Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды



Pdf көрінісі
бет48/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 
төрт түрге топтастырады: 
1. Авангардтық партия 2. Сайлаушылар партиясы 
3. Парламенттік партия 4. Қауымдстық партия 
Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары 
орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді 
қатысуын талап етеді. Мысалы, Индияның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП 
(совет одағы коммун партиясы). 
Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы 
науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.б. Оларда тұрақты мүшелік, 
идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы республикалық және 
демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат «Мен демократиялық 
партияның мүшесімін» демейді, «Мен демократтар үшін дауыс беремін» дейді. 
Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және 
парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді 
сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалиттерде (жергілікті өзін-
өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-министрдің кандидатурасы мен 
үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда
Ұлыбританияда, Францияда солай. 
Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына 
қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді 
талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға «Жасылдар» партиясы, балаларды, малдарды, 
хайуанаттарды қорғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады. 
Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге бөледі: 
1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар К.
Маркстің ілімін басшылыққа алады.
 Коммунистік Партия – әлемнің бірқатар елдерінде құрылған 
марксшіл саяси ұйымдардың ортақ атауы.
Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа 
партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауы керек. Мысалы, Қытай, 
Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партияның айтарлықтай салмағы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет