Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Тоталитарлық саяси режимдерді төмендегідей түрлерге бөлуге болады



Pdf көрінісі
бет40/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
Тоталитарлық саяси режимдерді төмендегідей түрлерге бөлуге болады: 
1. Фашистік режим алғаш 1922 жылы Италияда құрылған. Оның басында тұрған Б. 
Муссолини қоғамды радикалды түрде түбірінен өзгертуге емес, керісінше Рим империясының 
рухын, ұлтты қайта жаңғырту үшін мықты мемлекеттік билікті орнатуға ұмтылды. Фашистік 
иделогия халық рухын тазартуға немесе ұлттық ділді қалыптастыру арқылы ұлттық 
біртектілікті қамтамасыз етуді көздеді. Фашизм мемлекеттік партияға негізделіп, мемлекеттің 
бәрінен биік тұру идеясын басшылыққа алды. 
2. Әскери-фашистік режим. Бұл режимге мысалға Испаниядағы генерал Б.Франко 
режимін жатқызуға болады (1936 ж.). Әскери-фашистік режим әдетте әскерге сүйенеді. Әскер 


мемлекетте шешуші, айқындаушы рөл атқарып, фашистік иделогияны насихаттайды, 
либералдық және демократиялық идеологияларға тыйым салады. 
3. Ұлттық социализм. 1933 жылы Германияда орнаған режим. Бұған тоталитарлық 
режимнің барлық қасиеттері тән. Мысалы, бір партияның идеологиясының үстемдігі, 
харизмалық көсем, халық өміріне араласу, оларға
бақылау қою, тыңшылық, репрессия, сыртқы жауларды іздеу т.б. 
4. Әскери-бюрократиялық коммунистік режим. Оның белгілері – хоризмалық көсем 
арқылы басқарылатын коммунистік партия, бірыңғай коммунистік иделогия үстемдігі, БАҚ 
мемлекеттік монополия, қоғамды жаппай милитаризациялау, террор жүйесі, экономиканы 
орталықтан басқару болып табылады. Мысалы: Сталин тұсындағы КСРО, Қытайдағы Мао 
Цзедун билігі. 
5. Тирания. Оның басты ерекшелігі шексіз тиран билігінің үстемдігі. Ол әдетте репрессия 
жасау органдарының (құпия полиция, ұлттық гвардия, әскер, арнайы террорлық ұйым) 
билігіне сүйенеді және үкімет басшысы немесе көсем халықтың қорғаны деген идеология 
қалыптастырады. Ол «халық атасы» образына ие болады. Мысалы: Уганадағы – Амин, 
Орталық Африка Республикасындағы – Бокасса, Парагвайдағы – Стреснер, Гаити 
Республикасындағы – Дювалье режимдері. 
6. Ұлтшылдық тұжырымдама – апертидтік режим ұлттык және нәсілдік басымдылық 
идеологиясына, басқа ұлттарды экономикалық тәуелсіздікте ұстауға, террорға сүйенеді. 
7. Теократиялық режим – бұл тұжырымдама негізінен діни догмаларға негізделеді. 
Теократиялық режимге Ирандағы Хомейни режимі мысал бола алады. Оның белгілері біртұтас 
бұқаралық ислам партиясы, ресми иделогия, БАҚ мемлекеттік монополия, әскери 
құралдардың және әскери қимылдардың барлық түріне қожалық етуі, халықты жаншуда 
террорлық тәсілдер басым, экономиканы орталықтан басқару болып табылады. 
8. Авторитарлық режим өзінің ерекшеліктеріне байланысты тоталитарлық режимге де, 
демократиялық режимдермен салыстырғанда аралық сипатта болады. Онда тоталитарлық 
режимге де, демократиялық режимдерге тән белгілер болады. Авторитарлық билік қоғам 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыртқы күштерден қорғау және 
сыртқы саясат мәселелермен айналысады. Сонымен қатар ол экономикалық даму 
стратегиясына ықпал жасап, әлеуметтік саясатты қызу жүргізуі мүмкін. Бірақ, мұнда нарық 
заңдары бұзылмайды. Саяси элита сақталады және ол тағайындалады.
Қорыта айтқанда, авторитарлық режим тарихта кең орын алған биліктің түрі.
Олар бірнеше түрлі болып келеді. Мысалы: монархия, деспотизм, диктатура, әскери хунталық, 
популистік т.б.
3. Демократиялық саяси режим. Демократия деген сөз гректің «демос» – халық және 
«кратос» – билік деген сөздерінен тұрады, яғни «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. 
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 
1) мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі; 
2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен 
шешімдер қабылдау қағидаларына негізделген кез келген Демократиялық саяси режим 
ұйымның ұйымдастырылу түрі; 
3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Демократияның 
көпшілік таныған біртұтас анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әртүрлі түсінген. 
Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты 
демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп 
түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер 
жатады: 
1. Халық – заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы. Ол мемлекет-те 
ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары 
органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Біршама 
мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және 
қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық 
үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды. 


2. Заң алдындағы теңдік. Әділеттілік. 
3. Жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен, жоғарғы заң 
органы сайланбалы болуы тиіс. 
Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық даму жолы өте ұзақ, 
сондықтан демократиялық режимдері күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, 
Исландия) демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер (Қазақстан, 
Оңтүстік Корея), демократия формальдық түрінде енгізілген (КСРО, ГДР) елдер де бар. 
1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы, демократиялық, 
құқықтық мемлекет құрды. Қазақстан Республикасының Конституциясымен адамның негізгі 
құқықтары мен бостандықтары көрсетілген, олар заңмен сот алдында теңдестірілген. Әркім 
өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның 
ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. 
Қорыта айтқанда, біз саяси тәртіптің жіктелуі мен қалыптасуының сан қырлы жақтарына 
талдау жасадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет