Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
Сайлау жүйелері. Қазіргі күнде, сайлауларды ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты екі 
негізгі сайлау жүйелерін бөліп қарастырадьі: мажоритарлы және пропорционалды.
Мажоритарлық жүйе. Сайлауларды ұйымдастырудың бұл түрінде сайлаушылар 
дауыстарының басым көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп саналады. Әдетте, ол үшін 
кандидат дауыс беру қүқығына ие-азаматтардың жартьгсынан астамының дауыс беруі талап 
етіледі {50% + қосымша бір дауыс). Кандидаттардың бірде-бірі қажетті дауыс санын ала 
алмаған жағдайда, дауыс беру тізіміне алғашқы турда көп дауысалған екі .кандидат енгізіледі. 
Бұл жағдайда екінші турда көп дауыс алған кандидат жеңіске жетті деп мойындалады.. 
Мажоритарлық жүйенің осындай нұсқасьг абсолюттік көпішлік жүйесі деп аталады.
Сайлауларда әрбір кандидаттан жеке түрде көгг дауыс жинаған адам жеңіске жеткен 
жағдайда мажоритарлық жүйенің мұндай түрі салыстырмалы көпшілік жүйесі деп аталады. 
Сайлаулардың осы түрінде қалған екі кандидат тиісінше сайлаушылардың 33% және 29% 
дауыстарын иеленсе, 38% дауыс жинаған үміткер мандатты ала алады.
Пропорционалдық жүйе. Пропорционалдық жүйе барысында дауыс беру партиялық тізім 
бейынша жүргізіледі. Яғни, сайлаушылар бюллетеньінде өз дауыстарын бергісі келген 
партияны белгілейді. Пропорционалдық жүйе барысында бюллетеньге енгізілген әрбір партия 
үшін берілген дауыс нәтижелері есептеледі. Егер бір партия - 35%, екяншісі - 22%, ал үшіншісі 
-15% дауыс алған болса, осы партиялар парламентте де соншама орынға ие болады. Санаудың 
мұндай жүйесі мажоритарлық жүйеде депутаттық мандатқа қол жеткізуі неғайбыл шағын 
партиялар үшін өте пайдалы.
Мысал келтірелік: бір партия, социал демократиялық деп алайық мажоритарлық сайлауға 
қатысуда. Олардың кандидаттары шамамен 10-15% дауыс алуды есептеп отыр.. Мұндай 
иәтижеге қол жеткізу бұл партияның бірде-бір капдидатының парламентке өтуіне мүмкіндік 
бермейді, өйткені елдегі екі негізгі партиялар дауыстардың басым бөлігін бақылайды. 
Нәтижесінде осы екі партия мандаттарды бөліп алды, ал социал-демократтар орынсыз қалды. 


Ал, пропорционалдъқ жуйеде осындай шағын партиялар өздерінің аз да болса тұрақты 
электораттарына сүйене отырып, заң шығарушы органнан орын ала алады. Яғни, социал-
демократтар 15% дауысқа сүйенетін болса, олардың партиялары депутаттық орындардың 15%-
ына ие болады.
- Жекелеген партиялардың бірнеше мандаттарымен парламенттегі орындарды тым көп 
бөліп кетпеуіне жол.бермеу максатында парламент сайлауына қатысуға өту үшін қажетті 
шекара – сайлау шегі көзделеді. Әдетте заңдар 5-10% көрсеткіштен кем емее дауыс жинауды 
талап етеді. Партия сонда ғана депутаттық орынга ие бола алады. Бұл ереженің бірқатар елдерде 
өз ерекшеліктері бар. Мәселен, сайлау шегі 15%-ға дейійгі көрсеткішке дейін болуы мүмкін. 
Бұл мемлекеттің партиялық жүйесінің ерекшелігінен және қоғамда қалыптасқан дәстүрлерге 
байланысты.
Парламентке өту үшін сайлаушылардың 5% кем емес дауысъі қажет. Сайлаулардың 
нәтижелері мынандай: үш үлкен партиялар тиісінше 35% (А партиясы), 30% (Ә партиясы) және 
20% ( Б партиясы)' дауыс алды. Төрт шағын партиялардың (В, Г, Д, Ж гартиялары) әрқайсысъг 
3-4%-дан дауыс алды. Мұндай жағдайда мандаттарды алғашқы үш партия ғана алады, олар 
бұдан бөлек шағын партиялардың пропорщоналдъқ түрде бөлінген дауыстарын өздеріне қосып 
алады: Тиісше А партиясы 41,2%, Ә партиясы -35,3%, ал Б партиясы - 23і5% орынға ие болады.
Бұл жағдайда шағыи партиялар заң шығрушы органдағы орындарынан айырылады, ал оларға 
беріген барлық сайлаушылардың шамамен 15% дауыстары «ескерусіз калады».
