Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


Ферменттер атаулары және классификациясы



бет27/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Байланысты:
Дәріс БИОХИМИЯ

Ферменттер атаулары және классификациясы

Фермент атаулары екі түрлі: жүйелік атау және тривиалдық атау.


Ферменттердің жүйелік атаулары күрделі,ол реакцияға кірісетін субстрвт жөнінде, фермент катализдейтін химиялық реакция жөнінде толық мәлімет береді. Жүйелік атау бойынша әр ферменттің номері болады, олтөрт саннан тұрады,сандардың арасы нүктемен бөлінген. Бірінші сан ферменттің класын білдіреді, екінші сан клас тармағын, үшінші сан-клас тармағы бөлігін, төртінші сан өз қатарындағы номерін көрсетеді.
Ферменттердің тривиалдық атаулары қысқа да қолдануға ыңғайлы. Мысалы, 2.7.1.2. АТФ: глюкоза-6-фосфотрансфераза. Ал осы ферменттің тривиалдық атауы глюказина. Тривиалдық атаулар негізі екі жолмен пайда болады: 1. фермент әсер ететін субстрат атауына –аза жұрнағын. Мысалы, мальтозаны ыдыратып, глюкозаның екі молекуласына айналдыратын фермент мальтаза деп аталады.2) фермент катализдейтін реакция атауына –аза жұрнағы қосылады.
Катализдейтін реакциялар түріне қарай 6 класқа бөлінеді:
1. Оксидоредуктазалар
2. Трансферазалар
3. Гидролазалар
4. Лиазалар
5. Изомерезалар
6. Лигазалар

Оксидоредуктазалар

Тотықтырушы-тотықсыздандырушы ферменттер, бұлар сутегі атомдарын немесе бөліп шығару арқылы субстраттың тотығу және тотықсыздану процестерін катализдейді.


Оксидоредуктазалар құрамында кофакторлар бар, оларға көбінесе мыналар жатады: НАД+,НАДФ+,ФАД,ФМН және металл иондары. Оған 200 шамасында ферменттер жатады. Мысалға малатдегидрогеназаның алма қышқылын тотықтыру реакциясын қарастырайық:

-ООС-СНОН-СН2-СОО- — -ООС-СО-СН2-СОО-+2Н++2е.



Трансферазалар

Биохимиялық реакцияларда атомдар тобын және молекула қалдықтарын алмастырып ауыстыратын ферменттер. Олар мынандай топтарды бір субстраттан екінші субстратқа ауыстырып жеткізеді: метил,карбоксил,амино, сульфо, формил(С1), фосфат және басқалар.Трансферазалар өздері тасымалдайтын топтарға байланысты метилтрансфераза,ацилтрансфераза, фосфотрансфераза деп аталады.


Фосфотрансфераза ферменттері ішінде киназа деп аталатын ферменттің ерекше маңызы зор. Киназа фосфат топтарын тасымалдап, АТФ-тан басқа субстратқа, углеводтарға, белоктарға т.с.с апарады.

Гидролазалар

Бұл ферменттер химиялық байланыстарды үзеді де, суды қосады. Мынандай топтарға бөлінеді:


А) Эстеразалар күрделі эфир байланыстарын гидролиздейді де ,қышқыл және спирт түзеді:
СН3СОО –СН2 –СН3+Н2О –СН3 -СООН +СН3СН2ОН

Б) Липазалар триглицеридтерді ыдыратып, глицерин және май қышқылдарын түзеді;


В) Гликозидалар углеродтағы гликозидтік байланыстарды гидролиздейді. Оларға амитлаза, лактаза, мальтаза, целлобилаза жатады.
Г) Протеиназалар белоктардағы, полипептидтердегі пептидтік байланыстарды гидролиздейді.
Лиазалар

Бұл ферменттер субстратты гидролиздік емес жолмен ыдырауын катализдейді және бұл кезде субстрат молекуласында қос байланыс түзіледі. Мұндай катализ кезінде СО2 , Н2О,NН3 сияқты заттар бөлініп шығады және байланыстар С –С , С-N,С –S бойынша үзіледі. Субстрат молекуласындағы қос байланыс бойынша химиялық топтардың қосылуын да катализдей алады.



Изомеразалар

Бұл ферменттер изомерлер түзілу арқылы заттардың молекула ішіндік өзгерістерін катализдейді. Олар сутегі атомдарының, фосфаттарының және ацитильдік топтардың молекула ішінде алмасуын катализдейді, цис-изомерация,транс-изомерация құбылыстарын тудырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет