атқарушы өкімет органдары мен олар қабылдаған шешімдердің легитимдігін пайдалануы үшін
“оппозициялық құрылым” жүйесін қалыптастырады. Ықпалы күшті оппозицияның болмауы және
өкіметтің төмен легитимдігі саяси жүйенің әлсіреуіне әкеліп соғады. Осы жағдайда азаматтардың
саяси белсенділігі жоғарылап, шыдамсыз іс-әрекеттер көбейеді, бұны лаңкестік және экстремистік
топтар өздерінше пайдаланып саяси процестерді шиеленістіруге ұмтылады. Ал
конструктивтік
оппозиция басқарушы партияларға тиімді, қажетті стратегиялық және тактикалық баламалар
ұсынады. Сондықтан қазіргі демократиялық саяси жүйе шеңберінде олардың бәсекелестігі
қоғамдағы және парламенттегі күштердің қауіпті шиеленісін болдырмайды.
Бұған
қарсыластардың мүдделерін білдіретін және мүмкін болатын саяси шегіністер мен осы саяси
ұтылыстар үшін өзара есе қайтару сипатын білдіретін позицияларды талдау ықпал етеді. Бұл
міндеттерді жүзеге асыруда саяси күштердің өзара қатынасының өркениетті сипатын қамтамасыз
ететін саяси мәдениет, саяси процестердің тұрақтылығы мен өзгерістерінің органикалық
тұтастығы; қоғам мен мемлекет, әлеуметтік жіктер мен топтар, халықтар мен ұлттар, азаматтар
мен мемлекет арасындағы келісілген өзара қатынас маңызды роль атқарады.
Қорыта келгенде, саяси шиеленістер – адамзат қоғамында заңды, міндетті түрде орын алатын
саяси құбылыс, әлеуметтік өзара әрекет үлгісі
ретінде сипатталады, сондықтан шиеленістер
кездейсоқ оқиға болып саналмайды. Саяси шиеленістер - әлеуметтендіру жолдарының бірі,
қоғамның бақылауындағы болуы қажет саяси құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: