенттік биліктің де шегі болады. Ең алдымен президенттің егер 
қосымша құқық берілмесе заң шығаруға өкілеттігі жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды. 
(Оны конгресс немесе парламент шешеді). Парламент президенттің қандай болмасын 
тағайындауларын бұза алады. (оны "право вето"деп атайды). Конгресс президентті орнынан 
ала алады (оны "импичмент" дейді). Оған мысал 1999 жылғы АҚШ президенті Б. 
Клинтонның Моника Левинский атты хатшы қызбен көңілдес болғаны үшін америка 
халқынан кешірім сұрап "имичменттен" аман қалса, 1999 жылғы мамыр айында Ресей 
президенті Б. Ельцин де Шешенстанға соғыс ашқаны т.б. істері үшін осы күйге түсіл 
Думадағы депутаттардың даусы жетпей орнында қалды. Егер президент конституцияны 
бұзса, не мемлекетке опасыздық жасаса, Конгресс оны жұмыстан босата алады.
Парламенттік тәртіппен елдің жоғары басшысы парламентке бағынады. Онда заң 
шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, 
бюджетті бекітеді, соттарды құрады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, соғыс 
аша алады. 
Қазіргі кезде көптеген елдердің парламенті екі палатадан тұрады. Ол елдің 
өкілдіктерін үйлестіруге мүмкіндік береді. АҚШ-та, Францияда оны үстемдік етуші топтар 
заңгерлерді "шектен тыс демократияландыруға" жібермеу үшін парламент ішінде қосымша 
тежеу факторы ретінде пайдаланды. Төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы 
қалыптасады. Жоғарғы палатаның құрылуы әр түрлі келеді. Мысалы, Англияда 
парламенттің жоғарғы палатасына (Лордтар палатасы) мұрагерлікпен өмір бойы болатын 
пэрлер (жоғарғы аристократтық атақ), ондай құқығы жоқ пэрлерден басқа, Англия 
шіркеуінің жоғарғы шенділері кіреді. АҚШ-та сенатқа (Конгрестің жоғарғы палатасы) әр 
штаттан (халық санына байланысты емес) екі өкілден сайланады. Германияда жоғарғы 
палатаның депутаттарын әр жердің жергілікті үкіметі тағайындайды. Осы секілді біздің 
елімізде де қос палаталы парламент жұмыс атқарады. Оның төменгі палатасы "Мәжіліс" 
деп аталса жоғарғы палата "Сенат" деп аталады. Мәжіліс депутаттарын халық сайласа, 
Сенат депутаттарын жергілікті жердегі Мәслихат депутаттары сайлайды. Сенаттың 7 
депутатын Елбасы тағайындайды. 


Ал президенттік лауазымның өзі Қазақстан Республикасында 1990 жылы сәуір 
айында енгізілді. 
Мемлекет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттері өрісінің 
арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық (біртұтас мемлекет) және федеративтік (заң 
бойынша біршама ерікті мемлекеттер одағы - республикалар, штаттар, конгондар, т.б.,) 
конфедеративтік (мемлекеттік-құқылық бірлестіктер) болып бөлінеді. Әртүрлі 
мемлекеттердің маңызы оның ішкі саяси құрылысына қарай бағаланады. Саяси құрылысы 
дегеніміз - бұл мемлекеттік өкімет билігін жүргізу әдістерінің біртұтас жүйесі, жеке 
адамдардың демократиялық құқы мен бостандығын іске асыру дәрежесі, үкіметтің өз 
қызметінің құқылық негіздеріне қатысты, ресми конституциялық және құқылық 
нормалардың нақты саяси өмірге сөйкестігі. Бүгінде әлемде демократиялық, авторитарлық, 
диктаторлық, фашистік т.б. саяси құрылысқа негізделген мемлекеттер бар. Саяси бағыты 
тұрғысынан олар агрессивті, бейбітшіл, консервативтік, либеральдық, бейтарап т.б. болып 
ажыратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет