Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Дәріс 10. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар



Pdf көрінісі
бет46/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Дәріс 10. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар. 
1. Партия әлеуметтік - саяси институт ретінде.
2. Саяси партиялардың пайда болуының, қалыптасуының және эволюциясының алғы 
шарттары, жағдайлары.
3. Қазақстандағы көппартиялық: дүниеге келуі және даму ерекшеліктері 
4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың негізгі қызметтері, міндеттері. 
Дәрістің мақсаты: саяси партиялардың пайда болуының, қалыптасуының және 
эволюциясының алғы шарттары мен ортық белгілерін, маңызын түсіндіру. Дәрістің 
мазмұны: саяси партияларды құрудың құқықтық негіздері, қызметінің кепілдіктері, саяси 
партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастары 
қарастырылады.
1. 
Партия және партия жүйелері – қазіргі заманғы дамыған қоғамдардың кӛпшілігінің 
саяси жүйесінің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партия – адамзат ӛркениетінің 
негізгі жетістіктерінің бірі болып есептелетін институт. Кез келген қоғамның ӛмірінің негізгі 
жақтарының бірі – саясат. Партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге 
қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті 
одағы. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер 
қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатысады. Қазіргі демократиялық 
қоғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы 
байланысты баянды ету. Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, 
өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын 
күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты 
нығайтумен үнемі айналысады. Қазақстан мемлекеті партияның кең тараған түрі - 
көппартиялық бағытын ұстанады. Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес 
барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана 
отырып басқару түрін айтады. Қазіргі кезде мемлекетімізде бірнеше партиялар кең қанат 
жаюда. Олардың бағыттары әртүрлі болғанымен, мақсат- мүдделері жағынан бір - бірімен 
тығыз байланысты. 
Қазіргі кездегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғғ. 
Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғ. 
соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар 
әртүрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды. 


«Партия» ұғымы латын тілінен енген, «бөлім», «бөлемін» дегенді білдіреді. «Мен 
бүтіннің бөлшегімін», «мен осы топтың пікірін қолдаймын», «мен біреулермен пікірлеспін» 
деген түсініктер. Тұңғыш алғашқы партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған. Бірақ олардың 
мөлшері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған еді. Сондықтан мұндай шағын топтардың 
айтарлықтай мазмұны болмады. 
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола 
бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу 
мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын 
партиялар құра бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. 
Партия әлеуметтік қабаттар, кластар мен мемлекетке қатысты делдал ретінде болады (яғни 
партиялар әртүрлі қоғамдық баспалдақтардан өтеді, мысалы жабайы жануарларды қорғайтын 
қорғайтын қоғамнан өтіп, партия болуға ұмтылады), бірақ қызығушылықтар топтары мен 
қоғамдағы басқа да бірлестіктерден ерекшелігі, ол Р. Доуздың анықтамасы бойынша ең саяси 
болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік қабаттарының және белгілі бір кластардың 
қызығушылықтарын, қажеттіліктері мен мақсаттарын білдіреді, саяси билік механизмінің 
қызмет етуіне қатысады. Саяси партия - қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабаттар мен 
топтардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін білдіретін ұйымдасқан, ерікті жақтастарды 
білдіретін қоғамдық өмірдің институты, мемлекеттік билікті әр түрлі саяси әдістермен жаулап 
алуды мақсат тұтады.
Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында 
мынадай кезеңдерді көрсетті: 
а) аристократиялық үйірмелер (категориялар); б) саяси клубтар; в) бұқаралық партиялар.
Аристократиялық 
үйірмелер 
Саяси клубтар 
Бұқаралық (көпшілік) партиялар 
Жер иелерінің мақсатын 
құрайды. Жер иелерінің 
мақсатын яғни қорғаған 
болатын 
Буржуазияның мүддесін 
қорғайды. 
Көпшілікпен байланысты болып, 
барынша өз қатарына көбірек 
адамдарды тартады. 
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861ж. Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. 
Одан кейін Германияда 1863 ж. Жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. 
Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияың 
либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа 
партиялар әртүрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды. 
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен 
мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар 
өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі 
жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет