4. Поилипептидтердегі (белоктардағы) С-соңғы амин қышқылды анықтау көпшілік карбоксипептидаза ферментініғң көмегімен жүргізіледі. Бұл фермент ұйқы безінде (қарын астындағы безі) түзіледі және ол полипептидтің бос карбоксил тобы бар соңынан бір-бірден амин қышқылдарын бөліп шығара алады. Бұл үшін полипептидке фермент қосып инкубациялайды, бөлініп шыққан С-соңғы амин қышқылын экстракциядан кейін хроматография әдісімен анықьтайды; стандарт амин қышқылдарымен салыстырылады.
Ақуыздар құрылысының деңгейлері Тірі организмдегі белок молекуласының әрқайсысының өзіне ғана тән белгілі бір кеңістіктік құрылымы болады. Ондай кеңістіктік құрылымды конформация деп атайды. Өзінің конформациясына сәйкес белоктар: глобулярлы белоктар және фибрилярлы белоктар болып екі топқа бөлінеді. Глобулярлы белоктардың құрылымы шағын ғана, олардың полипептидтік тізбектері сфера немесе эллипсоид сияқты тығыздала бүктелген болады. Белок глобуласының бетіне негізінен амин қышқылдарының полярлы тобы және зарядталған атомдары жинақталады. Олар сумен әрекеттеседі. Мұндай белоктарға ферменттер, қанның, сүттің белоктары (альбуминдер, глобулиндер және басқалары) жатады.
Белок глобуласының ішкі бөлігі полярсыз ортаға жатады, ол гидрофобты және амин қышқылдарының полярсыз қалдықтарынан құралған. Гидрофобты ішкі ядроға су өтпейді, оның сумен байланысы жоқ.
Фибриллярлы белоктар тұрақты келеді. Суда және сұйық тұз ерітінділерінде ерімейді. Белоктағы полипептидтік тізбектер белдік ось бойында өзара параллель орналасады, сөйтіп ұзын талшықтар – фибрильдер түзіледі. Мұндай белоктардың молекуласы созылған жіп сияқты және одан көп полипептидтік тізбектер тұрады.
Тізбектері қатты немесе жылжымалы жұмсақ келеді және тірі организмде құрылымдық қызмет атқарады. Мұндай белоктарға коллаген – сіңір, сүйек және шеміршек сияқты тканьдердің негізі болып табылады. Шашта, жүнде қауырсында, тырнағқта кератин бар, ал оған жібек фибрионы, қан фибриногені және тағы сол сияқты белоктар да жатады.
Белок молекуласы құрылымын 4 деңгейге бөледі. Олар. 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші реттік құрылымдар.