Мәселен, соңғы уақытта Ресей Мемлекеттік Думасы үшін болатын сайлауға оннан астам 
партиялар қатысып жүргенімен, депутаттық мандатты тек 5-6 бірлестіктер алуда. Ал 
қалғандары 5% шектен өте алмауда. Осы ретте, тұрғындардың белгілі бір топтарының 
қалаулары мен мүдделерін білдіретін күш ретінде қоғамда қызмет атқарып отырған 
партиялардың сайлауларға қатысуы және олардың институционализациялану мәселелері біздің 
елімізде де өткір тұрғанын айта кету керек.
Дауысгарды санаудың белгілі бір жүйесін колдануды сол елдің тарихи дәстүрлерімен, 
партиялар мен жекелеген сайлаушылардың қалауларымен түсіндіруге болады. Парламенттегі 
көпшілік көбінесе өзіне сайлауларда жеңісті қамтамасыз ететін дауыс беру схемасын 
қабылдайды. Көптеген елдерде депутаттардың бір жартысы (немесе бір палата) мажоритарлық 
жүйе бойынша, ал екінші бөлігі - пропорционалдық жүйе бойынша сайланатын аралас жүйе 
қолданылады. Нәтижелерді анықтауда тек дауыс беру жүйесі ғана емес, сонымен қатар 
дауыстарды санау технологиясы да өз рөлін ойнауы мүмкін. Мәселен, АҚШ-тың жаңа 
Президентінің аты-жөні ерекше жолмен анықталады. Қарапайым азаматтар, өз кезегінде, 
президент атын айтатьш сайлаушыларды анықтайды. Көптеген штаттарда сол штатта көп дауыс 
жинау нәтижесінің жеңімпазы (тіпті сәл артық үлеске ие болса да) барлық сайлаушылардың 
дауыстарына ие болады. Осы орайда, АҚШ-та 2000 жылы өткен сайлау нәтижесін жариялау 
қайшылықтарға толы көптеген бағалаулардың туындауына алып келгенін айта кету керек. 
Олардың тағдыры Флоридада шешілді, өйткені бәсекелестердің бірде-біреуі осы штатта 1% 
артық озып шыға алмады, ал бұл өз кезегінде оларды қайта санауды талап етті. Осы штаттағы 
дауыс беру натижелерінен сайлаулардың жалпы ңәтижесі тәуелді болып тұрды. Сайлау 
жеңімпазын - Джордж Бушты анықтау үшін бес апта уақыт қажет болды. Ал тұрғындардьщ көп 
дауысы жинаған оның басты қарсыласы Альберт Гор АҚШ президенті бола алмай қалды, 
өйткені ол осы штат сайлаушыларының басым дауысын жинай алмады. Нәтижесінде Буш 
жүздеген дауыс артықшылығьмен жеңіске жетті. Осыдан кейінгі басталған көптеген қайта 
санаулар мен сот тәртібіндегі таластар сайлау нәтижесін қорытындылауды одан сайын соза 
тусті. Қазіргі күнде, осы елдегі бірқатар саясаткерлер болашақга мемлекет басшысын тікелей 
сайлау туралы пікірлер білдіруде.
Жалпы, кез келген дауыс беру жүйесінің өзіне тән артық тұстары мен кемшіліктері болады. 
Сайлаулардың неғұрлым демократиялығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін 
түрғындардың басым көпшілігі мен мемлекеттегі жетекші саяси күштердің пікірлері соғұрлым 
ескерідуі қажет. Егер қоғамдық пікір дауыс берудің белгілі бір нақты жүйесін дұрыс деп тапса 
және саяси азшылық осы пікірмен келісетін болса, онда ешкім сайлау нәтижесін әділетсіз деп 
санамайды.


Еліміздің сайлау жүйесіне келсек, Қазакстан Республиқасы азаматтарының мемлекеттік 
органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға қатысуға 
құқығы бар. Сайлау жалпыға бірдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру 
жағдайында откізіледі. 
Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы Қазақстан Республиқасынын он сегіз жасқа толған 
азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, 
ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылыкты жеріне немесе кез келген өзге 
жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса алады. Бәсен сайлау құқығы 
Республиқа азаматтарынын Конституцияда белгіленген шектеулермен Президент, Парламент 
және мәслихаттың депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарынын мүшесі болып 
сайлану құқығы. Мәселен, 1999 жылдың 10 қантарында мажоритарлық жүйенің абсолютті түрі 
бойынша Н. Ә. Назарбаев мезгілінен бұрын жетіжылдық мерзімге Қазакстан Республиқасының 
Президенті болып сайланды. (Бұған дейін 1990 жылғы сәуірінде Жоғарғы Кеңес Президент етіп 
сайлаған. 1991 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республиқасының Президенті. 1995 жылғы 
референдумда Президенттің өкілеттілігі ұзартылған). 
