кандидаттардың өкілдері қатыса алады. Учаскеде, сонымен қатар шетелдік мемлекеттер мен
халықаралық ұйымдардың бақылаушылары да төбе көрсетуі мүмкін. Бұл өз кезегінде,
жұртшылықты сайлаулар барысында қандай да бір заң бұзушылықтардың
орын алмағанына
сендіруге мүмкіндік береді. Осы орайда, бірқатар елдердің (мәселен Мексика) сайтлауларда
шетелдік бақылаушылардың болуына жол бермейтіндігін де айта кету керек. Әрине, бұл өте
сирек кездесетін шетін жағдай екендігі анық, Демократиялық сайлаулардың тағы бір ерекшелігі
оныц баламалығына тұғырланады. Яғни, мұнда бір лауазым орны үшін болатын күреске
бірнеше кандидаттар қатысады. Олар әртүрлі адамдар болумен қатар, әртүрлі саяси күштердің
өкілдері болуы қажет. Демократиялық рлдерде сайлаулар шынайы бәсекелестік негізінде
өткізіледі. Қазіргі күнде Куба мен, Солтүстік Кореяда ғана сайлау бюллетендеріне бір фамилия
енгізіледі. Осы мәселенің екінші бір тұсы кейде сайланбалы орынға үміткерлердің, тым көп
болуы да едәуір қиыншылық туғызады. Яғни, жұртшылықтың ойлары мен мүдделерін
білдіруші рөліне бірнеше ондаған адам ұмтылатын жағдайлар орын алып отырады.
Мұндай
жағдайларда бюллетеньдер ұзақ тізімді құрайды. Әрине, егер сайлаушылар өздерінің барлық
немесе негізгі кандидаттарын жақсы білетін болса, мұнда ешқандай жамандық жоқ, Алайда,
қарапайым адамдар үшін фамилиялардың көптігі ешітеңе айтпайтын болса да;
көп жағдайда
басым дауысты даурықпа мәлімдеме жасайтын адамдар алып кететін жағдайлар кездесіп
отырады. Мұңдай жағдайда билікке шытырман оқиға іздеуші авантюристер мен біліксіз
адамдар қолжеткізуі мүмкін. Жалпы сайлаушылардын саяси мәдениетінің жоғары деңгейі мен
олардың өз таңдауларына қатысты жауатгкершілікті түсінулері сайлауларда лайықты
тұлғалардың жеңіске қол жеткізуін айқындайды.
Кез келген мемлекет үшін сайлаулар қоғамдық институттардың дамуы жолындағы маңызды
қадам екендігін білдіреді. Олардың нәтижелерінен саяси жүйедегі
өзгерістер ғана емес,
сонымен. қатар экономиканың, мәдениеттің, елдің халықаралық байланыстарының дамуы да
байланысты болады. Президентті немесе парламент депутаттарын сайлау белгілі бір ұстанымға
қатысты жасалатын қадам ғана емес, ол сонымен қатар әр адамның және түтас алғанда ел
болашағына жасалатын қадам болғандықтан бұл қадамның саналы және байсалды түрде
жасалуы аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: