Ақуыздардың құрамы, қасиеті, құрылысы Биохимия дегеніміз тірі организмдегі кездесетін заттардың химиялық құрамын, құрылысын, қасиеттерін, олардың өзара алмасуын және тірі организмдегі жүретін химиялық процесстерін зерттейтін ғылым. Осы құбылыстар мен тірі организмнің қоршаған ортамен энергия мен зат алмасуын метаболизм деп атайды.
Биохимия ғылымының зерттеулері адам өмірінде маңызы зор. Өйткені көптеген аурулар биологиялық заттардың зақымдалғанынан, мутацияға ұшырағаннан немесе ферменттік жүйелердің дұрыс істемеуімен байланысты (мысалы: генетикалық аурулар, диабет және т.б.). Биохимия арқылы алынған білім осы аурулардың негізін тауып, емдеуге көмектеседі. Сонымен қатар биохимия тамақ, арақ-шарап, сыра, сүт, консерві өнеркәсіптерінде, нан және кондитер өнімдерін пісіру, тері өңдеу, фармация, биотехнология мен ауыл шаруашылығында қолданылады.
Белоктар бүкіл тірі организмдер құрамына кіретін заттардың ішіндегі ең маңыздысы және олар клетка протоплазмасының негізгі бөлігі.
Белоктық заттар өсімдікте түзіледі. Ол үшін азот қосылыстары пайдаланылады. Ал бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауа құрамындағы азотты пайдаланып, белок түзе алады. Жануарлар дүниесі және адам белокты аминқышқылдарынанжәне басқа да азоты бар органикалық заттардан синтездейді. Олар ондай заттарды өсімдіктерден және басқа өздері қорек үшін пайдаланатын жануарлардан алады.
Белоктардың ең қарапайым құрамына мынадай элементтер кіреді. (%, есебімен): С 50-54; Оттегі 21,5-23,5; сутегі 6,5-7,3; азот 150-176; күкірт 0,3-2,5.
Белоктар құрамында темір, фосфор, цинк, кобальт, марганец, молибден, йод, мыс жәнет.б. элементтер шағын мөлшерде кездеседі.
Ақуыз молекуласының құрылысы Қазіргі кездегі түсінік бойынша белок дегеніміз – молекулалық массасы 5000 Д шамасынан көп, кеңістік құрылымы бар және организмде белгілі бір қызмет атқаратын полипептид.
Белок молекуласы бір, екі және көп (негізінен жұп сан болуы тиіс) полипептид тібегінен құралады. Белоктың полипептид тізбегінде ондаған, тіпті жүздеген амин қышқылдарының қалдығы болуы мүмкін. Ондай қалдықтар пептидтік байланыс – СО – NH – көмегімен бірімен – бірі өзара жалғасады. Кезектесіп отыратын көміртегі мен азот атомдары қаңқа болып қалыптасады да, ондай қаңқадан жан-жаққа амин қышқылдарының бүйірлік топтары (R) таралады.
Полипептидтің құрылым сызбанұсқасынан көрініп тұрғандай, оның тізбегі бос амин тобы бар (оны N-соңғы деп атайды) амин қышқылынан басталады да, бос карбоксил тобы бар амин қышқылымен аяқталады (С-соңғы амин қышқылы).
Белок молекуласының әрбір полпептид тізбегі клеткада организмнің генетикалық мәліметіне сәйкес және генетиканың заңы бойынша «бір генге – бір полипептид тізбегі» деген ереже бойынша синтезделеді.
Белок молекуласының физикалық-химиялық қасиеттері және олардың биологиялық ерекшеліктері амин қышқылы қалдықтарындағы жан-жаққа тармақталған бүйірлік топтраына байлынысты болады.
Егер белок молекуласы бірнеше полипептидтік тізбектен құралған болса, олардың арасындағы байланыс түрлері мына төмендегідей болуы мүмкін.