Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Қайта өрлеу мен жаңа замандағы саяси ой-пікірлер



Pdf көрінісі
бет7/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Қайта өрлеу мен жаңа замандағы саяси ой-пікірлер. Қайта өрлеу батыс еуропалық 
ортағасырдағы тарихи және маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Оның негізгі мәні – 
үстемдік еткен, бірақ анархизмге бет бұрған феодалдық құрылыстан қол үзу. 
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда (1469-1527 жж.). өмір 
сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің 
бірінші он күндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы». Ол өз еңбектерінде патшаның 
табиғи-адами құмарлық қасиеттері арқылы бүкіл мемлекетке тән әлеуметтік-саяси іс-әрекеттерді 
анықтайды. Макиавелли көтерген өзекті мәселе – өкіметтің өз қол астындағы азаматтарын игере 
алу қабілетінің болуы. Ол мемлекеттің негізгі екі түрі монархия мен республиканы ажыратты. Ол 
саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған 
мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны 
қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында 
саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды. 
Қайта өрлеу дәуірінің гуманисі Томас Мор өзінің «Утопия» аралындағы мемлекеттің үлгілі 
құрылысы туралы ойларын өзек етті. Ол теңдіктің түсінігін кеңейтті, еңбекке баршаның қатысу 
мәселесін көтерді. 
Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, 
жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен 
қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен 
міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, 
саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, .Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо,
Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол 
феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Бұл 
дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679 жж.) еді. Оның 
ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті 
сақтау үшін пайда болды. 
Жаңа дәуірдің келесі ойшылы Джон Локк (1632-1701 жж.) монархияға қарсы шығып, меншікке 
негізделген қоғамдық келісімді жақтады. Мемлекеттің пайда болуында табиғи құқық ілімін 
қолданды. Конституциялық монархия идеясын негіздеді 
Француз ағартушысы Шарль Луи Монтескье (1689-1755 жж.) «Заң рухы» деген еңбегінде 
мемлекеттің даму заңдылықтарын, саяси билікті жүргізудің нысандарын айқындауға ықпал ететін 
факторларды қарастырды. Оның саяси ойлар тарихына қосқан үлесі-билікті бөлу теориясы болды. 
Француз ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) азаматтық тұжырымдама, халықтың 
егемендігі мәселелерін көтерді. Руссо ойынша, үкімет билігі халықтың декретімен және 
қаулысымен орнайды. Руссо толық билік мемлекеттің егемендігі халықтың қолына көшуін 
жақтайды. 
Қазіргі саяси ғылымда саясаттың табиғаттын түсіну өте күрделі ұғым болып отыр. Саясаттың 
қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуымен мәні жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар 
бар. Соның бірнеше бағыттарын көрсеткен жөн: 
- Теологиялық бағыт – мұнда саясаттың пайда болуы, құдайдың құдыретімен түсіндіріледі.
- Географиялық бағыт- Жан Боден, Ш. Монтескье: Саясат геогроафиялық себептерден пайда 
болды, бұл құбылыс қоршаған ортаның ерекшеліктеріне байланысты түсіндіріледі.
- Биологиялық бағыт - Н. Макиавелли, Т. Гоббс зерттеулері бойынша саясаттың көзі адамдардың 
биологиялық алғышарттарымен байланысты түсіндіруге бағыт береді. Бұл бағытты жақтаушылар 


саясатты ортақ игілік көпшіліктің мүддесі үшін жеке адамның өзімшілдік мінезін тізгіндеу 
мақсатында пайда болған дейді. 
- Психологиялық бағыт – адамның психологиялық қасиеттерінің саясат құбылысының 
түсініктеріне, сезімдеріне, данышпандығына байланысты дейді. 
- Конфликтік бағыт - Шмидтің пікірінше: саясаттың табиғаттың әртүрлі топтың мүдделеріндегі 
қайшылықтарға сілтеме жасап, тұтастығын сақтау үшін шиеленусуді реттеу керектігімен 
түсіндіреді. Саясаттың сонау ертеде пайда болғанынан бастап, қазіргі күнге дейін оның түсінігі 
жөнінде бірнеше көзқарастар мен аңықтамалар кездеседі. «Саясатпен айналыспасаң, саясат 
сенімен айналысады» деген өркениетті ерте дүниеден жеткен сөз бар. Расында, адам 
баласының қоғам мүшесі бола тұра саясаттан тыс қалуы мүмкін емес. Саясат ең ауыр, 
сонымен бірге, ең қадірлі де қасиетті және ең таза жұмыс. Сондықтан онымен айналысқан 
жандар жоғарғы мәдениетті меңгеруге тиіс.
Саясатта екі бағытты бөліп қарау керек. Бұл ретте Платонның «Диалог» деген еңбегінде 
саясатты екі тұрғыда қарастырылады: 
1) Саясат - билік, билікті жүргізу.
2) Саясат – жетекшілік, басшылық ұғымын түсіндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет