Фолаттық коферменттер
Фолий қышқылының ( Вс витамин туындысы. Фолий қышқылының өзінің коферменттік активтігі жоқ, оның тетрагидро түрі –тетрагидрофилий қышқылы кофермент болып саналады.
А коферменті –ацетильдеу коферменті
Бұл кофермент сірке қышқылының және басқа да қышқылдардың қалдықтарын ауыстырып жеткізеді, сондықтан ол ацитильдеу коферменті деп аталады.
А коферменттің құрылысы күрделі. Аденозиндифосфат оның құрылымының негізі, ол пантотен қышқылының (В3 витамин) қалдығымен байланысқан. Пантотен қышқылына меркаптоэтиламин қалдығы қосылысқан.в-меркаптоэтиламидтегі сульфгидрильдік топ (-SН) реакцияласуға қабілетті болады, күрделі эфир түрінде кофермент ауыстырып алмастыратын ацил қалдықтары ол топпн байланысады.
Липой қышқылы ферменті
Құрамында дисульфидтік топ бар тотығып екі сульфгидрильдік топ (-SН) құрайдыда, дигидролипой қышқылына айналады. Осының нәтижесінде липой қышқылы оңай тотығыды,тотықсызданады.
Q коферменті –убихинон
Q коферментінің атауы quinone –деген сөздің бірінші әрібінен шыққан. Убихинон деген сөз барлық жерде (уби-барлық жерде) деген мағына береді. Ол барлық клеткадан табылған.
Ферменттің активті ( катализдік) орталығы. Классификациясы.
Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп атайды. Ферменттің активті орталығы субстратпен байланысуға және ыдыратып өзгертуге міндетті. Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа амин қышқылдарынан басқа металл иондары мен коферменттер кіреді. Олар катализ кезінде маңызды қызмет атқарады.
Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға мынадай амин қышқылдыары кіреді:
1. Цистеин оның құрамында сульфгидрильдік топ –SН бар;
2. Серин, оның құрамында гидроксиль топ- ОН бар;
3. Гистидин, оның құрамында имидазол сақинасы бар;
4. Аспарагин қышқылы мен глутамин қышқылы,ол екеуінің құрамында екінші корбоксильдік топ –СООН бар;
5. Триптофан, құрамында индол сақинасы бар;
6. Гидрофобты амин қышқылдары, құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын гидрофобты бүйір топтар болады.
Активті орталық фермент молекуласының бетіндегі шағын ғана бөлік. Ферменттегі амин қышқылдары қалдықтарының үлкен бөлігі орталық активтілігіне әсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |