Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет50/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
президент
болып 
1789 жылы
Джордж Уошингтон тағайындалды).
Қоғам мүшелері, әртүрлі әлеуметтік топтар саяси билікке өздерінің уәкілдерін сайлауға 
мүмкіншілік ала бастады. Мемлекеттік билікке араласушы үміткерлерді бұқараның қолдауы, 
сүйемелдеуі қажет болды. Осындай азаматтарды дайындау үшін, оларды саяси билікке өткізу 
үшін саяси партиялар құрыла бастады. Сонымен қатар, сайлау органдары мен сайлау жүйелері 
қалыптасты. Яғни, саяси партиялардың пайда болуы - демократияның дамуымен байланысты. 
XVIII ғасырға дейін билік сайланбайтын патша, король, шах, хандардың қолдарында тұрған 
кезде саяси партияларды ұйымдастыруға ешбір мүмкіндік болған жоқ, себебі оны құруға билік 
рұқсат берген жоқ. Саяси партиялардың ұйымдастырылуы XVIII ғасырдан басталып, XIX 
ғасырда дүние жүзінде көптеген ірі, беделді партиялар өмір сүре бастады. Мысалы, 1828 жылы 
АҚШ-та демократиялық партия өмірге келсе, 1867 жылы Англияда Консервативтік партия, ал 
1869 жылы Германияда социалдемократиялық жұмысшылар партиясы пайда болды. Сол жылы 
Францияда Республикалық радикалдар партиясы дүниеге келді. XIX ғасырдың 80-шы жылдары 
дүние жүзінің 100-дей елдерінде 500-ден астам саяси партиялар қалыптасты. Қазіргі кезеңде 
дүние жүзінде қанша саяси партия бар? Бұл сұраққа нақтылы жауап берудің өзі қиын. Мысалға, 
бір жағынан жаңа партиялар қалыптасып жатса, екінші жағынан кейбір партиялар ыдырап, 
қызметін тоқтатып жатады. Бірақ тарихи ұзақ уақыт, XIX ғасырда пайда болып, осы күнге дейін 
өзінің мүдделестеріне адал қызмет жасап, саяси мол тәжірибе жинап, халыққа дәстүрлі партия 
болып танылғандары да бар. Оларды атап өттетін болсақ: АҚШ-тың демократиялық партиясы 
(1828 ж. құрылған), Канаданың прогрессивтік-консервативтік партиясы (1854 ж. құрылған), 
АҚШ-тың республикалық партиясы (1854 ж. құрылған), Ұлыбританияның консервативтік 
партиясы (1867 ж. құрылған), Германияның социал-демократиялық партиясы (1869 ж. 
құрылған) және тағы да басқа партиялар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет