байланысты ұлт және жер мәселелерін шешуде ешбір қызмет жасамады. Осының бәрі Ә.
Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. «Алаш» 1917
жылы 21-25 шілдеде (3-8 тамыз) Орынборда болған бүкіл қазақтық съезде дербес саяси партия
ретінде қалыптасты. Кейін, 1918 жылдан бастап Қазақстанда бір ғана саяси партия -
коммунистік партия болды. Сондай-ақ, Қазақстанда 1917 жылдың күзінде "Алаш" партиясына
қарсы солшыл революциялық-демократиялық ағымның бір бөлігі "Үш жүз" атты Қырғыз
социалистік партиясын құрады. Ол 1918 жылы қаңтарда Кеңес өкіметін таныды. Оның төрағасы
Айтпенов Мұқан, орынбасары Тоғысов Күлбай, хатшысы Қабеков Ысқақ болды. Кейінірек
оның басшылығы Тоғысовтың қолына көшеді. Партия 1917 жылы желтоқсанда Петропавлда
"Үш жүз" атты газет шығарады.
1990 жылы КСРО-ның "Қоғамдық бірлестіктер туралы" заңы қабылданды. Міне, осы
кезден бастап Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар, саяси ұйымдар заман сахнасына шықты.
Қазақстанның Халық конгресі партиясы (ҚХКП) 1991 жылдың қазан айының 5-де
дүниеге келді. Оның құрылтайшылары - Семей-Невада, Арал-Азия-Қазақстан, Әйелдер Одағы,
Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы мен Республика Жас құрылысшылары
ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды. Тең төрағалары болып Олжас
Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов сайланды (бүгінде екеуінің де елшілік қызметте болуларына
байланысты партияның төралығы қызметін В. Рогалев атқаруда).
1991 жылы «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Осыған
сүйеніп парламенттік тұрғыдағы Қазақстанның Республикалық партиясы (ҚРП) – «Азат»
құрылды. 1992 жылғы маусым айында «Азат» және ұлттық-демократиялық «Желтоқсан»
партиясы бірігіп, бір партия құру туралы шешім қабылдады (Ұлттық-демократиялық
«Желтоқсан» партиясы 1990 жылы «Әділет», «Ақиқат», «Азамат» т.б. ұйымдардың негізінде
құрылған болатын). 1992 жылдың 26 желтоқсанында осы біріккен «Азат» партиясы ресми түрде
тіркеуден өтті. Еліміздегі жасампаз күтердің бағытын бір арнаға тоғыстыру мақсатымен 1993
жылы «Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды. Оның жетекшісі (лидері) болып
Президент Н.Ә. Назарбаев сайланды. Алғашқы төрағасы Серік Әбдірахманов, ал сол жылдың
аяғында болған съезде төрағалыққа Премьер – Министрдің орынбасары Қуаныш Сұлтанов
сайланды. Бұл одақ елдегі саяси ағымдарды тұрақтандыру, бір арнаға түсіру жолында үлкен
жұмыстар жасады. Осы жылдары Қазақстанның Аграрлық партиясы, «Ақ жол» демократиялық
партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы, Республикалық «Асар» партиясы»,
Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Қазақстанның Азаматтық партиясы»,
«Қазақстанның Коммунистік партиясы», «Қазақстанның патриоттары партиясы», «Руханият»
партиясы ресми түрде тіркеуден өтті. 2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен
тыс съезінде Қазақстан қоғамындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен «Асар»,
Азаматтық және Аграрлық партиялар «Отан» партиясымен қосылып, біртұтас саяси партияға
айналды. Съездегі осы партиялардың 346 делегаты партияның «Нұр Отан» деген жаңа атын
мақұлдап бекітті (
1 наурыз 1999 жыл Отан,
2006 ж. Нұр Отан
)
. Қазақстан Конституциясына
2007 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгертулер бойынша, Мәжіліске 98 депутат партиялық тізім
негізінде сайланатын болды. 2007 жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан»
жетекші саяси партия болып қалыптасты. Ол қазақстандықтардың басым көпшілігінің сеніміне
кіріп, үлкен беделге ие болды. Қазақстанның саяси өміріндегі көппартиялықтың дамуы –
қоғамды демократияландыру үрдістерінің құрамдас бөлігі. Қазіргі заң талабы бойынша
Қазақстанда партия жасақтау үшін оның 10 адамнан тұратын бастамашыл тобы және
Республика бойынша 50 мыңнан кем болмайтын жалпы мүшелері болуы керек. Сонымен қатар
елдің әр аймақтарында филиалдар ашылып, әрбірінің құрамында кемі 800-1000 адамнан болуы
қажет. Қазіргі күнде
Достарыңызбен бөлісу: