Бақылау сұрақтары:
1. Саяси партиялардың пайда болуы және дамуының себептері
2. Қоғамдның саяси жүйесіндегі саяси партиялардың мәні және ролі
3. Партияның негізгі қызметтері және жіктелуі
4. Партиялық жүйе туралы түсінік және типологиясы
5. Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйенің қалыптасуы
6. Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан айырмашылығы.
Әдебиеттер:
1. Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.
2. Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.
3. Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.
4. Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.
5. Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.
6. Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.
7. Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.
8. Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.
9. Радугин А.А. “Политология” М., 1998.
10. “Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.
11. Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.
12. Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.
13. Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.
Дәріс № 11 Саяси мәдениет пен мінез-құлық
Жоспар:
1. Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер (Парсонс Т., Истон Д., Алмонд Г.,
Верба С., Пай Л., Такер Р., Липсет С., Розенбаум В.)
2. Саяси мәдениеттің типологиясы.
3.Қазақстан Республикасында демократиялық саяси мәдениетті қалыптастырудың негізгі
шарттары.
4. Саяси әлеуметтену. Саяси мінез-құлық пен саяси қатысу
Саясатгану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі
саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси-санасымен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін,
саяси процестердің, даму жолын және бағытың түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет
адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат
кұбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді.
Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50 жылдарының екінші
жартысы - 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американың зерттеушілері
мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде
бірнеше жұмыстар бастырып шығарды. Олар кейін «саяси мәдениет» деген атпен кең тарап кетгі.
Платон, Аристотель, Н. Макиавелли, Ш. Монтескье, М. Вевер қоғамның әлеметтік саяси
құрылысы мен мәдени өзара байланысы жайлы көптеген еңбек пен қолжазбалар қалдарған. Бірақ
бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-пікір болмаған екен деген ой тумауы керек.
Себебі, антикалық ойшылдар, атап айтқанда, Платон («Мемлекет», «Зандар» деген еңбектерінде),
Аристотель («Саясат» деген еңбегінде), кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және
басқа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, әр
қилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп,
оған сан қилы жауап қайтаратыңдығын байқаған. Бұл неліктен, неге байланысты болатыңдығын
білгілері келген. Сол сұрақтарға жауап іздеген. Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның
негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі
саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы «саяси мәдениет» деген
ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің
ағартушысы, фәлсафашы Иоганн Гердерді (1744-1803) санайды. Сонымен, саяси мәдениет деп
белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси санамен іс-әрекеттердің ұқсастық
жиынтығын айтады. Ол саясат пен мәдениеттің ара-қатынасын зерттей келе саяси мәдениет
ұғымын алғаш қолданады. Алайда кең ғылыми қолданысқа саяси мәдениет ұғымы енбейді. Саяси
мәдениеттің табиғатын зерттеуғе қатысты тыңғылықты зерттеулер ХХ ғ. екінші жартысынан
бастап жарық көре бастады. Яғни батыс саясаттануында XXғ. 50 жылдарында кең қолданыла
басталды.
Мәселен Американдық саясаттанушы Вайнер «Еуропа елдерін басқару жүйесінде»
атты еңбегінде төрт мемлекетті басқару жүйесі мен саяси мәдениетіне салыстырмалы зерттеу
жасайды. Саяси мәдениет құбылысын жете зерттеген американдық ғалымдар Г. Алмонд, С. Верба,
Л. Пай, Розенбаум және ағылшындық Д. Каванах, Р. Роуз болды. Габриэль Алмонд пен Сидней
Верба «Саяси мәдениет пен саяси даму» атты еңбектерінде 13 мемлекеттің саяси мәдениеттерінің
ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу жасай отырып, анықтауға тырысқан. Олар саяси
мәдениетке мынадай анықтама береді: Әрбір саяси жүйе іс- әрекетке, саясатқа қатысты
бағдарлардың бірлігіне негізделеді. Яғни саяси мәдениетті іс-әрекетке байланысты анық немесе
жасырын бағдарлар құрайды.
Келесі американдық зерттеуші Розенбаум саяси мәдениетті былай анықтайды. Азаматтардың
күнделікті өмірінде жүріс -тұрыстарынан көрініс алатын ойлардың сезімдерінің концептуалдық
түсіндірмесі. Қазіргі уақытта саясаттану ғылымында Ресейлік зерттеуші Соловьевтің пікірінше
саяси мәдениетті түсіндіруде үш негізгі тәсіл қалыптасқан. ( Үш топқа бөліп көрсеткен)
1 топ
2 топ
3 топ
Рухани құбылыстардың
барлық жиынтығы
Адамның мінез құлқының типтік
үлгілерінің жиынтығы
Адамның
саяси
қызметінің стилі
Ғалымдардың бірінші тобы саяси мәдениетті саясаттың барлық субьективті мазмұнымен
байланыстырып, оның астында рухани құбылыстардың барлық жиынтығын білдіреді.
Ғалымдардың келесі тобы саяси мәдениетте нормативті талаптардың көрінуін немесе саясатта
адамның адамның мінез - құлқының типтік үлгілерінің жиынтығын көреді. Бұл жағдайда адамның
мінез -құлқы матрицасы ретінде көрінеді. Ол оны қоғамда ең көп тараған нормалар мен ой
ережелеріне бағыттайды. Осылайша оның іс әрекеттін билікпен өзара іс қимылын қалыптасқан
стандарт пен нысандарына тартатын сияқты. Ғалымдардың үшінші тобы саяси мәдениет тәсіл
ретінде түсінеді. Олардың ойынша саяси мәдениет – адамның саяси қызметінің стилі.
Кез келген қоғамды саяси жүйенің өмірге бейім болуымен сабақтастығының сақталуы үшін аса
маңызды. Себебі, саяси мәдениет нақтылы саяси жүйенің сипатын қазіргі саяси тәртіптің мәнін,
қоғамдық топтар ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге
мүмкіндік береді.
Саяси мәдениет адамдардың жүріс -тұрысы мен әртүрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі
және сыртқы саясатының құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді.
Г. Алмонд саяси жүйенi зерттей отырып, оны талдауды екi деңгейге бөлдi: 1)
институционалдық, институттарды, олардың қызметтерiн, мемлекеттiк саясат қалыптасуы
механизмi мен нормаларын сипаттаушы, және 2) бағдарлық, тұрғындардың саяси обьектiге
бағдарының ерекше формаларын бейнелеушi. Бұл бағдарлар өзiне танымдық, көңiл-күйлiк,
бағалау аспектiлерiн қамтиды. Бұл бағдарлардың жиынтығын Г. Алмонд айтуы бойынша саяси
мәдениет құбылысы сипаттайды.
Жаңа қоғамдық жүйеге өту қоғамның саяси мәдениетiнiң даму қарқынымен тiкелей байланысты.
Қазiргi саяси ғылымдар саласында саяси мәдениеттiң қырықтан астам анықтамасы бар.
Бұл осы түсiнiктiң өте күрделi екендiгiн көрсетедi. Ол анықтамалардың кемшiлiктерi де бар.
Олардың бiрiне анықтамаға тән емес мәселелер қосылған, мысалы, еңбектегi белсендiлiк. Кейбiр
анықтамаларда саяси мәдениет саясаттанудың басқа категорияларынан бөлек қаралады. Кейде
саяси мәдениеттi рухани мәдениеттiң бiр бөлiмi деп қарайды.
Поляк саясаттанушысы Ежи Йозеф Вятрдың айтуы бойынша саяси мәдениет - ол үкiмет пен
азаматтар арасына қатынасы бар нұсқаулардың, бағалаулардың, мiнез-құлықтардың жиынтығы.
Сондықтан саяси мәдениетке мыналар жатқызылады: а) саясат туралы түсiнiк, оған құштарлығы;
б) саяси оқиғаларды бағалай бiлу; в) саяси мақсаттың сезiмдiк жағы, мысалы, отанды сүю, оның
жауларына өшпендiлiк; г) бұл қоғамды мойындайтын саяси бағыттардың үлгiлерi. Ал, ғалым Е.С.
Шестопал саяси мәдениетке анықтама бере отырып, оны төрт топқа бөледi: 1) «Психологиялық»,
саяси мәдениет - саясат объектiсiне бағыт берушi жүйе; 2) «Жалпы көлемдiк» бойынша саяси
мәдениет - жеке адамның саяси мiнез-құлқының құрылымы; 3) «Объективтiк» анықтама бойынша
саяси мәдениет - жеке адамның тежеуiшi; 4) «Эвристикалық» бағыт саяси мәдениет сараптау
мақсатында қолданылады деп санады. С.А. Оболенский пікірі бойынша саяси мәдениет түсiнiгiне
үш негiзде анықтама берiлген. Оның ойынша 1) А.Г. Агаев, А.И. Арнольдов, Ф.М. Бурлацкий, А.А.
Галкин, С.К. Рябов бұл саяси категорияны саяси қызмет, құндылық, принцип және тарихи
тәжiрибе ретiнде сараптаған.
2) Ю.Ф. Ожигова, Ю.Т. Тихонов, Р.Г. Яновский адамның саяси дамуы мен белсендiлiгi және саяси
тәжiрибесiн қолдана бiлу деңгейi деп есептеген. 3) Мына ғалымдар Е.М. Бабасов, Г.О. Белов, М.Т.
Иовчук, Н.М. Кейзеров, Я.Н. Коган саяси мәдениет - адам күшiнiң формасы мен әдiстерi негiзiнде
түсiндiргiсi келген.
Ағылшын саясаттанушылары Р. Карр мен М. Бернштейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен
әлеуметтiк тәжiрибе, адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауы да кiредi дейдi. Олардың ойынша, саяси
мәдениетке әлеуметтiк топтардың саяси iс-әрекеттерiндегi тәсiлдердi, саяси нанымның табиғаты
және оның мүшелерiнiң қазыналары жатады.
Кеңес өкiметi кезiнде бұл пiкiрге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың
саяси iс-әрекеттерi саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына зерттеу керек деп есептедi. Бiрақ,
бұл көзқараспен келiсу қиын. Себебi, бiрiншiден, саяси мәдениеттен саяси iс-әрекет пайда болады.
Екiншiден, егер адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауын саяси мәдениеттен бөлiп алсақ, оның iс-
әрекеттiк жағы ескерiлмей қалады. Ал, қандай мәдениет болмасын ол сананың элементтерiмен
бiрге нақтылы iс-әрекеттiң бiрлiгiн бiлдiредi. Сондықтан бiз саяси мәдениетке саяси санамен қатар
iс-әрекеттер де кiредi деп есептеймiз.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси
сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады. Саяси мәдениеттi әртүрлi бағыттарда
қарастырылған:
1. Г. Алмонд, С. Верба, Б. Дивайн, Б. Краснов – саяси құндылықтық бағдар негiзiнде қарастыра
отырып, оны рухани құбылыстар жиынтығы дейдi;
2. С . Вайт нормалық талаптардың пайда болуын саяси мәдениет деп түсiндiредi;
3. Л. Диттмер саяси мәдениет саяси рәмiздер жиынтығы деп есептейдi;
4. Дж. Плейно саяси мәдениеттi iс-әрекет, мiнез-құлық үлгiлерiнiң жиынтығы ретiнде қарастырады;
5. У. Розенбаум саяси мәдениет саяси қызмет тәсiлi дейдi;
6. Барлығынан гөрi саяси мәдениетке дәлме-дәл анықтама берген Роберт Такер «саяси мәдениет -
қоғамдағы күнделiктi өмiр салты, өзiне ойлау тәсiлдерiн, сенiмдi және iс-әрекет үлгiлерiн
қамтушы». Мұнда индивид санасы мен iс-әрекетi және әртүрлi қауымдастық топтар мен ұлттар да
қамтылады.
«Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық мәдениет» ұғымдарынан
айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы рухани мәдениеттің даму деңгейі ең алдымен білімнің
жетілуімен байланысты. Рухани мәдениет, әрине, халықтың, ұлттың тарихы, дәстүрлері, әдет-
ғұрыптарымен тікелей байланысты және соларға негізделеді.
Ұлттық мәдениет - саяси проблемалардың немесе саясаттың әсерінсіз қалыптасатын тарихи
процесс саласы.
Ал саяси мәдениетті қалыптастырушы – қоғамдағы саяси процестер. Әрбір мемлекеттегі саяси
мәдениеттің қалыптасуы немесе өзгеруі саяси режиммен (саяси тәртіппен) байланысты. Қоғамда
саяси режим өзгерген жағдайда, саяси мәдениет те сол режимге бейімделіп, қайта қалыптаса
бастайды. Мысалы, Қазақстан өзінің тарихында әр түрлі саяси режимдерді -хандық, патшалық,
тоталитарлық режимдерді басынан өткерді. Қазіргі кезеңде демократиялық режим орнықтыру
жолында. Осы саяси режимдердің ауысуы қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің негіздерін
өзгерте алған жоқ, капитализм және социализм жағдайында да рухани мәдениет өзіне тән
құндылықтарын сақтап қала береді.
Әрбір елдегі саяси мәдениетті дамытудың негізгі мақсаты – азаматтарды мемлекеттік саясатты,
қоғамдағы ұстаным етілген саяси идеологияны, мемлекет құрылымын, оны іске асыру тәсілдерін
танып білуге мемлекеттік және қоғамдық істерде өз отанының мүддесі үшін қызмет етуге
бағыттау. Қоғам мүшелерін мемлекеттік саясатқа бағыттау саясаттануда әлеуметтендіру
(социализация) деп аталады. Саяси әлеуметтендіру қоғамдағы ұрпақтардың дамуына сәйкес
бастапқы және соңғы болып екі кезеңге бөлінеді. Бастапқы кезең отбасы мен бастауыш сынып
балаларын қамтиды. Соңғы кезеңнің қатарына мемлекет, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат
құралдары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, мемлекет жатады.
Саяси әлеуметтендірудің алғашқы кезеңі отбасындағы жас балалардың саяси мәдениетінің
қалыптасуы - ата-анасының саясатқа деген көзқарастарынан басталады. Билік саласындағы белгілі
тұлғалардың, теледидардан күнде көретін саясаткерлер немесе көшеде кездесетін полиция
қызметкерінің бейнелері арқылы да баланың бойында саясатқа байланысты алғашқы сезім
қалыптасады.Ал діни дәстүрдегі Иран, Пәкістан, Ирак және Ауғанстан мемлекеттерінде саясатпен
алғашқы таныстық дін қызметкерлері арқылы қалыптасуы мүмкін. Бұрынғы Кеңес Одағында
мемлекеттік идеология тарапынан балаларға арнайы саяси тәрбие беру үшін “Октябршылдар”,
“Пионер” атты балалар ұйымдары қызмет етті. Бұл ұйымдар осы режимнің саяси мәдениетінің
қалыптасуының бастапқы сатысы болатын.
Саяси мәдениет қалыптасуының соңғы кезеңіне жататын негізгі ұйым–мемлекет. Мемлекет бұл
қызметті заң арқылы атқарады. Елдің барлық азаматтарына ортақ заңдар арқылы саяси
мәдениеттің негізгі белгісін, саяси менталитет (адамдардың бірін-бірі түсінушілігін)
қалыптастырады.
Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстауда кiредi. Ол субъектiнiң саяси құбылыстарға қатынасын
бiлдiредi. Ол саяси бiлiмiн көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу
немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрiнiс табуы мүмкiн.
Саяси мәдениетте әдет-ғұрып, жүрiс-тұрыстың да орны зор. Мысалы, екi жапондық кездессе бiр-
бiрiне иiлiп сәлем бередi. Сонда ол елдiң ғұрпын бiлетiн адам қайсысының қызмет бабында төмен
тұрғанын бiрден байқайды. Себебi ол төменiрек иiледi. Саяси мәдениеттiң ерекше белгiсiне саяси
рәмiздер жатады. Әр халық өздерiнiң ғасырлар бойғы дәстүрлерiне сай ұлттық-мемлекеттiк
рәмiздерiн жасайды. Оған ең алдымен Ту, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгiлерi және т.б. енедi.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенiң және оның институттарының қызмет етуi кiредi. Ол
мемлекеттiң, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әртүрлi денгейде
қабылданған саяси шешiмдердiң, саяси-әлеуметтiк шиеленiстердi ұғыну және зерттеудiң
мәдениеттiлiгiн қамтиды.
Мемлекеттік рәміздер (символдар) қабылданды. Қазақстанның басты рәмізі – Республика болып
танылады. Бұл мемлекет басқару түрі ретіндегі демократиялық құндылық. Мемлекет басқа да
рәміздерін – Туын, Елтаңбасын, Әнұранын бекітіп, азаматтарының өзін-өзі ұстау үлгілерін
қалыптастырады. Саяси мәдениет негіздерінің бірі ретінде патриоттық тәрбие беру мәселесі
маңызды орын алады.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенiң және оның институттарының қызмет етуi кiредi. Ол
мемлекеттiң, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әртүрлi денгейде
қабылданған саяси шешiмдердiң, саяси-әлеуметтiк шиеленiстердi ұғыну және зерттеудiң
мәдениеттiлiгiн қамтиды.
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар:
1. Тәрбиелік қызметі: саяси білімі жоғары тұлға дамуына, қалыптасуына, олардың саяси ой-
санасын кеңейтіп, саяси ынтасын жоғарылатуға бағытталған қоғамдық-саяси мақсаттардағы іс-
қимылына игі әсер етеді, азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттырады.
2. Біріктірушілік қызметі: саяси мәдениет қалыптасатын жүйенің тірегі ретінде қызмет етеді, билік
жүйесінің әлеуметтік негізін қалайды.
3. Танымдық қызметі: азаматтарды қоғамдық тәртіпке, мемлекеттің ішкі және халықаралық
саясатын ұғынуына, бұрынғы және қазіргі саяси жүйені, саяси қайраткерлер мен басқа да
лауазымды адамдарды бағалай білуге үйретеді.
4. Қорғау қызметі: мемлекеттілікке бастаушы, саяси құрылымның қорғаушысы, қоғамның жедел
дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, игіліктерді сақтау қызметтерін атқарады.
5. Сабақтастық қызметі: жаңа ұрпаққа қоғамдық сана мен тәжірибеде танылған қоғамдық тәртіп
үлгілерін жеткізу.
Саясаттанушылар қоғамның саяси мәдениетiн үш негiзгi бөлiкке бөледi. Бұл бөлiктер
адамдардың үш түрлi саяси бағдарларымен байланысты: 1) билiк құрылымына байланысты; 2)
қоғамның басқа мүшелерiне қатынасына қарай; 3) өзiнiң саяси белсендiлiгiне
қатынасына қарай.
1. Билiк құрылымына қатынас өзiне екi түрдi: саяси тәртiпке қатынасты және билiктiк шығыс пен
кiрiске қатынасты қамтиды. Тәртiптiк бағдар индивидтiң билiк құрылымының қызметiн
бағалауын, қабылдаған шешiмдерге /шығысқа/ олардың қатынасын бiлдiредi.
2. Индивидтiң басқаларға қатынасын жағынан саяси жүйеге бағдары үш түрдi қамтиды: саяси
етенелесу, саяси сенiм, «ойын ережесi». Саяси етенелесу -индивидтiң саяси жүйенi мойындауы,
оған деген жауапкершiлiгi мен мiндеткерлiгi. Саяси сенiм - индивидтiң басқалармен азаматтық
өмiрде ашық, бiрге, төзiмдi өзара қатынасын бiлдiредi. «Ойын ережесі» - индивидтiң түсiнiп
азаматтық өмiрде бағынуы тиiс ережелерiн қамтиды.
3. Саяси белсендiлiк өзiне екi түрдi қамтиды: саяси кәсiбилiк және саяси мәндiлiк. Саяси кәсiбилiк
индивидтiң қоғамның саяси өмiрiне жиi араласуын, саяси ресурстарды пайдалану мүмкiндiгiн
бiлдiредi. Ал, саяси мәндiлiк – индивидтiң өзiнiң саяси процеске ықпал ету мүмкiндiгiн сезiну.
Әр елдегi саяси мәдениет туралы бiлу үшiн мiндеттi түрде оның құрылымын ажыратып алуымыз
керек.
а) Саяси сана саласында саяси мәдениет мыналарды қамтиды: · субъектiнiң саяси өмiрге
қызығушылық денгейi (қызығушылық жоғары, орта, төмен болуы); · субъектiнiң саяси санасының
даму денгейi; · жалпы саяси жүйеге, оның жекелеген институттарына, олардың рәмiздерiне
қатынас; · саяси процестiң басқа қатысушыларына қатынас (қолдау немесе қарсылық); · саяси
акцияларға қатысуға даяр болу денгейi; · «саяси ойын ережесiн» бiлу денгейi (мүмкiн және мүмкiн
емес жағдайлар); · саяси және саяси-идеологиялық өзiн-өзi етенелестiру сипаты; · саяси тiлі;
б) lс-әрекет саласында саяси мәдениеттi мыналар қамтиды: · қоғамның саяси өмiрiне қатысу
формасы мен денгейi (митинг, шеру, саяси көтерiлiс, партиялық қызмет); · мемлекеттiк
институттармен өзара әрекет формалары мен денгейi (конфронтация, әрiптестiк, әрiптестiк емес);
· азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет формалары мен денгейi (саяси партия,
қозғалыстар); · саяси процесс субъектiлерiмен өзара әрекет формалары мен денгейi; · электоралды
мiнез-құлық түрлерi;
в) институттық денгейдегi саяси мәдениет сипаты мыналарды қамтиды: · саяси жүйенi басқару
әдiстерi (демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық); · саяси шешiмдi қабылдау және жүзеге
асыру әдiстерi; · әлеуметтiк-саяси жанжалдарды реттеу әдiстерi; · электоралдық процестер түрлерi
(сайлау ұйымдастыру формалары мен әдiстерi); · ұлттық мүдделердi қорғау тәсiлдерi (күштеу
және мәжбүр ету, мәмiлеге келу).
Саяси сананың iшiнде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмiрiнiң әртүрлi жақтарын
бейнелейтiн әдеттегi қалыптасқан түсiнiктерiжатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары,
саяси тәртiп, билiк тетiктерi мен басқару, шешiмдердi қабылдау мен iске асыру, билiк өкiлеттiгiнiң
иелерi, саяси өмiрдегi өз орны, саяси қызметке қатысудың қүдiреттiлiгi мен тиiмдiлiгi жөнiндегi
және тағы сол сияқты түсiнiктердi қамтиды.
Саяси мәдениеттiң келесi құрамдас бөлiгiне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол
еркiндiк, теңдiк, әдiлдiк, әлеуметтiк қорғанушылық, автономия, төзiмдiлiк және т.б. сияқты
байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруiнен байқалады.
Саяси мәдениеттiң тағы бiр ерекшелiгi - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен
ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды,
ал немiстер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет бiлдiредi. Немесе партияға деген көзқарасты
алайық. Францияда бiрпартиялықты шеттен шыққан жөнсiздiк деп санайды. Сондықтан онда
бiрпартиялық жүйе орнауы мүмкiн емес. Ал, кейбiр елдерде оған үйренiп кеткен, оның ешқандай
сөкеттiгi жоқ сияқты. Демек, әрбiр елдiң, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.
Жалпы саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты ықпал етуi мүмкiн:
1. Саяси мәдениет ықпалымен саяси өмiрдiң дәстүрлi формалары өндiрiлуi мүмкiн;
2. Саяси мәдениет әлеуметтiк және саяси өмiрдiң қоғам үшiн жаңа, дәстүрлi емес формаларын
өндiруi мүмкiн;
3. Саяси құрылыстың өткендегi және жаңа элементтерiн бiрiктiруi мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |