Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет42/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Мүліктік ценз. XX ғасырға дейін сайлаулар өткізген елдердің барлығында белгілі бір 
көлемдегі мүлікке ие (көбінесе жылжымайтын мүліктің болуы талап етілетін) немесе. бекітілген 
сомадан төмен емес салықтарды төлеген, адамдар ғана сайлаушы бола алатын. Бұл жеке меншігі 
бар адамдар ғана мемлекет істеріне мүдделілік білдіреді деген оймен түсіндірілді, яғни, меншік 
иелену адамды жауапты етеді және қазынаға салықты көп төлеген адам соған сәйкес саяси 
өмірге де белсенді түрде ықпал етуі керек деп саналды. Салықтарды төлеу толықканды азамат 
мәртебесін алудағы белгілі бір түрдегі төлем көзі болды. АҚШ-тың 1787 жылғы 
конституциясына сәйкес, 3 миллионға жуық ел тұрғындарының ішінен тек 120 мың адам ғана 
дауыс беру құқығына не бояды. Мүліктік ценз тек сайлауға ғана емес, сонымен қатар сайлану 
құқығына да таралады. Мәселен, Қазақстанда Президент немесе мәжіліс денутаттығына 
кандидат болған азамат алдын ала белгіленген, сайлау жарнасын төлеуге тиіс. 
Жас мөлшері цензі. Қазіргі күнде көптеген елдерде сайлау құқығын 18 немесе 21 жасқа 
толған азаматтар алады. Кейбір елдерде азаматтың жасына қойылатын талап бұдан да төмен. 
Мәселен, Иранда бұл керсеткіш 15 жас болса, Куба мен Никараиуада - 16 жасты құрайды. 
Сайлана алу құқығына қойылатын жас мөлшері цензі сайлау құқығы цензімен сәйкее келуі де 
мүмкін. Мәселен осындай ереже Швейцария, Ұлыбритания, Ирландия, Дания және басқа 
елдерде әрекет етеді. Көптеген елдерде депутат немесе тіпті президент болып сайлану үшін 
біршама өмірлік тәжірибенің болуы талап етіледі. Сондықтан белсенсіз сайлау құқығы жоғары 
жастағы шеңберден көрініс табады. Әдетте, Парламенттің төменгі Палатасының депутаты 21-
25 жастағы, жоғарғы палата депутаты - 35-40 жастағы, ал мемлекет басшысы 35-40 жастағы 
адам бола алады. Сонымен қатар, кандидаттардың жасына қойылатын жоғарғы шек те болады. 
1998 жылға дейін Қазақстан Конституциясында 65 жастан асқан адамның ел Президенті бола 
алмайтыны туралы талап болатын. Алайда бұл талап кейінірек өзгертілді. Қазіргі күнде біздің 


елімізде ел Президентінің төменгі шегі - 40 жас көрсетілген. Парламент депутаттары бұл 
мәселеге қатысты өз шешімдерін елді айтарлықтай үлкен тәжірибесі бар, азаматтардың бірнеше 
ұрпақтарының өмірімен таныс адам ғана мемлекеттің ең жоғарғы лауазымында отыруға лайық 
деген пікірмен дәйектеді. Тұрғылықты жері бойынша ценз мұнда кандидаттан елде немесе оның 
нақты бір өңірінде белгілі бір уақыт өмір сүруі талап етіледі. Бұл ереже елдегі немесе сол 
өңірдегі ахуалды жақсы білетін және маңызды міндеттерді іске асыруға дайын кандидаттардың 
сайлауларға қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл қатардағы ең жоғары талап мемлекет басшысы 
лауазымына қойылады. Мәселен, біздің елімізде Қазақстанда туылған және республика 
аумағында 15- жылдан аз емес уақыт өмір сүріп отырған азамат қана мемлекет басшысы бола 
алады. Осындай норма Құрама Штаттарда да әрекет етеді. Енді осы мәселе бойынша орын алған 
қызъіқты жағдай туралы айта кетелік. Альберто Фухимори көп жылдар бойы Перу президенті 
болды. Ол 2000 жылы өз отаны Жапонияға жасаған сапары кезінде аяқ астынан өзінің 
отставкаға кететіндігін жариялады. Халық ызасынан қашуға ұқсайтын «өз еркі» бойынша 
мемлекет басшысы лауазымынан кеткеннен кейін ғана оның тіпті Перу азаматы болмағаны 
анықталды. Жапонияның тумасы ретінде Фухимори сайлау алдында құжаттарын жасанды 
түрде өзгерткені белгілі болды. Демократиялық мемлекеттерде өзге сайланбалы лауазымдар 
үшін кандидаттарға түрғылықты жері бойынша қойылатын ценз аса көп емес. Ол әдетте 
бірнеше айдан бастап 5-6 жылға дейінгі уақытты қамтиды.
Білім (сауаттылық) цензі. Бұл ценз сайлауларға сауатсыз немесе білімі жоқ адамдардың 
қатысуына тоқауыл қоюды көздейді. Бірқатар елдерде бұл норманың болуы білімі жоқ 
адамдардың дербес таңдау жасай алмайтындығымен түсіндіріледі. Осы уақытқа дейін, білім 
цензі Латын Америкасының жекелеген елдерінде сақталып отырған болса, көптеген елдерде 
мұндай шеттетуге заңмен тыйым салынады. Мәселен, тұрғындарының айтарлықтай бөлігінің 
сауаты жоқ Үндістан мен Пөкістанда көптеген адамдар сайлаулар кезінде өздері дауыс беріп 
отырған партия рәміздерінің қасына жай белгі қоюмен шектеледі. Адам мұндай жағдайда әріп 
танымаса да, өз сеніміне жақын және өздерінің мүдделерін абыроймен білдіре алады деген 
партияның немесе кандидаттың пайдасына саналы таңдау жасай алуы мүмкін. Осы ретте 
әйелдердің сайлау құқықтарын қорғау ерекше рөл аткарады. 1789 жылғы француз революциясы 
кезінде Адам және азамат құқығы декларациясы қабылданғаннан кейін де әйелдер сайлау 
учаскелеріне бару мүмкіндігін алмаған еді. Көптеген шығыс елдерінде (негізінен ислам 
қоғамдары) қазіргі күннің өзінде әйелдер азаматтық құқықтары мен бостандықтарынан 
айырылған күйде қалып отыр. Дегенмен, қазіргі әлемнің заманауи даму жағдайы бірқатар 
елдердің қоғамдық және саяси еміріндегі әйелдердің рөлін көтеруге мүмкіндік беріп отыр. 
Қазіргі күндегі мемлекеттерде әйелдер орын алмайтын парламент жоқ десе де болады, тіпті 
оларға елдер мен үкіметтерді басқаруға да сенім білдіріледі. Мәселен, Исландия, Ирландия, 
Ұлыбритания, Үндістан, Пәкістан, Никарагуа, Филиппин, Жаңа Зеландия елдерінде президент 
және премьер-министр лауазымдарын әйелдер иеленді: Жалпы, сайлауларға қатысу 
демократияның қол жеткізген маңызды жеңісі екені сөзсіз. Жалпыға ортақ және тең сайлау 
құқығын қамтамасыз ету жолында көптеген көрнекті тұлғалар, саяси партиялар мен 
қозғалыстар ұзақ уақыттар бойы күрес жүргізді. Тек біздің күнімізде ғана сайлау құқығы 
адамзаттың басым бөлігінің игілігіне айнала алды. Дегенмен, әлі де болса көптеген 
мемлекеттерде адамдардың саяси құқықтары жоқ, мүндай еддерде дауыс беру көп жағдайда 
демократиялық емес жүйені жасыратын бетперде түріндегі бос ресмилікке айналады.
Сондықтан, еліміздің әрбір азаматы қоғамның маңызды мәселелері бойынша өз пікірін 
білдіре алу мүмкіндігін бағалап, оны белсенді түрде пайдалануы керек. Сайлауларды өткізу 
(Сайлауларды ұйымдастыру мен өткізу ұзақ уақытты қажет ететін үдеріс болып табылады.
Жалпы сайлау компаниясын келесідей кезеңдерге бөлуге болады:
1) кандидаттарды ұсыну; 2) сайлау алды үгіт жүргізу; 3) дауыс беру. Сайлаулар туралы 
заңдар сайлау алды күресінің әрбір кезеңіндегі сайлауйшылар мен үміткерлердің әрекет ету 
тәртібін бекітеді. Сайлаулардың әділ түрде өтуі осы тәртіптерді сақтауға тікелей тәуелділікте 
көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет