Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет5/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар. Саяси ілімдер тарихы адамзат өмірінде ерекше орын 
алатын қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Ғасырлар бойы жинақталған, зерттелген, 
қоғамның пайда болуы мен дамуы олардын саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар 


береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік 
үшін, қоғам, мемлекет үшін өте қажет. Б.з.дейінгі ежелгі египеттіктердің, қытайлықтардың, 
үнділердің, гректердің, римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта 
болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байланыстырылды. Кейін 
келе б.з.д VІІІ-VІ ғасырларда сол кездегі қауымда мемлекет, билік, құқыққа қатысты жаңа пікірлер 
пайда болды. Бұл негізінен Заратуштара, Конфуций, Мо Цзы, Будда ілімдерімен байланысты 
болды. 
Ежелгі Қытайдың ойшылы Конфуций – ерекше саяси этикалық білімнің негізін салушы болды. 
Ол б.з.д. 551-479 ж.ж. өмір сүрген. Оның ілімі бойынша аспан әлемі күштері бұйрығымен, 
өмірімен адамдардың қоғамдық қызметі, әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Конфуций ілімінің 
бір негізі «жэнь» адамгершілік, адамды сүю мағынасын білдіреді. Адамгершілік белгілері де аспан 
әлеміне бағынышты. Оның «Ли» концепциясы этикет, инабат деген ұғымға салды. Конфуций 
«Жэнь» адамгершіліктің мазмұны, ал «ли» оны жүзеге асырудың жолдары деп түсіндіреді. Оның 
басты саяси бағдарламасы - қоғам мүшелерінің әрқайсысының өз міндеттерін қатаң сақтауы еді. 
Ол мемлекетті басқарудың аристократиялық түрін жақтаған. Мемлекеттік билік халық сеніміне 
кіру қажет, онсыз билік өмір сүру қабілетінен айрылады. Мемлекеттік билеушілер халыққа 
адамгершілік жағынан үнемі үлгі болуы керек. Егер басшы жақсылыққа ұмтылса, онда халықта 
сондай ниетте болады. Конфуций саясаттың моральдық негіздерін заңдармен емес, дәстүрмен 
байланыстырады. Дәстүрдің сақталуы қоғамдағы қайшылықтардың алдын алады. Ол ел билеудегі 
зорлық, күш әдістеріне қарсы болды. Кейін Конфуций ілімін шәкірттері дамытты. 
Конфуций іліміне қарсы пікір айтқан ертедегі ойшыл Мо Цзы б.з.д 479-381 ж.ж. өмір сүрген. 
Халық мүддесін қорғаушы ол адамдардың өздерінің келісіп құратын мемлекетін жақтап, сол 
туралы көзқарасты ұсынды. Ол барлық адамдар туғаннан бастап тең және мемлекет басқару ісіне 
талантты, қабілетті адамдардың араласуына жол ашық болу керек деп есептеді. Оның ілімінің 
басты принципі – адамдардың бір-біріне деген сыйластығы, осындай қатынас арқылы қоғамдағы 
кез келген дау-жанжалды шешуге болады деу. Өкімет тек жазалау мен күштеу әдістерін ғана емес, 
адамдарға ықпал етудің басқа да адамгерішілік формаларын пайдалануды бірінші орынға қоюы 
керек. Ол қаналушы тапты езгіден құтқару үшін күресті. Ол халық пен мемлекет басшысының 
арасындағы өзара келісімнің болуын, басқарудағы ең басты принцип деп таныды. Оның 
көзқарастары сол кезде прогрессивті роль атқарды. 
Лоа-цзы (б.з.д 6-5 ғ,ғ.) Даосизмнің негізін салушы болды. Оның ілімінде еңбекшілердің мұң-
мұқтажы жан-жақты қарастырылды. Бұл ілім бойынша әлемдегі құбылыстардың барлығы 
қозғалыста болып, қайшылықтар арқылы шешіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет