– Бюрократиямен қарым-қатынасы;
– Қоғамдағы үстем етуші легитимділік түрі;
– Саяси сана мен іс-әрекеттегі қоғамдық-саяси дәстүрлердің дамығандығы.
Саяси тәртіп не режимнің ықпалы қандай? Қоғамда ол нені анықтайды?
Біріншісі саяси тәртіп, мемлекеттік органдардың қызмет ету тәсілін, саяси жетекшілерді
іріктеу шараларын қамтиды. Екінші әртүрлі әлеуметтік топтар және олардың мүддесін
қорғайтын саяси ұйымдар арасындағы шынайы биліктің бөлінісін көрсетеді. Үшіншісі саяси
биліктің жүзеге асыруын кім және қалай бақылайтынын, биліктің заң шығарушы, атқарушы,
сот тармақтарға бөлінісу принциптерінің қаншалықты шынайы жүзеге асатынын қадағалайды.
Төртінші билікті жүзеге асыру әдістерінің жүйесі, яғни, рұқсат беруші немесе тыйым салушы,
сендіру немесе мәжбүрлеу, экономикалық және экономикалық емес шаралар.
Саясатқа халықтың қарым-қатынасы, яғни, халық саясатта белсенді болуы мүмкін,
индифирентті болуы мүмкін немесе енжар болуы мүмкін немесе ұйымдасқан топ ретінде
болуы мүмкін.
Әлеуметтік және саяси шиеленістерді реттеу әдістері. Қандай саяси партиялар бар? Олардың
билікпен қарым-қатынасы қандай? Мемлекетте оппозиция бар ма? Осы сұрақтарға да саяси
тәртіп жауап береді.
Әскердің қоғамдағы рөлі мен мәртебесі қандай? Бұқарат ақпарат құралдарының мұндағы
рөлі мен мәртебесі қандай? Қоғамда цензура бар ма? Қоғамдағы жариялылық деңгейі қандай?
Осы сұрақтардың барлығын реттейтін саяси тәртіп.
Достарыңызбен бөлісу: