Саяси партиялардың ортақ белгілері: 1. Әлеуметтік бірлестік. Қоғамдағы әртүрлі
әлеуметтік топтарға басшылық жасап, олардың саяси-әлеуметтік мүдделерін шешу үшін бірігіп
іс-қимылдар жасауға басшы болу. 2. Азаматтардың саяси санасын жоғарылату. 3. Саяси билікке
келу үшін күрес жүргізу. 4. Саяси мамандар, саясатшылар дайындау мәселесін шешу. 5. Қоғам
дамуына бағытталған саяси бағдарламалар дайындап оны іске асыру.
Қандай да саяси тәртіпті қолдануына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі. Демократиялық партиялар басқа партияларға
төзімдіклікпен, түсіністікпен қарайды, пікір алалығын жақтайды. Идеологиялық факторға онша
мән бермейді. Тоталитарлық партиялар, керісінше саяси жүйенің басқа элементтерін өзіне
бағындыруға тырысады. Идеологияланған, қатаң тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе
құруға тырысады. Авторитарлық партиялар әдетте дамып келе жатқан елдерде пайда болады
және отаршылдыққа қарсы бағытталады. Олардың көбі ең алдымен елдерінің саяси және
экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін күреседі. Өз әрекеттерінде көбінесе күшке
сүйенеді.
Партиялардың құрылуы, өмір сүруі партиялық жүйемен тығыз байланысты. Бұл жүйе елдегі
саяси күштердің орналасуы мен өзара қатынастарына сәйкес келеді. Партиялық жүйе
партияның мемлекетпен қарым – қатынасын, елдегі саяси тәртіптің мәнін анықтайды. Демек,
партиялық жүйе шамасы келгенше мемлекеттік істерге, елдегі басқарушы орындарды құруға,
саяси бағыт-бағдар белгілеуге белсене қатысатын саяси күштер тобы. М. Доверженің айтуынша
Партиялық жүйелер партияның санына қарай бір партиялық, екі партиялық және көп
партиялық болып бөлінеді. Яғни Партиялық жүйенің үш түрі болады. Бірпартиялық жүйе бұрынғы барлық социалистік елдерде болды.
Бірпартиялық жүйе (монопартизм) өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды
болдырмайды. Бірпартиялық жүйе белгілі бір саяси жүйеге ғана тән, олар социалистік,
фашистік және дамушы елдер. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай
тәртіпке басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын
пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады.
Ондай партия бұрын КСРО-да болды, қазіргі кезде бір партиялық жүйе саяси қызмет ететін
елдер – Солтүстік Корея, Қытай, Куба, Ливия, Алжир, Заир, Египет және т.б.