Еліміздің кәсіби Парламенті тұңғыш рет 1994 жылғы 7 наурызда сайланған. Бірақ 1995 
жылғы наурызда Конституциялық Сот оны заңсыз деп, таратып жіберді. 1995 жылы жаңа 
Конституция бойынша екі палаталы Парламент сайланды. Жоғарғы палата (Сенат) 47 
депутаттан тұрды, оның 7 сенаторын Президент тағайындайды. Төменгі палата (Мәжіліс) 67 
депутаттан тұрады. 1999 жылы Жаңа парламенттік сайлау болды. Парламент мүшелерінің бір 
бөлігі партиялық тізім бойынша сайланды.
Конституцияда Президенттікке және Парламент депутаттарына үміткерлер үшін жас шегі 
және сол лауазымда болу мерзімінің шегі белгіленген. Қазакстан Республиқасының Президенті 
болып тумысынан Республиқа азаматы болып табылатын кырык жасқа толған мемлекеттік тілді 
еркін меңгерген әрі Қазакстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын Республиқа азаматы сайлана 
алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған Қазакстан Республиқасының азаматы сайлана 
алады. Сенат депутаты болып азаматтықта кем дегенде 5 жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғары 
білімі және кем дегенде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республиқада кем дегенде 3 жыл тұрақты 
тұратын азамат сайлана алады. Мәслихат депутаты болып Қазақстан Республиқасының 20-ға 
толған азаматы сайлана алады. Жалпы жаһан тарихында Шарль де Голль, Ли Куан Ю, Махатхир 
Мұхамед сынды ел басқарған Мемлекет қайраткерлерінің өз лауазымдарынан бас тартқаны бар. 
Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі саясаткер Черчилльдің айтқанын еске салады. Ол: 
«Билікті беру оны алғаннан әлдеқайда жағымды», – деген екен. Бірақ билікті табыстау жағымды 
ғана емес, жауапты да миссия. 2019 жылы 
19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан 
Назарбаев ресми БАҚ арқылы мәлімдеме жасап, биліктен кететінін жариялады. Қазақстанды 30 
жыл басқарған 78 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесінде "Мемлекетіміздің аса 
маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға 
үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан 
Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл
оңай шешім емес деді. Назарбаев 2020 жылы өтуі тиіс сайлауға дейін уақытша президент 
қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Назарбаев "сайлау кезінде 
сенген, дауыс берген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және 
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін мәлімдеді. Қазақстанда бүкілхалықтық 
президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Оның үшеуі 
(1999, 2011 және 2015 жылдары) белгіленген мерзімінен бұрын өткен. Қазақстанды отыз жылға 
жуық уақыт басқарған Н. Назарбаев осы сайлаулардың барлығында "басым дауыспен" жеңіске 
жетіп отырған. Қазақстанда президент сайлауы 2020 жылы өтуі тиіс еді. Қазақстан президенті 
бес жылға сайланды.
2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде 
ант қабылдады. 
2019 ж. 9 маусым күні өткен Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында
Қ.К. Тоқаев жеңіске жетті. 
Ақырғы мәліметтерге сәйкес, «Нұр Отан» партиясының кандидаты 
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 539 715 сайлаушы дауыс берген. Ол 70,96% дауыс жинады. ҚКХП 
атынан сайлауға түскен Жамбыл Ахметбеков 1,82% дауыс жинады. Оған 167 649 адам дауыс 
берді. «Ақ жол» партиясынан қатысып, жалғыз әйел кандидат болған Дания Еспаева - 5,05% 


дауысқа ие болды. Оны 465 714 адам қолдаған. 
Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 20 
қарашасында өткен кезектен тыс президент сайлауында 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. 
Абден Қарақат Жақсылыққызы – 2,60%; Әуесбаев Нұрлан – 2,22%; Дайрабаев Жигули –3,42%; 
Қажыкен Мейрам –2,53%; Тұрсынбекова Салтанат -2,12% жинаған болатын. 
2022 жылы 26 
қарашада Қазақстан Республикасы Президентін салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.
1. Сайлау жүйесі деп нені айтады? 
2. Сайлау жүйесінің қандай түрлерін білесіз, олар немен ерекшеленеді? 
3. 
Еркін және демократиялық сайлаулардың маңызды қағидаттары неде?
4. Қазақстанда президенттік сайлауға қанша жастан түсе алады? 
5. ҚР азаматтары жеке тұлға ретінде сайлауға қатысуға құқылы? 
Әдебиеттер: 
1. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007. 
2. Жамбылов Д. Саясаттану.- Алматы., 2009. 
3. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006. 
4. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000. 
5. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет