Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия



бет28/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
Лигазалар (синтетазалар)

Бұл ферменттер С –С ,С –О , С-N, С-S байланыстар орнату арқылы түзілетін органикалық қосылыстар синтезін катализдейді. Мұндай байланыстар үшін АТФ және басқа да микроэнергия қосылыстардың (ГТФ, ЦТФ, УТФ, т.б) ыдырауынан шығатын энергия пайдаланылады.


Сірке қышқылы мен А коферментінен А ацетилкоферментінің түзілуін ацетилкоферментсинтетаза катализдейді:
О
||
СН3 –СООН +НS –КоА +АТФ –СН3 –С ~S –КоА +АМФ+пирофосфат
Ферметтердің практикалық маңызы

Организмде тіршілік процесінің бірқалыпты жүрісі ферменттер әсеріне байланысты. Ферменттік реакциялардағы қандай болмасын жайыз өзгеріс әртүрліпатологияға, дертт өзгеріске әкеліп соғады. Клеткалардағы немесе биологиялық сұйықтықтағы ( мысалы, қан плазмасындағы) белгілі бір ферменттің активтілігін анықтау арқылы әртүрлі мүшелерде жәнетканьдерде болып жатқан өзгеріс жөнінде тұжырым жасауға болады. Мұндай фермент активтілігіне қатысты зерттеулер адамның және жануарлардың ауруы жағдайын, оның диагностикасын бақылау үшін қажет. Жүрек ауруға шалдыққан кезде, әдетте, қан плазмасында креатинкинза, лактатдегидрогенза және аспартатаминотрансфереза сияқты ферменттердің активтілігі артады. Аминотрансферазалар (әсіресе аланиндік түрі ) бауырдың зақымдалуына ( мысалы, сары ауру кезінде) әсіресе сезімтал келеді. Қан құрамында ұйқы безі амизасының көбеюі ұйқы безінің ауруға ұшырағанын білдіреді. Панкреатиттің ауыр түрі басталғаннан кейін бірнеше сағат ішінде амилаза активтілігі қанда тез артады, ал бір тәуліктен кейін, қалыпты көрсеткішімен салыстырғанда, 5-10 есе арта түседі.


Сүйектің барлық ауруы кезінде қан сарысуында сілтілік фосфатазаның активтілігі артады. Емханаларда кейбір ауруларды емдеу үшін пепсин, трипсин,, химотрипсин, сияқты протеолиттік ферменттерді қолданады.
Қажет болғанда етті протеолиттік ферменттермен(папаинмен) өңдейді, оның нәтижесінде ет жұмсарады дәмді бола түседі. Былғары өндірісінде ферменттер шикізатты жұмсарту үшін қолданады. Химозин ірімшік өндіру үшін қолданылады.
Крахмалды гидролиздейтін амилаза ұннан жоғары сортты нан-тоқаш пісіру кезінде ашытуға қолданады. Зең ферменттер көмегімен мұнайдан жануарларға арналған белок алады
Кейбір ферменттер активтілігі деңгейін анықтаудың жануарлар мен өсімдіктер селексиясына маңызы бар. Мысалы, етті-жүнді дегерес тұқымды малдың элита класына жататын салмағы үлкен және жүнді көп беретін еркек қойларда аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза сияқты ферменттердің активтілігі де басым екені анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет